Презентация по казахскому языку на тему ?ан мен тер
«Қан мен тер» романы
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының дүниеге келген. 1942 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген,1962-1964 жж. «Жұлдыз» бас редакторы. Ә. Нұрпейісов .1985 жылы қазақстан халық жазушы құрметті атағы берілді.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көрнекті шығармалары - «Қан мен тер» трилогиясы «ымырт»(1961), «Сергелдең»(1964), «күйреу»(1970) атты үш кітаптан тұрады.мұнда ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында өткен оқиғалар, ескі қоғамның күйреуі мен жаңа қоғам орнауындағы дәуір өзгерістері суреттелген.Роман тақырыбы – Арал балықшыларының революция қарсаңындағы және одан кейінгі өмірі.
«Қан мен тер» трилогиясы – ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды. Соңғы жетпіс жылғы алтын әдебиетімізді мысқа балағысы келетін қайсыбір неонигилист даңғойлар бұл романға тап күресін жазғандықтан ескірді деп мін де тақты.
Романның «Күйреу» аталатын үшінші, соңғы кітабында комиссар Дьяков насихаттайтын болашақ коммунистік қоғамның басты принципінің дұрыстығына Еламан әжептәуір күмән келтіреді.Трилогияның екінші кітабы «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді.
Біріншіден, тарихи шындықты қозғап отыр. Екіншіден, заманалық мағынасы бар. Қазақ елінің күн тәртібінен әлмисақтан бері түспсй келе жатқан ел бірлігі проблемасын қозғайды. Ұлттық идеямызбен үйлесім табады. Еламан жер дауы хақында да көп толғанады. Бұл да – ежелгі дерт.
Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз замана эпосы. Кезінде «Қан мен тер» романы жанрын эпопея жанрына қарсы қоюшылар табылды. «Ішкі драматизм сыртқы қабыршақты бұзып, мән-мағынаға бойлатады».