Талшы?ты ж?ндіктер, кірпікшелілер ж?не споралылар типі презентация


Биология пәні мұғалімі Ауелбаева Зайтуна Жеткиншековна Маңғыстау облысыАқтау қаласы№ 13 мектеп гимназиясы Тақырыбы: Талшықты жәндіктер, кірпікшелілер және споралылар типі Қарапайымдылар туралы мәліметті 1665 жылы голланд жаратылыстанушысы Антуан ван Левенгук берді. Саркодиналар – талшықсыз, жалған аяқты, тұрақты дене пішіні болмайтын біржасушалы жәндіктер. Жирылғыш вакуоль Жалғанаяқтар Ас қорыту вакуолі Амебаның дене құрлысы: Амебаның қоректенуі Ас қорыту вакуолі Қызықты есеп:Амеба 1 тәулікте қанша жерді жүреді ? (жауабы: 24 см)Ал өзінен 50 см қашықтықтағы қорегін қанша уақытта ұстайды ?(жауабы: 2 күн, 2 сағатта) Себебі амебаның ең жоғары шапшаңдығы – сағатына 1 см. Қорек Оттегі Су Зат алмасу өнімдері Артық су мөлшері Амебаның цистадан шығуы циста Ішек және дизентерия амебасының цистасы Циста деген не?Ол қай кезде түзіледі? Домалаңғы (вольвокс) колониялы тіршілік етеді Трипанасома – ұйқы ауруының қоздырғышы. Оның тұрқы – 15 – 30 мк. Ұйқы, нагана ауруын қан сорғыш шыбын – цеце таратады. Трипанасома қан плазмасында паразиттік жолмен тіршілік етеді. Экваторлық Африкада, Оңтүстік Африкада ірі қара ауруы нагана, Қазақстан даласында кездесетін суауру деп аталатын қатерлі аурудан – түйе, қараталақ ауруынан жылқы зардап шегеді. Суаурудың таратушысы – сона. Адам үшін қауіпті аурудың бірі – безгек ауруы Француз дәрігері Ш Лаверан безгек паразиті – қантұрғынды және оның адам қанында дамуын 1881 жылы толық сипаттап жазды.Оның қоздырушысы безгек паразиті – қантұрғын. Қантұрғын қан плазмасындағы даму айналымында адам қанының қызыл түйіршігінде, енді бір кезеңінде безгек масасының денесінде өмір сүреді. Безгекпен ауырған адамның дене қызуы 400С – ге дейін көтеріліп, жиі – жиі қалтырау салдарынан адам есінен танады. Бұл – қантұрғынның жасуша ішінде көбейіп, қанға улы зат бөлуі. Қантұрғынның даму айналымы тек ағзалар (адам және маса) денесінде, сыртқы ортаға қатыссыз жүреді. Ол жасушаішілік паразит. Талшық Көзше Жиырылғыш вакуоль Крахмал дәндері хромотофорлар Жасыл эвглена дене құрлысы Кірпікшелер Вегетативті ядро Ас қорыту вакуолі Жиырылғыш вакуоль Жасуша қабықшасы Қылаулатқыш А у ы з Генеративті ядро Эктоплазма Кебісшенің құрлысы Жиырылғыш вакуоль Қажетсіз заттардың шығарылуы Кебісшенің қоректенуі Кебісшенің дене құрлысын атаңдар Жасыл эвглена мүшелерін дұрыс тауып қойыңдар Амебаның дене құрлысын еске түсірейік... Лямблия – талшықты паразит Лямблия – паразит талшықты жәндік. Оны ең алғаш украин дәрігері Д.Ф.Лямбль бауырдағы өт өзегінен тапты. Оның тұрқы – 15 мк, екі ядросы, 4 жұп талшықтары болады. Ол адам аш ішегінің жоғары бөлігінде, өтте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызады. Жануар текті талшықтылар класс тармағына жататын қарапайымдардың бірі – лямблия. Оның дене пішіні 15 микронға жуық, алдыңғы жақ бөлігінің ені 7 – 8 микроннан аспайды. Пішіні алмұрт тәрізді, төрт талшықтары бар. Лямблия адамның ащы ішек бөлімдерінде жиі кездеседі. Ол ішекті зақымдайды. Лямблия ұлтабар ұшынан өт қалтасының өт жолы арқылы өтке өтіп, х о л е ц и с т и т текті ауруға душар етеді. аурумен әсіресе балалар жиі ауырады. Венн диаграммасын толтыру: (берілген 3 біржасушалы жәндіктердің тек өздеріне тән және ортақ ұқсас белгілерін тауып жазу) Тұщы сулардан инфузория класына жататын т р у б а ч деген әдемі инфузорияларды кездестіруге болады. Ол труба деп аталатын музыкалық аспапқа ұқсайды. Егер трубачты әлдебір затпен тітіркендірсе, ол шар тәрізді пішінге келіп, домаланып қалады. Бұл да балдырлармен селбесіп тіршілік етеді. әсіресе бір клеткалы жасыл балдырлар трубачтың эндоплазмасына еніп алады да, оның түсін жасыл етіп көрсетеді.балдырлар трубачтың тыныс алғанда босатқан көмір қышқылымен фотосинтез жасап, одан бөлінген оттегін трубачтың қажетіне береді. Трубач балдырларды жауынан қорғайды және балдырлардың біраз бөлігін қорек етеді. Трубач инфузориясы - өте ғажап жәндік. Оған регенерация бойынша тамаша тәжірибелер жасауға болады. Трубачты өткір қандауырмен өте ұсақ бөліктерге бөліп тастасақ, бір ғажабы біраз уақыттан кейін – ақ, кейде тәулік соңынан, оның әрбір бөлігінен жаңа трубачтар жетіледі. Яғни бұларда регенерация құбылысы өте жақсы дамыған. . Инфузория трубач – ғажап жәндік. Қосымша деректер Тест жұмысы: 1.Амебаның қозғалыс мүшесі: А. ТалшықӘ. КірпікшеБ. Жалған аяқ2. Циста қай кезде түзіледі:А. Көбею кезіндеӘ. Қолайлы жағдай туғанда Б.Қолайсыз жағдай туғанда3. Денесі тұрақсыз:А. Трипанасома Ә. АмебаБ. Кебісше4. 2 ядросы бар:А. Амеба Ә. Құртамыш Б. Кебісше5. Талшық арқылы қозғалады:А. Лямблия Ә. Қантұрғын Б. Амеба 6. Тері ауруы:А. Безгек Ә.Лейшманиоз Б. Ұйқы 7. Тек паразиттік тіршілік ететін класс өкілдері:А. Кірпікшелілер Ә.ТалшықтыларБ. Споралылар8. Теңіз түбіне жарық шашады: А. Лямблия Ә. Түн шырақБ. Құмыты 9. Құртамыш тарататын ауруА. Безгек Ә.ЛейшманиозБ. Кокцидоз 10. безгек ауруын таратушы:А. Құмыты Ә. ҚантұрғынБ. Кебісше 1-Б, 2-Б, 3-Ә, 4-Б, 5-А, 6-Ә, 7-Б, 8-Ә, 9-Б, 10-Ә