?аза? тілі саба?ы «Компьютерді? пайдасы мен зияны»


Компьютердіңпайдасы мен зияны Видеокөрініске назар салайық! Тірек сөздермен жұмысБайланысуға болады-можно связатьсяМәліметтер алады-получают информацииТолықтырады-дополняютБолып саналады -считаетсяҚолдану-применятьНашарлайды-ухудшаетсяЗақымдайды-поражаетҚозғалыссыз-без движенииӘкеліп соқтырады,шалдығады-приводитҰйқысыздық-бессонницаАйырылады-теряютАғза-организмЖүйке -нерв Қазіргі таңда ғаламтор әлемдік байланыс құралына айналып отыр. Ғаламтор арқылы әр түрлі әлеуметтік желілерде отыруға болады. Дегенмен,осы ғаламторға қосылу үшін, әрине,бізге компьютер керек. Техниканың дамығаны соншалықты,ғаламтор арқылы басқа қалалармен,басқа елдермен де байланысуға болады. Екіншіден, ғаламтор арқылы көптеген керекті мәліметтер тауып, білімдерімізді толықтырып жатамыз.Үшіншіден,электрондық пошта - әлемдегі байланыс жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі болып саналады. Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылар көптеген қосымша мәліметтер алады. Компьютер алдында ұзақ отырғандықтан,ең алдымен,баланың көру қабілеті нашарлайды,баланың омыртқа сүйегі зақымдалады. Қозғалыссыз отыру,тек қолмен жұмыс істеу мойынға тұз жиналуына әкеліп соқтырады.Компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына шалдығады. Ойлау қабілеті,есте сақтау қабілеті нашарлайды. Бас ауруы мен ұйқысыздық жиі байқалады. Үнемі хат арқылы хабарласа бергендіктен-сөйлеу мәдениеті- нен айырылады. Клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер етеді.Нәтижесінде,компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына шалдығады екен. 1-тапсырма. а)Мәтіндегі абзацтарға ат қойә) Мәтінді мазмұндап көр. 2-тапсырма.Мәтінді түйінде,негізгі ойды анықта Компьютердің пайдасы неге қол жеткізеді? Компьютердің зияны неге әкеліп соқтырады? Мәтін бойынша сөйлемдерді салыстыр № Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс 1 Ғаламтор арқылы басқа қалаларменбайланысуға болмайды. 2 Электрондық пошта-байланыс жолдарының ең арзаны. 3 Баланың көру қабілеті төмендейді. 4 Компьютер алдында көп отыру-пайдалы. 5 Бас ауруы мен ұйқысыздық байқал-майды. 3-тапсырма.а)Мәтіндегі ойдың біріне байланысты мақал-мәтелді тауып,дәптеріңе жаз.ә) Ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.б) Синонимдік,антонимдік жұп құра.в) Омоним сөзді тап.А) Досыңа ауыр сөз айтпа.Ә) Денсаулық-зор байлық.Б) Адамға адам жат емес. 4-тапсырма. а) Мәтіндегі екі сөйлемге қаратпа сөзді қоса отырып,бір-бірімізге айтып көрейік. ә) Мәтіндегі қыстырма сөздердің астын сыз. Үлгідегідей жалғастырҮлгі:Бала (жіктік жалғау, 2 жақ)Бала+сың1.Компьютер (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі)2.пошта (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс)3.ел (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр)4.Ғаламтор (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі)5.Ағза (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік) Етістік түрлерін ажырат мысалдар дара күрделі болым-ды болым-сыз нашарлайды болмайды екен ала алмайды естіледі Үй тапсырмасы:1.Сөйлемдерді аудару.2.Соңғы сөйлемді сөз құрамына талда.