ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА А?т?бе облысы, ?йтеке би ауданы, Северный орта мектебіні? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндеріні? м??алімі
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлерін қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сөз тіркесінің байланысу түрлерін алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту.Дамытушылық: Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа, туған жерін сүюге баулу.Тәрбиелік: Сөйлеу тәсілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: қайталау.Сабақтың әдісі: Деңгейлік тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау техникасы.Сабақтың байланысы: ӘдебиетСабақтың көрнекіліктері: Сөзжұмбақ, кубик, қима қағаздар.Сабақтың өтетін орны: интерактивті тақта Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақ барысында сынып оқушылары үш топқа бөлініп жұмыс істейтінін, олардың тапсырмалары үш түрлі болатынын хабарлау. І.Оңай деңгейдегі тапсырма ІІ. Орташа деңгейдегі тапсырма ІІІ. Жоғары деңгейдегі тапсырма ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1.Сұрақтар беруСинтаксис қай тілдің сөзі?Синтаксис нені зерттейді?Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлімі не? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру «Синтаксис» деген сөзжұмбақты шешкеннен кейін бүгінгі сабақтын құпиясын тауып, ережесін еске түсіреміз. Синтаксис –гректің «құрау», «біріктіру», «рет» мағынадағы сөзі. Синтаксис-грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс І.ДеңгейСөз тіркесі дегеніміз?Сөз тіркесінің сынарларын ата?Сөз тіркесінің сыңарлары қалай анықталады?Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз қайсы?Есімді сөз тіркесіне мысал келтір.Етістікті сөз тіркесіне мысал келтір. ІІ.Деңгейлік тапсырма Оқушылар мақал-мәтелден, нақыл сөздерден сөз тіркесін тауып, байланысу түрлеріне қарай талдау жасау керек.Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.Кітап оқудан-меңгеру етістікті тіркес.Тыйылған адам-қабысу есімді тіркес.Ойлаудан тыйылады-меңгеру етістікті тіркес.Адам тыйылады-қиысу есімді тіркес. Денсаулықты сақтау-әркімнің өзінің қолында.Денсаулықты сақтау-меңгеру, етістікті тіркес.Әркімнің қолында-матасу, есімді тіркес.Өзінің қолында –қиысу, есімді тіркес.Бірлігі мықты елдің белін ешкім сындыра алмайды.Ешкім сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.Белін сындыра алмайды-қиысу, етістікті тіркес.Мықты елдің-қабысу, есімді тіркес.Бірлігі мықты ел-қабысу, есімді тіркес. Отан отбасынан басталады.Отан басталады-қиысу, етістікті тіркес.Отбасынан басталады-меңгеру, етістікті тіркес.Ас-адамның арқауы.Ас-арқауы-матасу, есімді тіркес.Адамның арқауы-матасу, есімді тіркес.Төмендегі сөздерді тақтадағы кестеге орналастырып жаз.Анаңнын тілі, халқыңның тілі, оқудан қайту, адам баласы, бесікке салу, апай айтады, ол оқиды, бүгін келді, кешке қайту, епті адам, оқыған жігіт т.б. Қиысу Матасу Меңгеру Жанасу Қабысу ІІІ.Деңгейлік тапсырма «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан » (Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы бойынша) 17, 21, 26 бағыт.Үш тұғырлы тіл-заман талабы.Оқусыз білім жоқДенсаулық-зор байлық 3. Қорытындылау: Топтастыру Сөздердің байланысу түрлері Үйге тапсырма: Бағалау: