«Ядролы? жарылысты? за?ымдау ?рекеттеріні? сипаттамасы»


Тақырыбы: “Ядролық жарылыстың зақымдау әрекеттерінің сипаттамасы”Пәні: Алғашқы әскери дайындықПән мұғалімі: Тухлибаев ӘбдіхалықСыныбы: 11 Қызылорда облысы Шиелі ауданы №228 орта мектебі 2013-2014 оқу жылы “Ядролық жарылыстың зақымдау әрекеттерінің сипаттамасы” Мақсаты 1.Білімділік: Оқушыларды ядролық қаруды жойғыш факторлармен таныстыра отырып,оларды қорғануға үйрету 2. Дамытушылық: 3. Тәрбиелілік Оқушылардың жауапкершілік сезімін дамыту,әскери білім дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды тәртіптілік пен ұқыптылыққа баулу,өзін және өзгелерді қорғай білуге үйрету. Суреттер,слайдтар,интербелсенді тақта,таратпалар Көрнекіліктері: Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,ішінара іздендіру,көрнекілік, ой шақыру, баяндау, салыстыру, топтастыру. Физика,химия,тарих Пәнаралық байланыс: Өткізілетін орны: Уақыты: АӘД кабинеті 45 минут Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру бөліміІІ Үй тапсырмасын сұрауІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіруІV Тақырыпты бекітуV Сабақты қорытындылауVI БағалауVII Үйге тапсырма І Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды сапқа тұрғызу.Взвод командирінің рапортын қабылдау.Амандасу.Оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ІІ Үй тапсырмасын сұрау(Жеребе таратпалар бойынша сұрау) 1.Қандай мемлекеттерде жаппай жою қаруы бар?2.Қазақстанда жаппай жою қаруы қай облыста сынақтан өткен?3.Жаппай жою қаруының қандай түрлері бар? 1.Ядролық қарудың әлемдегі запастары 1947 1952 1957 1962 1967 1972 1977 1982 1987 1989 1992 2002 2009 АҚШ 32 1005 6444 26000 31255 27000 25000 23000 23500 22217 12000 10600 5113[ КСРО/Ресей 0 50 660 4000 8339 15000 25000 34000 38000 25000 8600 2800 Ұлыбритания 20 270 512 160 Франция 36 384 384 Қытай 25 400 Үндістан + Пәкістан 100 Израиль 200 Барлығы 32 1055 7124 30000 39563 40000 50000 57000 63484 40000 20450 Семей-Қазақстанның экологиялық апат аймағы 2. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 3. Ядролық қару Биологиялық қару Химиялық қару Химиялық қару Биологиялық қару Негізгі бөлім 1. Ядролық қару және оның сипаттамасы 2. Ядролық қарудың жойғыш факторлары3. Ядролық жарылыстың зақымдану әрекетінің сипаттамасы және одан қорғану Ядролық жарылыс Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттылығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки(9 тамыз) қаласына тасталып,үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонындабірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1986 жылы 26 апрельде Украинаның Чернобыль қаласында АЭС-те үлкен апат болды.КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен экологиялық апат әкелді.Сондықтан КСРО-ның ыдырауықарсаңында тәуелсіз  Қазақстан үшін ең басты мәселеел аумағындағы ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартты. Ядролық жарылыс тарихы Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі,салмағы 20т (1950 жылдар)Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның  алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген.  Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Ядрорлық қарудың жойғыш факторлары: Соққы толқын Өткір радиация Радиоактивтік зақымдау Жарықтық сәулелену Электромагниттік импульс Соққы толқын өз жолында кездескен барлық нысандарғаәсер етеді.Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағыкөп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады.Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады. Соққы толқын Өткір радиацияӨткір радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады. Электромагниттік импульсЭлектр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Жарылыс аймағында ЭМИ жылдам электрондар есебінен пайда болады.Жер үсті және төменгі әуе жарылыстарында ЭМИ жарылыс центрінен бірнеше шақырым қашықтықта байқалады.ЭМИ ядролық жарылыстың қуттылық , жарылыс түрі және координаталары сияқты параметрлерінің көрсеткіші ретінде қызмет ете алады.