Презентация Мектепалды даярлы? балаларыны? тілін дамытуда?ы сын т?р?ысынан ойлауды? тиімді ?дістерін ?олдану


Мектепалды даярлық балаларының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолдану түрлеріСабақтың атауы Мақсаты: Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, балалардың  танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру,  шығармашылық іс - әрекетінде қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. СТО-ды дамыту  әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.1. Қызығушылығын ояту:Бұл кезеңде баланың тақырып туралы не білетіндігі, белсенділігі анықталады, баланы сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту.2. Мағынаны ашу:Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою арқылы, балаларды жаңа сабаққа тарту.3. Ой толғаныс:Қорытындылау Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады.Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:•    Ой шақыру•    Бес жол өлең•    Топтастыру•    Венн диаграммасы  Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтау. Мазмұнға байланысты міндеттер: 1.Әңгімені оқып танысады. 2.Мазмұнын ашады. 3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: 1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.  СТО технолгиясы дегеніміз –бұл ең алдымен оқушының өз ойы. Яғни оқушыларға өз беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға шешім қабылдауға уақыт беру Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.