?ылым мен білімні? дамуы сыныптас тыс іс-шара жоспары
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылымның дамуыХ ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды. Сайрам, Отырар, Түркістан, т.б. Қалалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашады. Әдеби және ғылыми шаралар араб тілінде жазылды. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазды.
Әбу Наср әл-ФарабиФараб аймағына қарайтын Отырар қаласында дүниеге келді. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қалаларында игерген. Дүние жүзінде Аристотель сынды ғұлама ғалымдардың бірі ретінде танылды. Әл-Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия, философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
Әбу Райхан әл-БируниӘбу Райхан(973-1050)-энциклопедист-ғалым. Ол өз заманына лайық білім алып, әл-Фараби, әл-Жауһари т.б. Дәстүрлерін жалғастырды. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т.б. Ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырды. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.
Тіл білімінің дамуы мен әдебиетЖалпы көптеген түрік тілдес тайпалар негізінен түрік тілінде сөйлегендерімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшіліктері болған. Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмуд Қашғари зерттеген.VII-IХ ғасырларда өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетініәң кезінде даңқы шыққан ақын Ахмет Иүгнеки болды.
Махмуд ҚашғариМахмуд Қашғари(1030-1090) шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмуд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады. Махмуд үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап-түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Ғұлама өз еңбегінде түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп қойған жоқ.
Жүсіп БаласағұниЖүсіп Баласағұни(1021-1075) Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Ол өзінің атақты “Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. “Құтадғу білік”-ХI ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, Баласағұни Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін Ұлы хас-хажип деген лауазым берді.
Ахмет ИүгнекиАхмет Иүгнеки туған-өлген жылдары белгісіз. Шын аты Әбід Ахмет Махмұдұлы. Иүгнекидің туған ауылы белгісіз. Иүгнекиге халық көзінің тірі кезінде-ақ “ақындардың ақыны, даналардың көшбасы” деп баға берген. Оның бізге жеткен еңбегі- “Ақиқат сыйы”.
Ақиқат сыйы«Ақиқат сыйының» түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне жолма-жол түрінде 1985 ж., ал кейінірек көркем түрде аударылды. Оның өлеңдерінің мақсаты – адам, оның ішкі сырын ашу, сол арқылы әлем құпиясына үңілу, Хақты тану болып табылады.
Қожа Ахмет ЙасауиҚожа Ахмет Йасауи(1103-1167) Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі-Мұса Шайқының қызы Айша. Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар-Шаһназдың қолында өседі. Бала кезінен Йасы қаласын мекен еткен. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йсауй атанады. Арыстан бабты пір тұтады. Йасауиден қалған мұра оның “Даналық кітабы”- “Диуан-и хикмет” болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.
Даналық кітабыАхмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
РАХМЕТ!!!