Презентация к уроку казахского языка в 8 классе по теме «Шарын» ?лты? саяба?ы. Шат?алда?ы к?не суреттер


Шарын шатқалы.
 Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.
Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді.  Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Шарын ұлттық табиғи паркі – Алматы облысының Еңбекші қазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік саябақ.
Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. 
Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.