?аза?стан аума?ында?ы ке?естік “е?бекпен т?зеу” лагерьлері
Тоталитаризм көріністерінің түрі қандай?2. ХХғ. 30-жылдары тоталитарлық казармалық жүйені енгізген қайраткер кім?3. Қазақстанда, ең алдымен, жазаға ұшырағандар кімдер?4. 1937-38 жылдары репрессияға ұшырағандар кімдер?5. Сталиншілдіктің басты қылмысы қандай болды? І. Қызығушылықты ояту. “ГУЛАГ-тың ең қатыгез лагері – уран кен өндірісі” бейне баяны көрсетіледіБейне баян көрсетілімі бойынша оқушылар ой түйіндейді.Сабақтың тақырыбымен, мақсаты анықталады. 1. Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ) 2. АЛЖИР (Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері) 3. Степлаг (Жезқазған еңбекпен түзеу дала лагері) Сталиндік қуғын – сүргін кезеңдері: 1- кезең – 1929 -1933 жылдар2-кезең – 1937-1938 жылдар3-кезең – 1947-1953 жылдар Партия осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін, лагерьлер- дің бас басқармасы – ГУЛАГ-ты құрды.1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК-ның “Қазақ еңбекпен түзету лагерін ұйымдастыру туралы” қаулысы қабылданды.Ресми деректерге сүйенсек, одақ бойынша 1929-1954 жыл- дары КСРО-да барлығы 3 миллион 777 мың адам жазықсыз сотталып, 642 мыңы – атылған, ал Қазақстанда 1921-1954 жылдар аралығында 103 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам атылды. Мемлекеттік Біріккен Саяси Басқарма (ОГПУ) үштігі құрылды.1. Ф.И.Голощекин – БК (б) Қазақ өлкелік Комитетінің 1-ші хатшысы2. І.Құрамысов - Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы3. Г.Рошаль - БК (б) Қазақ өлкелік Комитетінің өкілі Үштіктің хаттамалары жабық мәжілістерде қаралып атуға, лагерьге қамау жөнінде қол қойып отырған. БОл туралы мен не білемін? БНені білгім келеді? ТКөбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын ЗНені зерделеу керек? ООдан әрі не істеу керек
ББТЗО кестесі БОл туралы мен не білемін? Қазақстан жеріндегі лагерьлер туралы үйге берілген шығармашылық тапсырмаларын слайд бойынша баяндайды. Спасск әскери тұтқындар лагері Құрылуы: КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары Чернышевтің 1941 жылғы 24 маусымдағы нұқауына сәйкес ұйымдастырылды. Лагерь екі блімшеге – Орталық және екінші Көкөзек бөлімшесіне бөлінді. Соңғысы негізгі лагерьден бөлініп шығарылған, соғыс тұтқындарынан мүлде ажыратылған адамдардан құралды. Бөлімшелер арасының қашықтығы - 500 метр болды. Екі лагерь бөлімшелерінің қалыпты және барынша сыйымдылығы келесідей болды: а) әскери тұтқындарға арналған орталық бөлімшенің қалыпты сыйымдылғы 5000 адам, барынша сыйымдылығы - 6000 адам; в) «Көкөзек» бөлімшесі қалыпты сыйымдылғы - 650 адам, барынша - 1100 адам. 1944 жылдың қаңтар айында - 2529 әскери тұтқын , қазан айында олардың 11583 әскери тұтқын1945 жылдың қазан-қараша айларында 11608 әскери тұтқын әкелінді. Қандай жұмыстарда пайдаланды: шахталарда, кірпіш зауыттарында, жөндеу-механика зауыттарында, құрылыс ұйымдарындағы жұмыс күші. «Қарағанды көмір», «Шахта құрылыс», «Тұрғынүй құрылыс», «Металлург құрылыс», «Теміржол құрылыс» тресттерінде және басқа ұйымдарда 1945 жылы 9537 адам 1946 жылы -18592 адам 1949 жылы - 15 мың адам жұмыс істеді Қарағанды көмір бассейнінде соғыс тұтқындарын шахта жұмысына даярлады. 1945 жылы 1162 адам курстық тәсілмен оқытылды, олардың ішінде: навалсоққыштар - 225 адам, тіреушілер - 452 адам, темір ұсталары-159 адам, қазба машинистері –85 адам, қазушылар - 11 адам және т.б. Бұдан басқа жеке-бригадалық тәсілмен 1753 адам оқытылды, оның ішінде: навалобойщиктер -800 адам, крепильщиктер - 200 адам, проходчиктер - 250 адам және т.б. күн сайынғы тапсырысты мүлтіксіз, артығымен орындау үшін лагерь басшылары мынандай нұсқау белгіледі: «егер әскери тұтқындар бригадасы 8 сағат ішінде тапсырманы орындамаған болса, онда олар қосымша үш сағат жұмыс істеуге тиіс». ІІ. Мағынаны тану:БНені білгім келеді?АЛЖИР, Карлаг, Степлаг лагерьлері қашан, қай жерде құрылды, онда кімдер отырды деген сұрақтарға слайд құру арқылы жауап береді АЛЖИР Қашан құрылды: Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.Кімдер отырды:Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. Сәкен Сейфулиннің, Бейімбет Майлиннің, Тұрар Рысқұловтың, Жұмат Шаниннің әйелдері бар еді. Кейін бұлардың қатарына Т. Жүргеновтың, С. Меңдешовтың, Ж. Тәтімовтың, Ж. Сәдуақасовтың, С. Есқараевтың, А. Аспандияровтың, Н.