ПРризентация по психологий на тему«Б?кіл ?лем мен ?шін»онк?ндігі


Бүкіл әлем мен үшін!Елек орта мектебіМектеп психологы: Гүлсара Уралбаева
"Балалар әлемін танудың 10 күні" "Адамды, оның ұлтын, тіпті бүкіл адамзатты бақытты ету, егер ұлт өкілі-әрбір адам-бақытты болса, онда бүкіл адамзат та бақытты болады" М. Жұмабаев "Неге бейім болсаң, соны істе!" А.ҚұнанбаевБілім мен тәрбиенің алтын баспалдағы- мектеп. Онда білім, тәрбие беретін ұстаз, ата-ананың рөлдері маңызды. Сондықтан ата-ана мен мектептің арасындағы байланыс, яғни сабақтастық, серіктестік, ынтымақтастық керек. Бүгінгі таңда жас ұрпақты жетілген, толық қанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық , тіл мәдениеті, дене тәрбиесі, экономикалық пен экологиялық, патриоттық тәрбие ғылыми педагогика мен халық педагогикасы негізінде жүргізілуі тиіс. Елбасы Н.Назарбаев өзінің "Қазақстан-2030" жолдауында "оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек"дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар, әрине жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар салауатты тәрбие беру қажет. Ол М.Жұмабаев айтқандай, мектеп пен ұстазға байланысты. Еліміздің болашағы-бүгінгі балалар. Осы балалардың білім алуға деген қызығушылығын, құлшынысын ояту мақсатында сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру тиіс. Олардың ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру негізінде Елек орта мектебінде 18-28 ақпан аралығын да "БҮКІЛ ӘЛЕМ МЕН ҮШІН" онкүндігі өткізілді. Жақсы сөз жаныңды жадыратады.Қуаныш сезімі билейді.Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. 18-25 ақпан«мейрімділік және түсіністік» аптасында әрбір класс оқушылары"Мейірімділік күнімен" тақырыбына ашық хаттар дайындап бір-бірлерін құттықтады. 1. "Бала бақыты үшін" бөлімінде а)Балалар суреттеріннің шығармашылық конкурсы 5-8 кластар арасында өткізіліп, оқушылар бейнелеу өнері бойынша "Бақытты балалық" тақырыбына салған суреттерін тапсырды. Мейірімділікті анадан үйрен Халық даналығы Мейірімділікті анадан үйрен Халық даналығыә)"Мейірімділік күші"тақырыбына 7-9 класс оқушылары шығарма жұмыстарын жазды.Мақсаты:Шығарма жұмысын жаза отырып, "мейірімділік,жақсылық, қамқорлық" құндылықтарының мәнін кеңірек түсіндіру.Міндеттері: мейірімділік жасау, оны қолдау, жамандықты тізгіндеу-адамдық міндет екендігін ұғындыру.-Жақсылық, қайырымдылық сезімімен адам бойында туатын жан рахатын сезіну. Ізгілік, мейірімділіктің адамның өзін-өзі дамытып ерекше орын алатынын түсіндіру. б) 5класс оқушыларының арасында "Мен кіммін ?", "Мен қандаймын ?"тақырыптарына ойын ұйымдастырылып, оқушылардың өз түсініктерін, пікірін жеткізе білу, шығармашылық жұмысқа қабілеттілігін байқадық.Мен кіммін?Мен қандаймын?Сергіту сәтінде "Ақ бұлақ","Үш қой" биіне жаттығу орындалды. в) 6-кластар арасында "Мен үйдемін","Мен мектептемін",''Мен достар арасындамын" тақырыптарына топтық ойын сайыстарын өткізіп,оқушылардың жан-жақты ізденуін, ептілігін, икемділігін байқадық. Соңынан А.Шамкеновтың "Біздің сынып"өлеңін біргелікте айтумен қорытындыладық.Мен үйдемінМен мектептемінМен достар арасындамын 7-класс оқушыларына«Менің адами құндылықтарым» тақырыбына әңгіме тренинг өткізілді.Мақсаты:Жасөспірімдердің өзін-өзі тануына,тұлғаның өсуіне, өмірдегі кедергілерді жеңуге және денсаулықтарын нығайтуға жағдай туғызу.Тренингтің барысы:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.Біз бүгін өз-өзімізді әрі қарай тани түсуге, өзімізді тану арқылы басқаны қабылдай білуге жағдай жасаймыз.1.