презентация Ш?к?рім ??дайберді?лыны? «Е?лік- Кебек» дастаны


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік- Кебек» дастаны Жалпы мақсат: Дастанның мазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) 1.Сыныпты топқа бөлу. Түстер бойынша 4 топқа бөлу.2.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.3.Топ ережесін құру. І Қызығушылықты ояту.(5 минут ) «Ой шақыру» стратегиясыДастан дегеніміз не? ІІ. Мағынаны тану. Бейне көрсетілім. (20 минут)«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта пікірталас жүргізу. Ру басылары кінәлі. - Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің? ( үзіндіге байланысты сұрақ)Екі жастың өздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады).Сарапшы – қазылар ( қай топ ұтымды пікір айтады,соларға баға береді,қорытынды шығарады. Ұлы Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек” драмасы бойынша Қасқабұлақтық өнерпаздар “Еңлік-Кебек” ескерткішінің басында әзірлеген бес көрініс Ақшоқыға қарай созылған жазықтың көз ұшында қазақтың тұңғыш театрының шымылдығы ашылған тарихи орын « Ойқұдық» тұр. 1917 жылы жапсарлас тігілген екі киіз үйде М.Әуезовтың басшылығымен өзінің туындысы « Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған.  1926 жылы тұңғыш ұлттық театрымыздың шымылдығы да осы шығармамен ашылған.Сайын дала төсіндегі дөңестегі осынау мрамордан қаланған еңселі ескерткіш – шынайы махаббаттың мазары. Ол қатыгез билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебекке қойылған. Серті мен сеніміне, махаббаты мен сезіміне берік қос ғашық осы жерде мәңгілік тыныштық тапқан. Еңлік- Кебек тағдыры Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» дастаны мен Мұхтардың «Еңлік-Кебек» драмасына арқау болған.Үлкен өмірге алғаш қадам басқан жас жұбайлар қыр төсіндегі мәңгілік махаббаттың мазарына тағзым етпей өтпейді: Кебек пенен Еңлік,Махаббаттағы ұлылық.Алауы боп сенімнің,Маздай берер, мәңгілік.  Ескерткіштен бұрылған мына жолды бойлай, зерделеп көз салсаңыз «Абай» эпопеясында Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп, жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып, тарады – деп ұлы Мұхтар суреттеген Ақшоқыны көресіз. Қазір онда Ақшоқы деп аталатын шағын ауыл бар. Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы мен оның ұрпақтары осында жерленген. Көз салайық, Ақшоқыға тағы да, Тұнған тарих, әр төбесі, тасы да. Осы араға тұрақтаған мәңгілік, Ұрпағымен Құнекеңдей қажы да!Ел ауызындағы деректерге сүйенсек, Шәкәрім поэмасында: « Шеткі Ақшоқы басында қалған бала, Шырқырап күн батқанда жылап жатты» деп жырланған, Еңлік-Кебектен қалған сол Ермек атты баладан ұрпақтар бар дейді. Шырылдаған жас нәресте Ермекті, Нағашы жұрт тауып алды, ер жетті. Пәк сәбиден өркен жайған ұрпақтар, Бұл күндерде біразырақ ел бопты.Қойнауына өткен тарихтың талай сырларын бүгіп жатқан Кіші Орда тауында Еңлік-Кебекке таршылықта пана мен сая болған Үңгіртас бар: Пана болған ғашықтарға кешегі, Кіші Орда ізгіліктің мекені. Шыңғыстауға жолы түскен жолаушы, Үңгіртасқа соғып, көріп өтеді. РАФТ әдісі РАФТ Р-рөл, А-аудитория, Ф-форма, Т-тақырып (10 минут) (Ой толғаныс) І-ІІ топқа III-IV топқа Р- оқушы Р- оқушы А- Кеңгірбай А- қазаққа Ф- хат Ф- хат Т- би кесімі туралы Т- жастар махаббаты Қорытынды (5минут)Эссе “Дастаннан кейінгі ой”Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.Бағалау (1 минут)Рефлексия (1 минут) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Сабақ саған несімен ұнады? Бүгін не білдің? Не қиын болды? Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау.