Ашы? саба? Т?рт т?лікті? ке?есі


I. Психологиялық дайындық. Жарқын, жарқын үніміз,Болашақтың күніміз.Балалық шақ үйінің,Жайнап тұрған гүліміз. II.Үй тапсырмасы Сурет 1.Пірі - ..........2. ........ және ..... өркешті болады.3. ..... ретінде пайдаланады.4. ........ жылға дейін өмір сүреді.5. ....., ....., ...... пайдалы.6. ....... шыдамды, ....... күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.7. ......., ........ жүріске шыдамды. І топ – «Сиыр»ІІ топ – «Түйе»ІІІтоп – «Қой»ІҮтоп – «Жылқы» Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.Дамытушылығы: халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жарқын, жарқын үніміз,Болашақтың күніміз.Балалық шақ үйінің,Жайнап тұрған гүліміз. І топ – «Сиыр»ІІ топ – «Түйе»ІІІтоп – «Қой»ІҮтоп – «Жылқы» 1.Пірі - Ойсылқара.2.Қос өркешті және бір өркешті болады.3.Көлік ретінде пайдаланады.4.30-40 жылға дейін өмір сүреді.5.Еті,сүті,жүні пайдалы.6.Шөлге шыдамды, 10 күнге дейін су ішпей жүруге шыдамды.7.Ыстыққа, ұзақ жүріске шыдамды. «Түйе» Жаңа сабақ «Төрт түліктің кеңесі» Түйенің пірі-Ойсылқара Сиырдың пірі-Зеңгібаба,Жылқы атасы –Қамара ата Қой атасы- Шопан ата сөзжұмбақ Т А Й Т Ү Й Е Л А Қ І Р І М Ш І К К И І З
Оқулықпен жұмыс. Сиыр айтады екен Мен шөбі қалың жерге барсам, Тұрмысы нашар адамның қолында өмір сүрсем дейді. Яғни сүтімен асырайды. Бітем деген сөз қандай адамның қолында өмір сүруін айтады.Қой айтады. Жылы жерге, күн суықта ықтауға болатын тау - тасты жерге барсам, еңбекқор адамның қолына барсам дейді.Жылқы айтады. Шөбі шүйгін ен далаға барсам, аттың қадірін білетін ер азаматқа барсам дейді.Түйе айтады. Мен шөлді жерлерде де жүре аламын. Бұл жерде сор – деген шөл деген мағынаны білдіреді. Өздерің көрген шығарсыңдар, күзде, көктемде далада жаңбырдан кейін кепкен жер аппақ болып қалады. Сол жер сор деп аталады. Және ауқатты, бай адамға барсам дейді. Жұппен жұмысТоптың екі оқушысы бір - біріне мазмұнын айтып береді. Әр топтан бір оқушы шығып келесі топқа айтып береді. Сергіту сәті. Жануарлардың дыбысын салайық.Малдарды қалай шақырамыз?Әр топ айтады. Алдарына шар беріледі. Сол шарға 1 минутта өз жануарының суретін салады. Дәптермен жұмыс Сөздік жұмысБіту - қандай адамның қолына барғысы келетін айтады.Қоры үзілген қу - азығы таусылған кедей. Сен білесің бе? Қазақ халқында малды ұстап байлайтын жабдық атаулары бар.Түйеде – бұйдаЖылқыда - ноқтаСиырда - бас жіпӨгіз еркек малында - мұрындықҚой - ешкіде - көген Қазақта малды топтап жаятын болған. Түйенің тобын – келе Жылқының тобын - үйір Сиырдың тобын – табын Қой - ешкінің тобын – отар дейді. Шығармашылық жұмыс Әр топ өзінің тобын қорғау. Үй жануар туралы жаттаған өлең, тақпақ, жұмбақ ізденіс жұмыстарын айтып береді. Тыйым сөздер.1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.Иесі өкпелейді.4. Жас малдың тістерін санамайды.5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады. Қорытынды:Ой түйін. «Түліктің пайдасы қандай?»Түйе-байлық,Қой-мырзалық,Ешкі-жеңілдік,Жылқы-сәндік,Сиыр-ақтық.