Презентация к литературному вечеру М??а?али — м??гілік ??мыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр№ 20 орта мектеп Уаисова Бакыткуль Арыстановна
Мақсатыа) Білімділік: М. Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;ә) Тәрбиелік: Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;б) Дамытушылық: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту;Көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктері, нақыл сөздері
ЖоспарыКіріспе бөлімМ. Мұқағали – мәңгілік ғұмыр«Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлендерін мәнерлеп оқу)«Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)«Махаббат монологы» (Көрініс)«Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы)
Бүгін менің туған күнім.Ой, бәле-ай!Мына адамдар неге жатыр тойламай?!Банкет жасап берер едім өзім-ақ,Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.Мына дүние неге жатыр үндемей?!
«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе – күн қасымызда. Әне ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»Әбділда Тәжібаев
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген.
Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз... Құдыретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый – сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».Қ.Құрманғалиев
1954 – 1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор, 1962 – 1972 «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972 – 1973 жылы Қазақстан Жазушылар әдеби кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
Мұқағали Мақатаев бір топ жас ақын-жазушылармен бірге!
«Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын...»Лашын Әзімжанова
Мұқағали отбасымен бірге
Мұқағалидің тұңғыш өлені 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқанның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия суйер қауымның іздеп жүріп оқыйтын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100 - ден астам әндер жазылды.
Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында
Ұлы мен келіні
«Мұқағалидай ақыны болған халық – бақытты халық»Ф. Оңғарсынова
Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
«Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады»Рза Қуандықова
...Мұқағали Мақатаев поэзиясы кең тарағанына, ел махаббатына бөленгеніне қарамастын, сыры мен сипаты, қадірі мен қасиеті әлі ашылуын, танылуын күтіп жатқан тұңғиық қазына. Тұрсынжан Шапай
Ақын өзінің жұбайымен!
М – МұқағалидыңҰ – ұрпаққаҚ – қалдырғанА – аманатынҒ – ғасырларА – арнасынаЛ – лайық депИ – иіліп, бас иеміз
Алматыда ақынға арнап қойылған ескерткіш.
Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында