?й?ыдан кейінгі жатты?у іс-шаралары


Ұйқыдан кейінгі жаттығу іс-шаралары.Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады. Түс мезгілі, мезгілі,Балалар ұйқыға кірістіБалалар көреді түстіӘдемі сиқырлы әлемді.(балалар ұйқыдан оянады) Көзімізді ашайық Аунап, аунап алайық,Бойымызды жазайық.Қолымызды созайықЖаттығулар жасауық.Ұйқымызды ашайық. «Велосипед тебеміз» Шалқамыздан жатқан күйде,  екі  аяғымызды кезек-кезек велосипед дөңгелегін айналдырған секілді қимыл-әрекет жасаймыз. Сулы мата үстімен жүру.Сәби шақтан бастап бізШынығуды сүйемізАшық күнмен достасыпЖалаң аяқ жүремізҚыста, жазда әрдайымАуырмаймыз бәрімізШынықтыру жасап біз, Мықты болып өсеміз. Жолақша жолмен жүру.Әдемі ирек жолдармен лақтарша біз ойнақтаптастан-тасқа секіріпЖалаң аяқ жүреміз. Түймелі жолақша үстімен жүру.Табанға біз нүктелі Массаж жасау білеміз. Тәңертенгілік жаттығулар:«Күнге созылу» Шалқамыздан жатқан күйде, қолымызды жоғары қарай созамыз, ақша бұлтты ұстап алдық-деп сәйкес қимыл жасау. Тәңертенгілік жаттығулар:КАРТОЧКА № 11. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет)2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту(3 - 4 рет)3. «Сағаттың тіліндейИіліп оңға бір.Сағаттың тіліндейИіліп солға бір».4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтыпшығару (3 - 4 рет). КАРТОЧКА №21. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет).3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз.4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет).6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз.7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет). Карточка № 31. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу.2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру).3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру.5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет)6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет)7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз.8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет)9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру.10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру. Назарларынызға рахмет.