Ерекше танысу.Шеңбер жасап тұрамыз және өз атыңа жақсы сөз қосып айту.Мыс.Мен ақкөңіл Бақытпын...2.Амандасу.  Қызыл түс-қолмен                      Жасыл түс-құшақтасу                     Сары түс-арқамен амандасу.3.Біздің осы бөлме патшалық деп есептеңдер.Сендер патшалықтың ханы мен ханшайымысыңдар.Қазір патшалықтың ережесін,яғни осы тренингтің ережесін қабылдаймыз.Егер қабылдасаңдар қол соғыңдар,егер қабылдамасаңдар аяқ тарсылдатыңдар.* Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;* Бір-бірімізді тыңдаймыз,сөзін бөлмейміз;* Бір ғана адам сөйлейді «көтерілген қол ережесі»;* Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;* Өз ойларымызбен бөлісеміз;* Бос сұрақтар болмайды;* Басқалардың сезімдерін ескереміз;* Құпиялықты сақтаймыз. 4.Ойлануға арналған сұрақтар.Біз бір-бірімізді жақынырақ таныу үшін ,мына карточкаларды таңдап сөйлемді аяқтаймыз.-Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдың?-Нашар көңіл-күй,көңілсіздік болды ма?5.Автобус жаттығуы.Екі қатарға арқаларыңды түйістіріп тұрыңдар.Автобуста тығыз тұрмыз деп ойлаңдар.Мен «аялдама» деген кезде сендер алдыңғы есіктен шығуларың керек,бір-бірден,қатты итеруге болмайды,саптың алдына тұра қалады.          -Қандай сезімдесің?-Адамдар өте тығыз тұрған автобус ішінен шығу қиын ба?-Осындай жағдайға тап болып көрді бе?          -Осындай сәтте айнадағылар өздерін қалай ұстайды?Автобус- бұл біздің күнделікті өміріміз.Өмірдегі мақсатқа жету үшін осындай көптеген кедергілер болады, кім қалай шыға алады, сол адам мақсатына да солай жете алады.6.Менің таңбамЕрте кезде қоғамдағы адамдар өз орнын белгілеу үшін арнай таңба қолданған.Таңба адамның тек қана тұлғалық ерекшелігін ғана емес, оның мінез құлқын, оның жетістіктерін, отбасы жағдайын, тіпті шығу тегін де анықтаған, таңба қиын сәттерде қорғаныш, көмекші ретінде қолданған.Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз.Ол үшін таңба бейнесі бар парақты алып, символ арқылы көрсетіңдер.-        Кім өз таңбасы туралы айтқысы келеді?(оқушылар өз тілегі боцынша, таңбасы туралы айтады)-        Пікірлесу (таңбаларын жоғары көтеріп, шеру жасау ) -Әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек, сен дайындаған таңба сендерге-Сенің ішің пысқанда өзіңе ұнайтын жұмысты еске түсіру үшін-Сен жалғыздықты сезінген кезде, өз ойыңмен бөлісетін адамдарға баруға-Әруақытта жетістіктеріңді есіңе түсіріп,өз-өзіңе сенімді бола түсуге келетін 3 сөзді естеріңе түсірсеңдер, өздеріңе күш-қуат алып, жеңілдеп, алдағы өмірге деген сенімділіктерің арта түседі. 7. «Ағаш жаттығуы»Барлық ағашта тамыры, діңгегі, бұтақтары болады.Қазір, «Егер мен ағаш болсам...» деген сөйлемді аяқтау керек.Міне біз 3 топқа бөліндік.(тамыры,діңгегі,бұтағы) Ағаш бұл адамның өмірлік ұстанымы.Мен бұлөмірде кіммін? (тамырдан барлық ағаш қоректенеді, діңгегі барлық ауыртпалықты көтеріп тұрады, бұтақтары ағашқа дем алуға мүмкіндік береді.)Біздің арамызда осы үш қызметті атқарушылардың бәрі бар.8.Психологиялық сергіту жаттығуы «Джунглидегі орман»Мақсаты:Оқушылардың мойын, омыртқа жоталарына массаж жасау арқылы шаршауын басу.9.Өзіңнің жұлдызыңды тап.Мақсаты:өз-өзіне сенімділік, босаңсу және белсенділікті арттыруға мүмкіндік жасау.10.Сараптау:Өз сезімдерің қалай?Бүгінгі тренинг ұнады ма?ғ) Қайтадан қайрылып, қауымға келмейсің, Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің. Ғибрат алар алдыңда із қалдырсаң, Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің - депғұлама ойшыл Шәкәрім атамыз айтқандай оқушыларға ақын өлеңін үлгі ете отырып "Өткен мен болашақтың арасы тек бір сәт...", тақырыбына пікірталас ұйымдастырылды 9 класс оқушыларына «Мен жалғыз емеспін...» тренингі өткізілді10-11 класс оқушыларына" Мен жақсы көре аламын ба?"