ЭМИ электрлі және магнитті өріс зақымдаушы фактор рөлінде өріс кернеулігімен ерекшеленеді. Жарық сәулесімен зақымдану дегеніміз ядролық қару жарылған кезде түзілетін сәулелік энергия ағыны.Ядролық жарылыс кезіндегі жарық аймақтың ауа температурасы жарық шығарудың бас кезіндегі млн . градусқа дейін жетіп,соңына таман бірнеше мың градус шамасында болады.Жарық сәуле лезде таралады да, қысқа мерзім ішінде әсер етеді.Сәуле шығарудың зақымдаушы әсері жарық импульсімен,яғни сәуле шығару кезіндегі сәулелердің бағытына перпендикуляр орналасқан 1 см кв. бетке келетін жарық энергиясының мөлшерімен сипатталады. Жарықтық сәулелену Желдің бағыты Ядролық қаруды сынаудың түрлері: Жер бетінде Ауада Жер астында Су астында Су бетінде Ядролық қаруды жасаудапайдаланылатын радиоактивті элементтер уран-235 уран-233 плутоний-239 Жер бетінде Су бетінде Ауада Жер астында Ядролық жарылыстың зардаптарыЯдролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді.Зақымдануды оның ауырлығына қарай түрге бөлеміз.Өлтіретін ,өте ауыр,орташа және жеңіл . Бірнеше зақымдаушы фактордың әсерінен болатын зардаптарды мынадай қатынаспен есептелінеді.Зақымданудың кординатты заңы ядролық оқ-дәрі жарылысы орталығымен (эпицентрінен) салыстырғандағы зақымдану мүмкіндігінің ауырлық дәрежесінің оның орнынан төмен емес жерімен байланыстылығын көрсетеді.Практикада нысананы зақымдау ықтималдылығын бір сатылы шеңбер заңдылығын қолдану ядролы соққыны дәл есептеуге S=ПR2 мүмкіндік береді. Ядролық жарылыстан қорғануЯдролық жарылыстан қорғану үшін арнайы орындар мен паналарды және жертөлелерді пайдаланамыз. Жаппай жою қаруынан халықты және шаруашылық объектілерін қорғау азаматтық қорғаныс бөлімдерінің басты міндеті.Қазіргі таңда бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдарына жүктелген. Зақымданудың түрлері ӨлтіретінАдам өміріне өте қауіпті.Эпицентр аймағындағы зақымдану Өте ауырАдам өміріне өте қауіпті.Объектілер түгелдей жарамсыз болып қалады.Оларды қайта орнына келтіру мүмкін болмай қалады. ЖеңілАдам өміріне өте қауіпті емес.Әскери жөндеу бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы мүмкін Орташа Адам өміріне өте қауіпті емесҰшақтар мен тік ұшақтар жеңіл бүлінуі ,ал қалған техникалар да орташа бүлінуі мүмкін. Б е к і т у 1) Снарядтық жарылыс пен ядролық жарылыстарды сипаттап,ұқсастығы мен айырмашылықтарын түсіндір Ядролық жарылыс Снарядтық жарылыс Ядролық жарылыстың жалпы зақымдауы және зардаптары Тірі организмдерге Экономикаға Қоршаған ортаға Фортификациялық құрылыстарға 2.Т е с т т а п с ы р м а л а р ыЕң алғаш ядролық қару қай жылы қолданылды? а) 1947ж ә)1945ж б)1944 ж в) 1943 ж2. Ядролық қару жасау үшін қандай химиялық элементтер пайдаланылады? а) Темір,никель ә)Радий б)Уран,плутони в)Берилий,сутек3. Ядролық жарылыс кезіндегі шығатын гамма сәулелер мен нейтрондардың ағыны қандай зақымдаушы факторға жатады? а) соққы толқын ә) электромагниттік импульс б) жарқ сәулелену в) өткір радиация4.Ядролық қарудан зақымданған жерді неше аймаққа бөлеміз? а) 5 аймақ ә) 3 аймақ б) 4аймақ в) 6аймақ5. Семей полигонында ең алғаш ядролық қару қай жылы сыналды? а) 1945 ж ә)1948 ж б) 1946 ж в)1949 ж6.Өткір радиация жарылыстан кейін неше секунд шамасында әсер етеді? а) 30-40 сек ә)13-25 сек б) 5-10 сек в)10-15 сек7. Чернобыль АЭС-індегі жарылыс қай жылы болды? а) 1985 ж 10 апрель ә)1986 ж 26 апрель б) 1987 ж 10 қазан в) 1988ж 26 қазан8. Радиоактивтілік қандай құбылыс? а)жарық шығару ә) өздігінен сәуле шығару б)радиация в)импульс күші V Қорытынды(Жеребе таратпалар бойынша сұрақтар.20 оқушыға 4 сұрағы бар қалғаны 16-сы бос 20 таратпа беріледі.Кімге жеребе таратпаның сұрағы бар таратпа түссе, сол оқушы жауап береді.)Ядролық жарылыстың қандай түрлерін білесің?Адамзат ядролық қаруды не мақсатпен ойлап тапты?Ядролық қарудың адамзатқа қандай пайдасы немесе зияны бар?Ядролық жарылыстан қалай қорғанамыз? VI БағалауА) Үй тапсырмасы бойыншаӘ) Тест бойынша бағалауБ) Қорытынды сұрақтар бойыншаVII Үйге тапсырмаТ-8,С-3