Армысы?, ?з Наурыз! ашы? т?рбие са?атына презентация


Тақырыбы:«Армысың, Әз-Наурыз!» Ашық тәрбие сағаты 5 "А" және 5"Ә" сынып оқушылары.Сынып жетекшісі: 5 “А” - Едігеева С. 5 “Ә” - Жумаева Ф. Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Кіріспе 1 жүргізуші - Алина (5"А")2 жүргізуші - Ерасыл (5"А")1 жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен қонақтар! Абай ауылына қош келдіңіздер! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз –жаңа күн деген сөз. Бұл күн - біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! "Ұлыстың ұлы күні"- деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Олай болса тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық (5 "А" және 5"Ә" сынып ұлдары билейді) 2 жүргізуші: Армысыңдар, халайық,Бармысыңдар, халайық.Наурыз тойын жұп жазбайЖылда қарсы алайық.1 жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,Бақыт пен шаттық мерекесі.Ән: "Әз Наурыз" (5 "А" және 5"Ә" сынып қыздары) 1 жүргізуші: Салт-дәстүрмен жарасса,Жыр оқиық тамаша.Жарыса өнер көрсетіп,Той тойлайық жаңаша.2 жүргізуші: Қыс өтіп, қар кетті, Жырлайық жаз жетті. Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз!Ақмарал: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.«Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.Данияр: Арпа, бидай, тары бар,Қатық, малта ағы бар,Ішілетін, жейтінніңБұл көжеде бәрі бар.Қонақтарға «Наурыз көже» туралы айту ( Ақмарал мен Данияр) 2 жүргізуші: Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін! (Наурыз бата)Мәди (5"А" ):Қызыр баба: Армысыңдар, жамағат.Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын,Қайда барсақ жол болсын!Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын,Ұлыс береке берсін,Бәле-жала жерге енсін!Ұлы халқым тоқ болсын!Көйлектерің көк болсын!Қайғы уайым жоқ болсын!Қуаныштарыңкөпболсын! Әумин! ! ! 1 жүргізуші: Шашу!Шашу!Көп шашайық шашуды,Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,Ризығың болсын көл-көсір.2 жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібеңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!Осы арада 5"А" сынып оқушысы Анель шашу шашады. .Қазақша би (5"А" Сынып қыздары) Көрініс көрсету: Шал: Жарқынбек; Кемпір: МаржанБаласы: Абылай; Келіні: Мерей Тақпақтар :Анель, Мерей, Динара, Ермахан, Ақбота, Қырмызы Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!