Коучинг сессия О?УШЫЛАРДЫ? ТАНЫМДЫ? БЕЛСЕНДІГІН АРТТЫРУДА СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ?А ?ЙРЕТУДІ? БЕЛСЕНДІ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ


Коучинг тақырыбы:ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІГІН АРТТЫРУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ БЕЛСЕНДІ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ Мақсаты:Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құруМәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйретуСыни ойлауға үйрету әдістемесін үйрету Негізгі идеяСыни ойлауға үйрету әдістемесін үйрену.Элементтерін тиімді сабақта пайдалана алу Гүл теру, ұсыну тренингі(5 мин)Шеңбер жасауӘр түрлі гүлдерді таңдап, не үшін таңдағанын айтып беру«Бәйшешек», «Жауқазын» гүлдеріне байланысты бір-біріне жұпта түлек айтып сыйлау 1 тапсырма “Топқа бөліну” (8мин)«Бәйшешек» , «Жауқазын» гүлдері арқылы екі топқа бөлінуСтикерге жазу арқылы бір шешімге келіп, топ басшысын таңдау, көңіл күйлерін хабарлау (жазу немесе смайликпен бейнелеу)Топқа белгілі бір ереже құрып, жазып таныстырып шығу 2 тапсырма «Ой шақыру» мәтін құрастыру (8 мин)«Көктемгі дала табиғаты» туралы мәтін құрастыру. Автор орындығына келіп жеке оқу (жеке жұмыс).Бірлесе отырып ,көктемгі табиғатты бейнелеу, ойларын түсіру және қорғау (шағын топта постермен жұмыс). 3 тапсырма «Топтық жұмыс»(16 мин)Көктемге байланысты «бес жолды өлең» құрастыру және қорғауҚорғау жұмысы бойынша бір-бірін тыңдап, сұрақтар қоюЖұмыстарын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалауСергіту сәті 4 тапсырма «Рөлдік ойын»(15 мин)«Көктем сәні» тақырыбына рөлдік ойын (сценарий) дайындау 5 тапсырма «қорытындылау»(5 мин)Сын тұрғысынан ойлауда қандай стратегияларды пайдаландық? 6 тапсырма «Ақпарлама»(10 мин)«Май шам» видеоролик көрсету, талдау Топтық жұмыс туралы қысқаша мәлімет беру ТОПТЫҚ ЖҰМЫС Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?-топты ұйымдастыру ережесі-топтарда жұмыс істеу ережесіТоптың саныТоптағы жұмыс нәтижесі-топтағы бірлескен жұмысТопта жұмыс істеу не үшін қажет?-ынтымақтастық-өзара әрекеттесті Топтық жұмыс жүргізу мақсатыӘлеуметтік (тәжірибемен және идеялармен алмасу, мәселені бірлесіп шешудің амалын табу, барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу)Танымдық (жұмыстың баламалы амалдары туралы ұсыну және пікір алмасу, маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту)Эмоциялық (топтың жекеленген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену, күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету) Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептеріТапсырманы орындауКоманда құруЖеке қажеттіліктер Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?Қарым-қатынас:жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалануӨзін-өзі таныту:үстемдік танытпай топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзін-өзі сенімді болуБасқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешуБасқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту. Топта жұмыс істеу ережелеріТопты құруТоптық жоспарлауЖоспарды жүзеге асыруҚызметті жүзеге асыруТоп жұмысын бағалау Топ мүшелерінің саны қанша болу қажет?Шағын топ (4-6 оқушы)- топтық жұмыста бір оқушының үстемдік етіп, салмақты оқушының жұмысқа аз қатысуы мүмкінЖұптар (2 оқушы)-деңгейлік тапсырмалар орындауда, бір-бірін оқытуда тиімдіҮлкен топ (7-10 оқушы)-үлкен мәселені талқылауда тиімді, жұмысты ұйымдастыруда рөлдік ойында, қарым-қатынас арасында сөз сөйлеу қиындайды 7 тапсырма «Рефлексия»(3 мин)Бастапқыдағы көңіл күйлерін бейнелеген стикердің артына сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазады немесе бейнелейді