Презентация на тему: Материктер мен м?хиттарды? зерттелу кезе?дері


Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері Б і л і м д і л і г і:Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру. Д а м ы т у ш ы л ы ғ ы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту. Т ә р б и е л і л і г і:Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу. Т ү р і: Аралас Ә д і с і:Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру К ө р н е к і л і г і: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер № Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин) 1 Ұйымдастыру 1-2 2 Үй тапсырмасын сұрау 10-12 3 Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3 4 Жаңа сабақты түсіндіру 18-20 5 Жаңа сабақты бекіту 5-6 6 Үйге тапсырма беру 1-2 І. Ұ Й Ы М Д А С Т Ы Р У 4.Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата? 5.Дүние бөліктері дегеніміз не? 7.Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км2? 8.Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанша метр? 1.Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км2? 2.Жер шарында барлығы қанша материк бар жане оларды ата? 3.Әр материктердің аудандарын ата? Ой қозғау. Нені білеміз? 6.Дүние бөліктері қанша және оларды ата? ЖАУАПТАР 1. 510,2 млн км2 2. 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия,Антарктика. 3. Еуразия-54 млн км2 астам, Африка 30,3 млн км2 ,Солтүстік Америка 24,2 млн км2, Оңтүстік Америка 18,3 млн км2,Антарктика 14 млн км2, Аустралия жане Мұхит аралдары 3,0 млн км2–ге жуық. 4.Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы. 5.Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. 6. 6, Еуропа, Азия, Африка (“Ескі дүние”), Америка, Аустралия, Антарктика(“Жаңа дүние”). 7. 361 млн км2 8.Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері Ежелгі дәуірдегі географиялық деректер Орта ғасырлардағы географиялық ашылулар Ұлы географиялық ашылулар кезеңі 1-ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық “Тарих” атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. 2-ші,Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.Эратосфен ендікті,бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын “География” деп аталатын 17 кітап жазған. Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХV-XVIII ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуы мен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.1492 жылы Х.Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады. 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.Колумб ашқан жаңа жерлерге 1498-1503 жылдар аралығында Америго Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды “Жаңа дүние” деп атады.1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.XVII ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атымен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралымен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхитпен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді. ХVIII ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты. 1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық,Үнді,Атлант, мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті. ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі “ақ таңдақтарды” жоюмен, бұрын зерттелмеген жақа жерлерді ашумен байланысты болды.П.П.Семенов-Тянь-Шаньский мен Н.М.Пржевальский, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов, А.Гумбольт, Д.Девингстон, Р.Стендли,Н.Н.Миклухо-Маклай Орта Азияны,Тибетті,Жаңа Гвинеяны, Африканы, Тынық мұхит аралдарын зерттеді.ХХ ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар Антарктика материгінің табиғаты мен оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды.1957-1958 жылдар аралығында Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэрокескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. Кеңінен пайдаланылды. Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соқғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. Кеңінен пайдаланылады.Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде. 1. 1819-1821 Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды иұхиттан Тынық мұхитқа өтті; 2. 1803-1806 Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады; 3. 1519-1522 Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты; 4. 1499-1503 И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты; 5. 1648 Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты Ү.Жаңа сабақты бекіту Ой қорыту 1.Географиялық ғылымның дамуына қомақты үлес қосқан ғалымдар жайлы әңгімелеңдер.2.Географиялық зерттеулер қандай кезеңдерге бөлінді?3.Жаңа жерлер қандай мақсатпен ашылды және кімдер ашты?4.Қазіргі географиялық зерттеулердің бағыты қандай? Б А Ғ А Л А У VІ. Ү Й Г Е Т А П С Ы Р М А: Тақырыпты оқу.Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттелулерді түсіру.Саяхатшылар өмірінен реферат дайындау.