Ш?к?рім ??дайберді?лыны? “?АЛ?АМАН-МАМЫР” дастаны. ( 8 сынып)


Шәкәрім Құдайбердіұлының “ҚАЛҚАМАН-МАМЫР” дастаны.Білімділік мақсаты: Поэманың оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкер бейнелерін сомдау. Жазушының идеялық –эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.Шебер де шешен ,өткір сөйлей білуге машықтандыру. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, мейірімділікке ,білімге ұмтылуға ,талаптылыққа тәрбиелеу Сабақтың құрылымы:Сабақтың түрі: ШығармашылықСабақтың әдістері: мәтінмен жұмыс, пікір айту, сұрақ - жауап, сахналандырылған көрініс, сұрақтар арқылы проблемалық жағдай туғызу.Көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта , көрме, кітаптарФормасы: ұжымдық, топтық , жекеПәнаралық байланыс: тарих, салт-дәстүр І. Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, тексеру, бекіту. ІІ.Үй тапсырмасы .Жинақтау Он жетінші қара сөзі Қайраттың белгілеріАқыл Қайрат Ақылдың белгілеріЖүрек Жүректің белгілері1. ыстық2. талаптылық3. шыдамдылық4. тоқтаулылық5. байыпты6. сабырлы1. зерек2. алғыр3. зейінді4. ұғымтал1. жылы2. ыстық3. тулаған4. қайнаған5. әлекшіл Толық адамболу жолдары Түйін. Салыстырмалы талдауОй үндестігі {5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA} Шәкәрім ҚұдайбердіұлыҚызметі:ақын, жазушы, философ,тарихшы, композиторТуған күні:11.7.1858 (кейбір деректер бойынша 24.7.1858)Туған жері:Кең-Бұлақ, Семей облысы, Ресей империясыҰлты:қазақҚайтыс болған күні:2 қазан 1931Әкесі:Құдайберді Құдайберді КүңкеҚұнанбайҰлжанАйғызНұрғанымЫсмағұл ХалиоллаОспанИбраһим (Абай)ЫсқақТәңірберді ШәкәрімАтадан алтау,анадан төртеу,Жалғыздық көрер жерім жоқ.Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,Арам,айла,зорлықсыз мал табалық.Өшпес өмір,таусылмас мал берерлікБір білімді данышпан жан табалық.Ал,енді олай болса,кімді алалық,Қазақта қай жақсы бар,көз салалық.Шын іздесек-табармыз шыны ғалым!Жалыналық Абайға жүр баралық.














ppt_xxshearppt_x
ppt_xppt_y
style.rotationppt_wppt_y
Поэма сюжетін және тарихи оқиға екендігін білу үшін шежіреден түсінейік.МәмбетейТОБЫҚТЫКішікӘйтекБәйбішеденОлжайИбраһим (Абай)Әнет (поэмада Әнет баба)Мәмбетей өте бай болып оның қызы:ҚАЛҚАМАНАйдос1.Ырғызбай2.Көтібақ.3.Топай.4.Торғай.МАМЫРЖігітекҚайдос1.Үркер.2.Мырзатай.3.Жортар.4.ӨскембайҚұнанбайШәкәрімТоқалдан БайбөріжәнеҚосымша дерекОқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де,бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді.Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді.Бұл істі білген ру биі Әнет баба Мәмбетей еліне білдіреп,жастарды жөніне қалдырып есесіне қалың төлеп елді татуластырмақ болады.Бұл іске сірә көнбеген Мәмбетей кектеніп алады.Күндердің күнінде Мамыр еліне төркіндеп келе жатқанда оны Мәмбетей қолбасшысы Көкенай көріп қалып бұл жүзіқара неғып жүр мұнда деп Мамырды оққа жығады.Соң елді жинап біз Мамырды жазаладық,енді Әнет баба неге Қалқаманды жазаламайды деп оны да өлтірулерін тілейді.Бұған көпшілік Тобықты елі көніп алып Әнет бабаны мәжбүрлей бастайды.Осы жайттан және сол тұстағы Қалмақ елі шапқыншылығы үдегенін жақсы білген Әнет баба ел бірлігі үшін бұған шарасыздан көнеді.Оның шарты бойынша Қалқаман Көкенай алдынан атпен шауып өткенде оққа тұтсын тисе,тілегені болсын,тимесе Қалқаманды бұдан былай жөніне қойыңдар деп шешеді.Осы шарт орындалады,бірақ Қалқаман аман қалады да өзін оққа тосқан елден кетіп Ұлы жұздегі нағашысы Еділбайды паналап Бұхар жаққа кетеді.Сол жақта тұрмыс құрып ұрпақ жалғастырады.Ало осы оқиға болған 1722 жылдан соң 1723 жылы тарихта белгілі Қалмақтар шапқыншылығы боп қазақ сорына “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына жалғасады.Осы тарихи кесапатты Шәкәрім Қалқаман-Мамыр таргедисына байланыстырып,соның салдарының қарғысы деп түсіндіргісі келетін сияқты.Олай ойламасқа да болмайды,шынында бұл оқиғалар 1722-1723 жылдары болып өткені ақиқат.Поэма сюжеті қысқаша осы.



















ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
Өмірбаяны Туған жері қазіргі  ШығысҚазақстаноблысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде  1858 ж.  шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған,  Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар,домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды Шығармашылығы «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған: Шығармалары Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. Әндері Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған. Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. “Қалқаман-Мамыр” - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенай батырдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп,Бұхара жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодальдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. “Қалқаман-Мамыр” дастаны алғаш рет 1912 жылыСемейде кітап болып басылып шыққан. “Қалқаман-Мамырдың” түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы.[1] Қалқаман Көкенай батыр атқан садақ оғынан аман қалғаннан кейін Ұлы жүз ішіндегі нағашыларына кеткен екен. Қалқаман ру аталығынан тарайтын ұрпақтары негізінен Ұлы жүз Бәйдібек ішінде Әйтек-Қалқаман ұрпақтары деген атпен белгілі болса керек. Тақырыбы -қос ғашықтың адал да пәк махаббаты,ғашықтық мұңы және бұған қарама-қарсы рушылдық,ескі нанымыды сұлтауратқан опасыз сатқындардың озбырлығы. Жанры эпикалық – ғашықтық дастан. Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық. Поэма сюжеті автор өмірінен сәл алдын 1722 жылдары Сыр бойын жайлаған қалың Тобықты руы ішіндегі тарихи оқиғадан алынған. Демек бұл тарихи оқиға Шәкәрімнің өз руы ішіндегі тарихи дерек болып шығады. Шығарманың басты кейіпкерлері Әнетбаба,Қалқаман, Мамыр, Мәмбетей,Көкенайлардың характеристикасын қаламгер тиімді диологтарда,портреттерде,мінездерде сәтті баяндаған.Шығарма шарықтау шегі екі жастың трагедисымен өрбісе,1723 жылғы тарихи қазақ сорына біткен “ақтабан шұбырынды оқиғасымен аяқталады. Поэманың композициялық, сюжеттік құрылысы.№Оқиға желісіОқиға өрісі1 Оқиға болар алдыңғы жағдай18 - ғасырдың бас кезінде қазақтың сыр бойында жүрген кезі2Байланыс. Оқиғаның басыҚалқаманның Мамырға асықтығы3Байланыс. Оқиғаның өрбуі.Қалқаман мен Мамырдың байланысы.4Оқиғаның шиеленісуіКөкенай жағының талабы.5Оқиғаны шарықтауыЕкі жасты өлтіруге шешім қабылдауы 6 Оқиғаның шешуіҚалқаманның елден кетуі. Жоңғар шапқыншылығы
ppt_yppt_yppt_y Негізгі ойды ашатын басты-басты эпизодтарды тапқызу арқылы кесте-графаға негізделген дәйектемені талдау{5940675A-B579-460E-94D1-54222C63F5DA}ОқиғаЭпизодтарКейіпкерлер іс-әрекеті туралы ақын көзқарасыНегізгі ойҚыз Мамыр «Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр»«Әрі сұлу,әрі есті, еркек-шора»«Онан басқа бала жоқ әлгі байда»Мамырдың Мәмбетейдің жалғызы болғандықтан, оны ер балаша өсіруіҚалқаманның өз махаббатын сездіруі«Жұмбақ мысал сықылды бір сөз айтты...»«Махаббатта жарым жоқ,жәрдемшім жоқ...»Жұмбақ сұрақ арқылы Мамырға сезімін білдіруіҚалқаман-Мамырдың сүйгені«Жылы жүрек өзіне жар тапқандай»«Қызарды,бір ағарды байдың қызы»«Сүйсе де үміт үзіп өлмек жаман»Мамыр да Қалқаманды ұанатындығын жеткізуіҚол ұстасып аттанған қос ғашық«Мінді де екі ғашық кетіп қалды»«Олай болса кетейін қазір алып...»«Мен сенсіз тірі тұрман, Бір құдайға сыйынып ал да жөнел»»Екі жастың бір-біріне деген адал махаббатыКөкенай- ғашықтарды айырған қатыгез«Көкенай тағы көнбей жатып алды»«Аямай дәл жүректен атып салды»«Айырған екі асықты оңа ма екен...»Іс-әрекеті мен, Мамырдың ақтық сөзі арқылы Көкенайдың қатыгездігін көрсетуҚалқаманның да өлімін тілеген Көкенайлар«Еркек тоқты -құрбандық»«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын,-деп бұйырыпты. »«Мамырдан қалған жанның керегі не?»«Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын»Көкенайдың оғынан аман қалған Қалқаманның өкпе-назы, елінен біржола кетуі Таным дерекӘнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: "Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел "Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.  Жырдың образдар жүйесіне талдау жасау. Қалқамансүйгеніне қосылуды армандаған жассөзге берік ел билеушілердің өктемдігіне қарсы намысшыл кісілігі күшті азамат Мамырөз теңін іздеуі сөзге адал ескі заманның құрбаны
ppt_xxshearppt_x
style.rotation


Әнет бабаданагөй қария ел ұйтқысыекі жасты қорғаушы надандықтың құрбанытағдырының Абаймен ұқсастығы Көкенайбатыр ескі салтты қорғаушымінезі қатты кісіөр көкірек асау қанды, салқынрақымсыз, қатыгез
ppt_xxshearppt_x




І деңгей 1. Қалқаман – Мамыр поэмасында қай кездегі өмір шындығы суреттелген. Арман мұратына жете алмаған тек Қалқаман мен Мамыр ма? Сол кездегі жастар қайғы қасіретіне кім кінәлі? Оған өз көз қарастарыңды білдір.2. Жырда Әнет баба екі жасты неге қорғап қала алмады? Қалқаманды тірі алып қалу үшін қандай амал жасады? Мәмбетей жағынын талабымен келісудің себебі не? 3. Екі жасты қатаң жазалаудың астарында қандай мән жатыр? Туыс адамның үйленуі қазақ салтымызға сай келе ме? Оған өз пікірі қандай? 4. Әнет бабаның Абай тағдырына ұқсастығы бар ма? Болса түсіндіріп бер?ІІ деңгей 1. Жырдағы Қалқаман қандай адам? Оған мінездеме бер2. Мамыр қандай қыз? Мамырдың өзін атқан Көкенай мен өлер алдындағы арыздасуынан оның қандай қырын байқауға болады? 3 Әнет баба туралы не айтасың? Қалқаман – Мамыр тағдыры туралы алғашқы бағытынан ауытқуға не себеп болды?4. Көкенай қандай образ? Неге ол қатыгез? ІІІ деңгей 1.Шәкәрімнің Қалқаман - Мамыр поэмасында қандай мәселе суреттелген?2.Жырдың басты кейіпкерлері кімдер? Қайсысы ұнамды, қайсысы ұнамсыз?3. Поэмадағы жастар сүйіспеншілігі туралы не білдің?4. Қалқаман -Мамыр неге арман-мұратына жетпеді? Оларға кімдер кедергі жасадыҮйге тапсырма : “Қалқаман-Мамыр” дастанын оқу.