Презентация к уроку на тему Шер?ала


ШЕРҚАЛА ТАУЫАқтау қаласынан 170 шақырым жердеМаңғыстау өлкесінің шындығын білгісі келетіндер таңғажайып тау арналарын тамашалайды. Оларды табыстырушы Шерқала әсем тауы. Адамдар оның пішінін шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсайтындығын айтады. Ал басқалары тауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсастырады. Бұл бірбеткей тау мақтанышпен жазық дала арасында биіктен көрінеді. Оған шығу өте қиын, ал ішіне кіруге болмайды, себебі онда жергілікті тұрғындардың айтуынша, періштелер тұрады екен. Шерқала Маңғыстаудың киелі жерлерінің бірі болып саналады.