П?н:Педагогика. ТА?ЫРЫБЫ: «Модульдік о?ыту технологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: «Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы» Модульдік оқыту технологиясы – тұлғалы бағытталған бір уақытта оқу процесін тиімділейтін оқушылардың мақсатты оқуын жүзеге асырудағы танымдық және тұлғалық сферасын дамытудағы оның тұтастығын қамтамасыз ететін оқушының өзін-өзі басқаруға кеңінен мүмкіндік берумен қатар танымдық іс-әрекеттің қатаң басқаруы на сәйкес жүретін көптеген технологиялардың бірі. Осы технологияның артықшылығы интеграциялық сипаты , яғни модульге интегралданған технологиялар комплексі арқылы таратылатын тұтас мазмұн бірлігімен оны игеру технологиясы.
Модульдік оқытудың бірнеше түрі бар:Танымдық – бұндай модульмен жұмыс істеуде басты мақсат: оқылып отырған тақырып көлемі.Операциялық – бұнда бастысы қызмет етудің тәсілдерән құру және дамыту.Аралас – бұндай модуль типінде бірінші. екінші типтің элементтері қолданылады. Сонымен қатар, бастапқы және базалық модульдері бар. Бастапқы модуль – курсті ашады Базалық - жалғастырады Модульдік оқытудың негізгі принциптері:1.Модульділік – оқыту нақты дидактикалық мақсатқа жетуге арналған жеке функциалды түйін. 2.Оқыту мазмұнынан белгілі элементтерді ерекшелеу – бұл принцип оқу материалын бір модуль рөлінде беруді талап етеді.3.Динамикалық – бұл принцип әлеуметтік тапсырысқа байланысты модуль мазмұнына қарай өзгерістермен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді.4.Білімдердің және олардың жүйесінің оперативтілігі және әрекеті. Бұл принципті жүзеге асыру үшін модульді оқытуда терминдерде іс-әрекет етудің әдістері және әрекет тәсілдері құрылу қажеттілігінде проблемалық жағдай негізінде қолдану керек. 5.Иілгіштік – модульді технологияның жүргізуші өзекті сипаты болып табылады.6.Ұғынылған перспективалар – оқушылардың оқудың барлық кезеңдеріндегі білімді тереңнен түсінуді қарастырады.7.Педагог пен оқушы арасындығы қарым-қатынас – мұғалімнің оқушыға жекелей әрекет жасауы Оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:· Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)· Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)· Қорытынды бөлім(бақылау) Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі. Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада1. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.4. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу5. Оқушының білім деңгейін дәл анықтау Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді. Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:1. Уақыт үнемделеді.2. Сабақтың сапасын көтереді.3.Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.4.Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі. Назарларыңызға рахмет!!!