Маманды?ым ма?танышым та?ырыбында презентация Адамны? адамшылды?ы жа?сы ?стаздан болады
«Менің мамандығым - мұғалім»Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев
Менің мамандығым мұғалімБала кезден мен армандаған мамандық-ұстаз болу еді. Ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық.Осы орайда менің мақсатым: тек білім мен білік қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр,ой-өрісін ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті де, дарынды балаларды тәрбиелеу.
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».
Мен өзім ауылдың қарапайым ұлымын. Оны бір жағы мақтаныш көрсем де, негізгі болмысым да осы. Бала кезден өзімді оқытқан ұстаздарыма қызыға қарап, «Мен де мұғалім болсам ғой...» деген асқақ арманым орындалып, қиындығы мен қызығы мол мамандық иесі болып жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз жолы-қиын жол. Тек сабырлықты қажет етеді.
Арманыма жетіп жай ғана мұғалім емес, ұйымдастырушы-мұғалім болдым.
Осы салада жүріп,
Жаңалықтарды жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына құятын ұстаз қауымының мәртебесі жоғары, мерейі үстем болғай.