Оттек. Оксидтер. Жану ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы:Оттек. Оксидтер. Жану тарауы Сабақтың мақсаты: Тараудан алған білімдерін тиянақтау, бекіту, тереңдету. Өткен тақырыптарды еске түсіру Оксидтер дегеніміз не? Жану реакциясын қалай түсінесің? Периодтық жүйе бойынша оттегіне сипаттама беріңдер? Жылу бөле жүретін реакцияларды қалай атаймыз? Эндотермиялық реакциялардың анықтамасын бер. Ауаның құрамына қандай газдар кіреді? Көлемі бойынша ауада қанша пайыз азот кездеседі? Көлемі бойынша ауада қанша пайыз оттек кездеседі? Судың (Н2О) салыстырмалы молекулалық массасын есепте. Аллотропияға анықтама бер. “Үшіншісі артық” ойыны. Li2O SO2 MgCl2 NH3 BeO Al2O3 CuO KOH Na2O N2O5 CaO Na2SO4 CuCO3 P2O5 CO2 “Химиялық лото” сайысы. Fe + Cl2 = Mg + O2 = Fe + HCl = KOH + H2SO4 = Ca + O2 = CaCO3 = Зертханалық жұмыс (электрондық оқулықтағы зертханалық жұмыс) Тәжірибе № Қандай заттар алынды? Не байқалды? Бақылау Қорытындысы Зертханалық жұмыс нәтижесін толтыру парағы Оттегінің қолданылуыАссоциациялық картамен жұмыс О2 “Сиқырлы гүл” P2O3 K2O MgO HCL KOH H2CO3 FeO K2SO4 CO2 H2SO4 Қорытынды тест 1) Оттегінің салыстырмалы атомдық массасын белгіле: А) 32;Ә) 22; Б) 1;В) 16.  2) Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі: А) 3-ке;Ә) 2-ге;Б) 1-ге;В) 4-ке. 3) Төмендегі қосылыстардан оксидтерді анықтаңыз:А) H2SO4;Ә) KMnO4;Б) CO2;В) KOH. 4) Күкірттің оттегінде жану нәтижесінде қандай зат түзіледі:А) түссіз газ;Ә) ашық көкшіл жалын;Б) жасыл жалын; В) түссіз сұйық зат. 5) … Ba + O2 = … BaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіндер:А) 4, 4;Ә) 3, 3;Б) 2, 2;В) 1,1. 6) Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар –А) элемент;Ә) оксидтер;Б) моль;В) жай зат. 7) Реакция теңдеулерінің қайсысы эндотермиялық процестің мысалы:А) H2 + O2 = 2Н2О + Q;Ә) 2Н2О = H2 + O2 - Q;Б) C + O2 = CO2 + Q;В) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q8) Реакция теңдеулерінің қайсысы экзотермиялық процестің мысалы:А) 2HgO2 = 2Hg + O2 - Q;Ә) 2Н2О = H2 + O2 - Q;Б) CaCO3 = CaO + CO2 - Q;В) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q9) Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде оттекэлементі қай орында тұр:А) 1;Ә) 5; Б) 8;В) 10.10) Ауаның құрамында азоттың көлемі қанша:А) 78%;Ә) 21%;Б) 0,94%;В) 0,03%. Тест жауаптары: ВАБӘБӘӘВБА Үйге тапсырма Жұмыс дәптерінен 49, 50, 51 – беттегі тест тапсырмасын орындау.