Электрлік машиналар ж?не трансформаторлар п?нінен презентация: Трансформаторлар
ТРАНСФОРМАТОР
Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан (ЕРО) тұрады.
Трансформатор — айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы. Үй жағдайында, трансформаторды пайдаланып, электр приборын кернеуі 127 В желілен кернеуі 220 В желіге және керісінше қосуға болады. Егер трансформатор жоғары кернеулі желіге ауыстырылып қосылса, онда оны кернеуі 220 В желіге қосуға болмайды. Өйткені одан алынатын жоғары кернеу (380 В-тан астам) транформаторлық және ол арқылы қосылған электр приборларының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Трансформатор таңдаған кезде оның қуаты электр приборларын бір мезгілде қоректендіруге арналған құрал-жабдықтардың жалпы қуатынан кем болмауын есте сақтаған жөн.
ТРАНСФОРМАТОРКҮШТІКБӨЛГІШӨЛШЕУБАЙЛАНЫСАВТРАНСФОРМАТОРИМПУЛЬСТІК
Оқшаулағыш және желдендіргіш ортасына байланысты трансформаторлар :1)майлы (ТМ) 2) құрғақ (ТС).
Майлы трансформаторМайлы трансформаторда оқшаулағыш және желдендіргіш ортасы ретінде трансформатор майы қолданылса, құрғақ трансформаторларда – ауа және қатты диэлектрик; арнайы жағдайларда жанбайтын сұйық – совтол қолданылады.
Құрғақ трансформаторҚұрғақ трансформатор-өздігінен суыттатын трансформатор. Жабық бөлмелерде тағайындалу үшін қолданылады.
Үш фазалы трансформаторҮш фазалы трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктері. Үш фазалы кернеуді (ЭҚК) трансформациялау үшін үшфазалы трансформатор қолданылады. Ең көп тарағандары өзекшелері бір жазықтықта орналасқан (1-сурет) үш фазалы үш өзекшелі трансформаторлар. Мұндай трансформаторлардың сипаттамалық ерекшелігі оның магнит жүйесінің симметриялы болмауы, ортадағы магнит өткізгіштің өзекшесі шеткілерінікінен қысқа. Бұл ең бастысы бос жүріс кезінде білінеді.
Өзекшелері бір жазықтықта орналасқан үшфазалы үшөзекшелі кернеу трансформаторы: 1 – магнитөткізгіш; 2 – төменгі кернеу орамасы; 3 – жоғарғы кернеу орамасы.
Тәуелсіз магнитті жүйелі трансформаторлар- топтамалы үшфазалы трансформатор, ол үш бір фазадан тұрады Мұндай трансформаторлар тоқ беретін үшфазалы желілерде, тарату жүйелерінде кеңінен қолданынылады.
Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі және жалғану топтары. Жоғары кернеудің фазалық орамаларының басы латынша бас әріппен А,В,С, ал аяғы жағынан,Y, X Z пен белгілейді. Төменгі кернеулі орамның қысқыштарын латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді; а,в,с-ораманың басы және x,y,z-ораманың аяғы (3-сурет). Қысқа болу үшін, фазалық орамаларды бастапқы әріптерімен белгілейді Фаза А(а), фаза В(в), фаза С(с), бір фазалық ораманың басы мен аяғы еркін етіп таңдайды. Онда ораманың қалған екі ораманың басы етіп қысқыштарды алады, содан шығып орамаға орау бірінші ораманың бағытымен жүргізіледі.
Трансформаторлардың белгіленуі Трансформатордың белгіленуінде әріптермен олардың конструкциялары және негізгі электрлік параметрлері көрсетіледі. Әріптер: біріншісі – фаза санын (О- бір фазалы, Т-үш фазалы), екіншісі немесе екеу - суыту тәсілін (М-майлы, С- құрғақ; Д-үрлемелі, Ц-циркуляциялық; ДЦ- циркуляциялы мәжбүрлеумен үрлемелі), үшіншісі – орама саны (Т-үш орамды). Трансформатордың әріптік белгіленулерінен кейін тұратын бірінші цифр номинал қуатты (кВА) көрсетсе, екінші цифр – ЖК орамасының номинал кернеуін (кВ); соңғы кездері трансформатордың берілген конструкциясының шыққан жылын білдіретін қосымша екі цифрды қойып жүр.