Математикадан 3-сынып та?дау курсына арнап жасал?ан авторлы? ба?дарламаны? презентациясы


Оңайбекова Толғанай КаналықызыҚызыдорда қаласы №4 орта мектебінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Авторлық бағдарлама Бағдарламаның авторы: Оңайбекова Толғанай Қаналықызы, бастауыш сынып мұғаліміМатематика пәні бойынша 3-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасыБағдарламаның әзіленген уақыты: 2013-2014 жж«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми кеңесінде бекітіп, баспаға ұсынылды. (№5 хаттама, 15.01.2014 ж.) Мақсаты: математика пәнін тереңдетіп оқытуға және оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, білімдерін шыңдауға бағытталған.Міндеттері: математикалық білімге қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді шығару тәсілдерін үйрету, ой-өрісін, жан-жақты білімдерін кеңейту, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту, тапқырлыққа тәрбиелеу, математиканы өмірмен байланыстыру арқылы білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Үлгі сабақ жоспарлары, жұмыс дәптері мен тест жинағы мұғалімге құралдарды қатар пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан нақты көмек береді. «Жұмыс дәптері» қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану пәндерімен байланыстыру арқылы оқушылардың білімдерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалімге математиканы тереңдетіп оқытуға және дарынды оқушылармен жеке жұмыс жасауға септігін тигізеді. Тест жинағы оқушылардың білімдерін тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның ерекшелігі Күтілетін нәтиже: оқушылар есептерге талдау жасауды, шығару жоспарын құруды, қорытынды жасауды үйренеді; байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шешуді үйренеді; логикалық есептерді шешу жолдарын үйренеді; өз бетімен және ұжымда жұмыс істеуге қалыптасады; математикалық ой-өрісі кеңейеді, математикалық білімі артады; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге жаттығады. Пікірлер Баспадан шыққан әдістемелік құралдар Авторлық құқық дәлелдемелері Бағдарламаның қандай көмегі болды? №4 С. Сейфуллин атындағы орта метебінің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбекова Толғанайдың оқушыларының халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде көрсеткен жетістіктері. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады... Бәсекеге қабілетті болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады... Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс»- деп атап өткен болатын. Білім негізі бастауышта қаланады, сондықтан таңдау пәніне ерекше мән беріп, келешекте бала алған білімін кез келген жерде пайдалана алатындай оқу бағдарламалары қажет. «Математика – ғылымдар патшасы» демекші, бастауыш сыныпта таңдау сағаттарында математика пәнін тереңдетіп, жан-жақты дамыта оқыту - қазіргі заманның талабы. ХХІ ғасырда оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды, сондықтан оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ерекше мән берілу керек, өйткені ҰБТ тапсырмаларында жылдан-жылға логикалық есептер көбеюде. ХХІ ғасыр оқушыларына білім беруде әрбір мектеп мұғалімі жан-жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтуы тиіс . Ол үшін мұғалімдер барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ойлап тауып, бағдарламалар жасап, оқытудың сапасын арттыруға өз үлестерін қосса игі болар еді.