?аза?стан-2050 Стратегиясы: бір халы? – бір ел – бір та?дыр» аты сынып са?атыны? презентациясы


Қазақстан картасы Қазақстан туралы Ауданы: 2 724 900 ш. км.Халқының саны: 15,7 млн. адамАстанасы: Астана қ.Тілі: қазақ, орысАқша бірлігі: 1 Қазақстандық теңге = 100 тиынҚазақстан Республикасы президенттiк басқару нысанындағы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ОрналасуыҚазақстан екі құрлықтың – Еуропа мен Азияның тоғысында, шығыс бойлығының 45 пен 87 градус арасында, солтүстік ендігінің 40 пен 55 градус арасында орналасқан. Аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орынға ие, ол Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралия елдеріне аумағы жағынан жол береді.Қазақстан: ҚХР, Қырғызстанмен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы - 12187 км. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар.Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Неге біз бұлай айта аламыз?Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні Мемлекеттік рәміздер Қазахстанда  тұратын ең ірі этникалық топтар:  орыстар (25 %), украиндар (2,9%), өзбектер (2,8%), немістер (1,5%), татарлар (1,5%), ұйғырлар (1,5%), тағы да басқа ұлт өкілдері. Біздің бүгінгі сабағымыз– бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!Мен бүкіл қазақстандықтарды алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!Барлық қатысушыларға, бүкіл халыққа және жаһандық әлемдегі біздің барлық достарымызға зор табыстар тілейміз! Елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды.Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсеткен емес.Ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындалған.