Презентация АКТ-ны пайдалана отырып, сын т?р?ысынан ойлау технологиясы ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамыту
АКТ-ны пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.Оқушы - ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші Мұғалім- әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделінен тұрады: І.Қызығушылықты оятуІІ. Мағынаны тануІІІ. Ой-толғаныс. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. 1. Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой. Қай сөз табында тұрғанын анықта. Айдын хайуанаттар бағына ... . Бақты аралап, ... ... аңдарды көрді. ... маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар ұнады. Ол ... тор ішіндегі қимыл-қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады. Оған ... тордағы аңдардың қимыл-қозғалыстары қатты ұнады. 2. Есепте Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болды. Түлкі сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлсейші дейді.Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып былай бөліпті: Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған. Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген? 3. Жұмбақты шеш:Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білемін Мен үшін түсініксіз Мен үшін жаңа ақпарат Мені таң қалдырды көздеу тырнала 1. Зат есімдерден етістік жаса қолдау үтікте сабында гүлдеу тістеу мақтау 2. Мәтін бойынша кестені толтыр Оқушылар х түп шие және 20 түп қарақат ағашын отырғызды. Егер шие ағаштарының санын 3 есе кемітсе, онда қарақат пен шие ағаштарының саны бірдей болар еді. Оқушылар қанша түп шие ағашын отырғызған? 3. Теңдеу құр және оны шеш: ІІІ.Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Рөл Аудитория Формасы Тақырып «Теңдеу» тақырыбына «Бес жолды өлең» құрастыру.1.Зат есім2 .Сын есім3.Етістік4. Сөзден құралған сөйлем1.Синоним 1. “Етістіктің тілдегі қажеттілігі” балық сызбасын толтыру Мәтін бойынша РАФТ кестесін толтыр. Рефлексия 1. Сіз үшін қиындық туғызған тапсырма...2. Жаңа ақпарат3. Қай кезеңдегі тапсырмалар ұнады?4. Сіздің алған әсерлеріңіз...5. Ұсыныcтарыңыз