Презентация по казахскому языку на тему: Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:МЫҢ БІР МАҚАЛ,ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ САБАҚТЫҢ -МАҚСАТЫ:ОҚУШЫЛАРДЫ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ СӨЗ ӨНЕРІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫН ҰҒЫП,ОЙДА САҚТАП,КӨП БІЛУГЕ ҮЙРЕТУ. Оқушыларды тәртіптілікке,ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу.Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу,оқушылардың тілдерін жаттықтыру,мәнерлі сөйлеуге,шешендікке үйрету,сөздік қорларын нығайту. КӨРНЕКІЛІГІ:МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР,ПРАЕКТОР,ЭКРАН,ПРЕЗЕНТАЦИЯ.ӘДІСІ:МАҚАЛ СОҢЫН ЖАЛҒАСТЫРУ, СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРУ. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:1.КІРІСПЕ БӨЛІМ.ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР,ОҚУШЫЛАР БҮГІНГІ ӨТКІЗГЕЛІ ОТЫРҒАН 2”А”СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ “1001 МАҚАЛ,101 ЖҰМБАҚ”АТТЫ САЙЫСЫМЫЗДЫ БАСТАУҒА РҰҚСАТ ЕТІҢІЗДЕР. АЛДЫМЕН МАҚАЛ МЕН МӘТЕЛДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ,ЖҰМБАҚ ДЕГЕН НЕДЕН ШЫҚҚАН ҰҒЫМ ЕКЕНІНЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ. МАҚАЛДА ҚОРЫТЫНДЫ,ТҰЖЫРЫМДЫ ТҮЙІН БОЛАДЫ.ДӘЛЕЛДЕУ МЕН ҚОРЫТЫНДЫ ПІКІР БІРДЕЙ КЕЛІП ОТЫРАДЫ.МЫСАЛЫ,”ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ” Ал мәтелде ой тікелей білдірілмей,тұспалдап,жанамалап айтылады.Мысалы,”Көппен көрген ұлы той”деген мәтел. Жұмбақ деген ат алақанды жұмудан шыққан,яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып,жұмып тұрып,соны тап дегеннен шыққан.Жұмбақ жасырғанда айтылар анық нәрсені ойда бүгіп қалып,соған ұқсас нәрселерге теңеп,тұспалмен сипаттап айтамыз. “Сөйлей-сөйлей шешен боласыңКөре-көре көсем боласың”деген мақал тегін айтылмаған,олай болатын болса сабағымызды бастайық.Ойынға сынып оқушылары 2 топқа бөлініп қатысады.Осылардың ішінен “жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпарды” анықтауымыз керек. Ойынымыз ІІІ турдан тұрады.І тур.А)Әр бала өзі білетін мақалдарын айту.Ә)Жүргізуші 1 жолын айтады,олар жалғастырады. 1.Оқу-білім бұлағы...2.Ақыл тозбайтын тон ...3.Балалы үй базар...4.Батыр туса-ел ырысы...5.Атаның баласы болма...6.Еңбектің наны тәтті...7.Досы жоқ адам...8.Сөз сүйектен өтеді...9.Сөз тапқанға ...10.Қыз өссе-елдің көркі... 1.Оқу-білім бұлағы(Білім-өмір шырағы).2.Ақыл тозбайтын тон(Білім таусылмайтын кен). 3.Балалы үй базар(Баласыз үй қу мазар).4.Батыр туса-ел ырысы(Жаңбыр жауса-жер ырысы). 5.Атаның баласы болма(Адамның баласы бол).6.Еңбектің наны тәтті(Жалқаудың жаны тәтті).7.Досы жоқ адам-(Тұзы жоқ тағам)8.Сөз сүйектен өтеді(Таяқ еттен өтеді)9.Сөз тапқанға-(Қолқа жоқ)10.Қыз өссе-елдің көркі(Гүл өссе жердін көркі) Б)Бірінші топ оқушысы мақал айтады екінші топ оқушысы сол мақалдағы сөзбен мақал айтады.Көрермендер көзайымы.Мақалдар айтқызу.1.Отан; 2.Өнер; 3.Дос; ІІ тур.Жұмбақ жасыру.Жүргізуші жұмбақжасырады әр топқа 5 жұмбақтан. 1.Құмды жиған-Тұмсығы диван.2.Салып ем шыны сарайды,Тілінен жарық тарайды.3.Келсең жолды ашады,Кетсең жолды жабады.4.Отыз екі батыр,Екіге бөлініп,Қамалып жатыр.5.Мөлдіреп екі көл жатыр,Ортада дөңес бел жатыр. 6.Сөз ұққыш-Қос тұтқыш-7.Таппайтұғын тағат,Тығулы сағат.8.Есігі біреу,Бөлмесі бесеу.9.Біліммен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.10.Білімнің дәнін тереді,Балаға тәлім береді. Екі топ оқушылары үйден дайындалып келген жұмбақтарын жасырады.Көрермендер көзайымы.Үш жұмбақ жасырамын.Шешушіге сыйлық тапсыру. ІІІ тур.Екі топтан мақалшы мен жұмбақшы ортаға шығады.Жүргізуші жұмбақшыға бір жұмбақ жасырады.Ол шешеді.Ал оның жауабына мақалшы мақал айтады. 1.АСПАЙ ПІСКЕН,ҚАЙНАМАЙ ТҮСКЕН.САБАҒЫ ЖАМАН АҒАШТЫҢ ЖЕМІСІ ДЕ ЖАМАН.2.ЖАЛТ-ЖҰЛТ ЕТКЕН,ЖЫЛҒАДАН ӨТКЕН.СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР.3.АҚ САНДЫҒЫМ АШЫЛДЫ,ІШІНЕН ЖІБЕК ШАШЫЛДЫ.ЖАҚСЫ АЙ МЕН КҮНДЕЙ,ӘЛЕМГЕ БІРДЕЙ. 4.Қимылдаса қос шеберҚыруар-қыруар іс өнер.Көз қорқақ қол батыр5.Ұзын.ұзын,ұзын жол,Ұшына жеткен бар ма екен.Түбі терең қара су,Түбіне жеткен бар ма екен.Түбіне жетіп бұл судың, Қанып ішкен бар ма екен.Оқу -білім азығы,Білім-ырыс қазығы. Үйге тапсырма :Мақал-мәтелдер,жұмбақтар жинақтап келу. ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!