?лтты? ойындар сыныптан тыс са?аты 8 сынып


Тақырыбы: “ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР”қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ахметова Төлебике Әуезханқызы Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар Мақсаты: - Ұлттық ойындар туралы алған білімдерін сайыс сабағында бекіту. - Оқушылардың ой - өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту. - Ұлттық ойындар арқылы адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңірту. Сабақтың түрі: сайыс сабақТипі: бекітуӘдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ой-қозғау Көрнекілігі: интерактивтік тақта, асықтар, сандық, кеспелер, үнтаспа Сайысымызда сыныпты екі топқа бөлеміз.Енді әділқазылар алқасын сайлап аламыз.Әділқазылар әр топтың жауабына қарай 5-10 ұпайларды бағалайды. Сонымен сайыстың шартымен танысайық. 1-ші кезеңОЙЫННЫҢ ШАРТЫ Мұғалімнің кіріспесі Ойынның шарты: 1. Өздерін таныстыру2. Төрт жұмбақ3. Күш – білімде4. Ұлттық ойыннан үзінді5. Актерлік шеберлікті көрсету6. Бойындағы өнер қасиетін таныту7. Қорытынды 2-ші кезең ТӨРТ ЖҰМБАҚ Бұл кезеңде сайыскерлер тіл дамыту, қазақтілі және қазақ әдебиеті пәндеріне сайсұрақтарға жауап береді. Қоржыннан түрлі-түсті асықтарды алып, сол пән бойыншасұрақтарға жауап қайтарады. Әр пәнге 4сұрақтан берілген. Қазақ тілі пәні бойынша 1. Септіктің неше түрі бар?2. Буынның қандай түрлері бар?3. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер4. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Тіл дамыту – қызылҚазақ тілі – жасылҚазақ әдебиеті – көк Тіл дамыту пәні бойынша 1. Көкпар,бәйге қандай жарыс ойыны?2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін ата.3. “Арқан тарту” ойынында адамдар не істейді?4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Қазақ әдебиеті пәні бойынша 1. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты?2. Абай Құнанбайұлының неше қара сөздері бар?3. “О,Ақтан жас, Ақтан жас” кімнің өлеңі? 4. Мифологиялық кейіпкерлер мен тарихи адамдар жайында айтылатын әңгімелер қалай аталады? 3-ші кезеңКҮШ - БІЛІМДЕ Сайыскерлер алтын сандықтан түрлі-түстікеспелерді алып жауап береді. САРЫ кеспе: Ұлттық ойындарды екі топқа бөлуге болады. Қандай түрлері?КӨК кеспе: Адамның ойлау, талдау қабілетін дамытып, есепке құрылған ойынның түрі.ҚЫЗЫЛ кеспе: Ойынды жүргізуші бала ақсүйекті лақтырып: “Ал табыңдар!”-дейді.Балалар көздерін ашып, жан-жаққа іздеуге аттанады. Бұл қай ойын?ЖАСЫЛ кеспе: Қазақтың қандай ұлттықойындарын білесің? 4-ші кезең ҰЛТТЫҚ ОЙЫННАН ҮЗІНДІ көрсету.1-ші топ: “Тақия тастамақ”2-ші топ “Омпы” ойындарын көрсетеді.Әділқазылар алқасы өз ұпайларын беріпотырады. 5-ші кезең АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІКТІ КӨРСЕТУ НЕМЕСЕ БОЙЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАСИЕТІН ТАНЫТУБұл кезеңде қатысушы сайыскерлер өздері-нің бойындағы өнерлерімен таныстырады.Әділқазылар алқасы өз ұпайларын беріпотырады. 6-шы кезеңҚОРЫТЫНДЫ Интерактивтік тақта арқылы Ұлттық ойындар көрсетіледі. Оқушылар бұл қандай ұлттықойындар екенін тауып айту. “ОМПЫ”ұлттық ойыны “ТАҚИЯ ТАСТАМАҚ”ұлттық ойыны “ҚЫЗ ҚУУ”ұлттық ойыны “АРҚАН ТАРТУ”ұлттық ойыны “ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ”ұлттық ойыны “КӨКПАР”ұлттық ойыны “БӘЙГЕ”ұлттық ойыны “АҚСҮЙЕК”ұлттық ойыны Әділқазылар алқасы өз ұпайларын беріпотырады. Сайыс қорытындысын шығару үшінәділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.Әр топ алғырлар мен тапқырлар дегенжүлделі атаққа ие болады. Мақтауқағаздарымен марапатталады. Сау болыңыздар!