Презентация по биологии на тему Нуклеиновые кислоты(10 класс)


Нуклеин қышқылдары Нуклеин қышқылдары тірі ағзадағы тұқым қуалайтын ақпапараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.Нуклеин қышқылдарын жасуша ядросынан 1868 жылы Ф.Мишер тапты.ДНҚ полимер, оның мономерлері төрт нуклеотид (аденин, тимин, цитозин, гуанин). ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін ашқан ғалымдар Ағылшын биофизигі әрі генетигі. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Дж.Уатсонмен бірге ДНҚ құрылымының моделін жасады.ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасағаны үшін 1962 жылы халықаралық Нобель сыйлығына ие болды. Френсис Крик ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін ашқан ғалымдар Америкалық биохимик. Молекулалық биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәруыз биосинтезі кезіндегі РНҚ рөлін зерттеді. ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасағаны үшін 1962 жылы халықаралық Нобель сыйлығына ие болды. Джеймс Уотсон ДНҚ құрылымын ашуға еңбек сіңірген ғалымдар 1951 жылы американдық биохимик Э.Чаргафф ДНҚ молекуласының құрамына төрт нулеотид кіретіндігін тапты.Р.Франклин ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші түсірген ғалым. ДНҚ молекуласының екі жіпшеден тұратынын және олардың азотты негіздері оралымның ішінде қалып, өзара сутектік байланыс түзетінін 1953 жылы американдық биохимик Дж.Уотсон мен ағылшын биофизигі әрі генетигі Ф.Крик ренгенқұрылымдық әдіспен дәлелдеді. Құрамында азотты негіз, рибоза немесе дезокисрибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылысНУКЛЕОТИД деп аталады. Нуклеотид Пуриндік Пиримидиндік Аденин,гуанин Тимин,Урацил, цитозин ДНҚ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ Аденин қос сақиналы Гуанин Ғылыми таңбалануы Аденин - АТимин - ТЦитозин - ЦГуанин - Г Э.Чаргаффтың ережесі :1. ДНҚ молекуласындағы адениннің мольдік мөлшері гуаниннің мөлшеріне тең, А:Т=1.2. ДНҚ молекуласындағы гуаниннің мольдік мөлшері цитозиннің мольдік мөлшеріне тең, Г:Ц=1.3. Шыққан тегіне байланыссыз әр түрлі ДНҚ-ның молекуласындағы пурин негіздерінің қосындысы пиримидин негіздерінің қосындысына тең: = 1.4. 1962 жылы орыс биохимиктері А.Н.Белозерский және А.С.Спирин нуклеотидтердің құрамын анықтап, сипаттау үшін ерекшелік коэффиценті деген ұғымды енгізді. Нуклеин қышқылдары екіге бөлінеді: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин (РНҚ) қышқылы. Олардың бұлай аталу себебі — нуклеотид молекуласының құрамына кіретін пентозаның түріне байланысты. Егер молекуласының құрамына дезоксирибоза кірсе — ДНҚ, ал рибоза кірсе — РНҚ деп аталады.