пікірталасы болды. Мақсаты: “Сүйіспеншілік”құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Адам бойындағы махаббат сезімін,сүйіспеншілікті танып,оны құрмет тұтуға баулу; Міндеттері: - Махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы,дегдар сезім екенін,ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы,іңкәрлігі екенін білдіру;- Адамды,өмірді,табиғатты сүйе білуге,оны құрметтеп,қадір тұтуға баулу,өз сезімін дамытуына,сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу;- Сүйіспеншілікке,сезімталдыққа,нәзіктікке тәрбиелеу д)Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,ел үшін мен не істей аламын деп сұра. Дж. Кеннеди Адамның қоғамдағы орнын айқындау мақсатында Э. Хэменгуэйдің "Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар"- деген нақыл сөздерін таныстыра отырып "Мен өмір сүргім келген әлем..." тақырыптарына қияли жобаны қорғау мақсатында 8-11 класс оқушылары өздері дайындаған жұмыстарын слайд негізінде таныстырды. Әрбір оқушы өз қиялына ерік беріп, еркін қанат қағып, көкке самғады.е) "Балалар бақытты болсын" слайд шоуы Не деген керемет күн! Жаныңа бәрі даяр не керектің. Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны, Естіледі ұшқаны көбелектің, Не деген керемет күн!8-9 кластар арасындағы шығармашылық слайд жұмысына талдау жасалып, өз пікірлерін білдірді. 1/2. "Өзіңді ғана емес, өзгені де таны! Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ" Я. А. Коменский"Мен өзгенің көзімен" ұстаздар үшін тренинг өткізіліп, ондағы оқиғаның мазмұнына пікірлерін білдірді. Өз сезімдерін түсті қағазға жазып "жүректен-жүрекке" шеңберімен қорытындылай отырып М. Әлімбайдың "Әр адамның көңіл сарайындағы мейір-шапағаты, пейіл-ықыласы екінші бір пенденің дәтіне-қуат, рухына-мият" сөзінің мәнін ашып, ой бөлісті.1/3. "Бақытты сәттер" тақырыбына оқушылардың шығармашылық фото көрмесі. (буклет) 5-11 кл. арасында. Бақыт жайлы менің мынау білгенім, Бақыт деген-бірде шаттық, бірде мұң. Бақыт сол-тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.М. Мақатаевтің өлеңі негізінде фото көрменің мәнін әрбір класс қорғап шықты. 2. "Ашық күн" Бұл бөлімде оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың өздерін ойландырған психологиялық сұрақтарға жауап алынды.2/1. Психологиялық газеталар байқауы 5-11 класстар арасында газеталар байқауы ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын, пікірлерін, даналық сөздерін, мазмұнды, мәнді, қызықты суреттері мен психологиялық ой-пікірлері арқылы бейнелеген. 2/2. "Психологиялық кеңестер“ Ата-аналар бұрышы шығарылып, психологиялық кеңестер берілді. 3. Психологиялық денсаулық күні.а)Оқушыларға «Бақытты балалық»музыкалық-шоу, «Мен қазақпын» «Көңіл толқыны» ,«Жұмыр қылыш» көңілді жаттығу, сергіту сәттері орындалды. а)Оқушыларға «Бақытты балалық»музыкалық-шоу, «Мен қазақпын» «Көңіл толқыны» ,«Жұмыр қылыш» көңілді жаттығу, сергіту сәттері орындалды. ә) Мектебімізде жоспарға сай өткізілген "Бүкіл әлем мен үшін" 10 күндігін қорытындылап оқушылардың шығармашылық жұмыстары негізінде 1,2,3-орындар анықталып, марапатталды. Өмірдің өкінбейтін бар айласы, Ол айла-қиянатсыз ой тазасы. Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, Таза жүрек, тату дос-сол шарасы. ШәкәрімНазарларыңызға рахмет!Қош, сау болыңыздар!
ppt_y