Нұрмақовтың, С. Сармолдаевтың әйелдері қосылды. Лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды. 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылды. КарлагҚарағанды еңбекпен түзеу лагері 1930 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. жылы аумағы бөлімше учаске 1931 53000 га 14 64 1941 1 780 650 га 22 159 1953 2 087 646 га 29 192 Лагерде 106 мал шаруашылығы фермасы,7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды. Ауыл шаруашылығының үлес салмағы-58,5 % , өнеркәсіп – 41,5,% болды. Ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы-51,8 % мал шаруашылығы- 48,2% Степлаг Құрылған уақыты : 1940 жылы. Орналасқан жері: Жезқазған қаласының Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнында. Тарихы: үлкен Жезқазғанның жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан нысандарының бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, «Жезқазған еңбекпен түзеу лагері және НКВД комбинаты» деп, ал Жезқазған қаласының құрылыс алаңы «НКВД-нің Кеңгір құрылыс ауданы» деп аталынды. Тұтқындар саны: 12 мыңнан астам. Рудниктерде - 3117, теміржол құрылысында - 2731, «Жезқазған» кенішінде - 2100, басқа да өнеркәсіп нысандарында - 1553, азаматтық құрылыста - 1901, Байқоңыр көмірін өндіруге - 30, ауыл шаруашылығы жұмыстарында - 338 Атқарған жұмыстары: «Кеңгір су қоймасы», жылу электор орталығын салды. 40 шақырымнан астам «Жарық» стансасынан Кеңгірге дейін темір жол тармағын тартты. ТКөбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын Қосымша материалдармен, интернет сайттарын жұмыстанып жаңа материалды жигсо әдісі арқылы игереді, 1)топтар өз топтарында оқып, талдайды2)келесі топпен араласып өз тапсырмаларын түсіндіреді3) бастапқы топтарына келеді ІІІ. Ой-толғаныс.ЗНені зерделеу керек? Пікірлерін ортаға салып, постер қорғайды, ой қорытады, зерделейдіІ топ – АЛЖИРІІ топ – КарлагІІІ топ - Степлаг Бекіту. Тарихи диктант1.Қазақстан жерінде ........., ............., ............... еңбекпен түзеу лагері болды.2. АЛЖИР - ........... ............ ............ Ақмоладағы лагері.3. АЛЖИР-де болған атақты адамдардың жарлары: Т.Рысқұловтың жары - ..........., С.Сейфуллиннің жары- ............, Б.Майлиннің жары-.............., Т.Жүргеновтың жары-................., Н.Нұрмақовтың жары-............ және т.б болды.4. 1940 жылы ……… өзенінің жағасында аса ірі ……… лагері құрылды. 5. Ұлы Отан соғысы жылдары Жезқазған КСРО-ның қорғаныс өнекәсібіне …….. жартысынан астамын және ……….. ….. пайызын берді. Жауабы:АЛЖИР, Карлаг, СтеплагОтанын сатқандардар әйелдерінің3. Әзиза, Гүлбахрам, Гүлжамал, Дәмеш, ЗупнунКеңгір, Степлаг (Жезқазған)5. мыстың, марганецтің 70 Ақылдың алты қалпағы: «Ақ телпек» -негізгі мәліметтер, фактіге сүйеніп әңгімелеңіз. Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері тақырыбына байланысты деректер келтіреді 2мин «Сары телпек» -жағымды жақтарын зерделейсіз. жазалау шаралары кезінде сәтті кезеңдерді баяндайды 3 мин «Қара телпек» -жағымсыз жақтары , неліктен дұрыс болмады? тақырып барысындағы сәтсіз кезеңдерді баяндайды 3 мин «Қызыл телпек» -сезімді, ішкі түйсікті білдіреді оқиғаны оқу барысында басынан кешірген сезімдерін тұжырымдайды (Хат жазу, эссе) 2мин «Жасыл телпек» жаңа идеяларға бағытталады. Жазалау шараларынан үзінді келтіреді 3 мин «Көк телпек» аналитикалық талдау жасайды. Халық жаулары кімдер? Не себепті оларға ондай жаза тағылды? Не себепті Қазақстан аумағын лагерьлер өлкесі деп атады? 2мин Қорытындылау - 1988 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-50 жылдары жазаға ұшыраған қазақтың даңқты ұлдарының есімі халқына қайтарылды. 1990 жылы 13 тамызда Кеңес Одағының Бас хатшысы М.С.Горбачев сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамды ақтау туралы жарлық берді. 31 мамыр – сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алу күні 13-15 ұпай – «5», 10-12 ұпай – «4», 4-9 ұпай – «3», 1-3 ұпай – «2» Бағалау р/с Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасыдұрыс жауап-1ұпай шығармашылықтапсырма постер қорғау бекіту Барлық ұпай слайд қорғау 3 ұпай материаләзірледі1ұпай қорғады2 ұпай үлесқосты1ұпай толық5 ұпай 1 2 3 4 5 ООдан әрі не істеу керек? .