Презентация по биологии на тему ?анайналым м?шелері


Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруДамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.Сабақтың типі: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызбалар, электронды оқулық. 1.Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын сұрау 1) Қызығушылығын ояту 2) Бөшкедегі басқатырғылар 3) Сәйкестік тесті3. Жаңа сабақ 1) Ой қозғау 2) Мағынаны тану4. Сергіту сәті Сабақтың жоспары: 5. Сабақты бекіту 1) Топтастыру 2) Кубизм әдісі 3) Таңғажайып жетілік6. Қорытынды 1) Сіз білесіз бе? 2) Кеңес7.Бағалау8. Үйге тапсырма. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушыларды түгелдеу. 2) Сабаққа дайындықтырын байқау. 3) Оқушыларды 3 топқа бөлу. 2. Үй тапсырмасы: “Қызығушылығын ояту”1 кезең. Қанның құрамын зерттеу. Қан құрамы Қан плазмасы Қан жасушалары Мин. Тұз. Су Орг. заттар Эритроцит Лейкоцит Тромбоцит Нәруыз глюкоза Май Альбумин Фибриноген Глобулин Топ мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарларды таңдайды. Жүргізуші әр нөмірге сай есеп береді. Өз ішінде талқылаған соң, топ мүшелері жауап береді. Микробтарды ерітетін обыр жасушалар Фагоциттер Қанды қабылдайтын адам? Рецепиент Егу арқылы қалыптасатын иммунитет Жасанды Жасушалардың негізгі қуат көзі Глюкоза Шешекке қарсы егуді алғаш рет қолданған ағылшын дәрігері? Эдуард Дженнер Ағзаның ішкі ортасына не жатады? Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы Жаңа туған нәрестенің 1 мм қанында қанша эритроцит бар? 6-7млн 3 ЖИТС ауруы алғаш рет тіркелген мемлекет АҚШ Адамдардың қаншасының қанында оң-резус (Rh+) фактор бар 85% 3 кезең. Сәйкестік тесті (дәптермен жұмыс) 1. Иммунитет2. Эритроциттер3. Лейкоциттер4. Тромбоциттер5. Гематолог6. Гемофилия7. Гемоглобин8. Фагоциттер9. Глобулин а. оттекті тасымалдайды.ә. қан ұйымайтын ауруб. қанның қызыл түсті жасушаларыв. ақ түсті ядролы жасушаларыг. Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілетіғ. қан ауруын емдейтін дәрігерд. плазмадағы нәруызж. қанның ұйығыштығын қамтамасыз ететін жасушаларз. обыр жасушалар Дұрыс жауаптары: 1-г; 2-б; 3-в; 4-ж; 5-ғ; 6-ә; 7-а; 8-з; 9-д; 1. “Ой қозғау” Қан айналады жүректің әмірімен, Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен. Ақ түсті мөлдір және қызылданып, Адамға күш береді пәрменімен. -дей отырып оқушылардың жаңа тақырып бойынша үйде дайындап келген мәліметтерін тыңдаймыз. Мысалы, жұмбақтар, қызықты мәліметтер т.б. Жанды мотор сынбайды, Күні-түні тынбайды. Кейде оның жүрісін, Дөрігерлер тыңдайды. (Жүрек)2. Тарам-тарам бір ғалам, Айқыш-ұйқыш шырғалаң. Толған ағыс тоқтаса, Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)3. Соғады күні-түні алмай тыным, Құлайды ол тоқтаса таудай тілің. (Жүрек) “Жұмбақтар” “Мағынаны тану” Электронды оқулықпен жұмыс.Суреттерге анықтама. Сен бізді білесің бе? АРТЕРИЯ ВЕНА КАПИЛЛЯР Қанайналым жүйесі Сергіту сәті. Оқушылардың ақпарат қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс. Мұғалім бұл сөздерді тез-тез оқиды, оқушылар сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазу қажет. Кестеде бес қатар бар. 32 сөз оқылады, қайталауға болмайды. Атлант, 250-300г, перикард, көмей, бауыр, өкпе, бицепс, синапс, 28-32, дендрит, 1300-1400г, капилляр, бронхы, дизентерия, рефлекстік доға, оссейн, қарынша, конус, танау, аппендикс, 31 жұп, сколиоз, қолқа, 33-34, туберкулез, сілекей, миокард, сымбат, тонометр, мишық, витамин, тұмау. Оқушылар жазып үлгерген сөздерді санайды. Егер жазылған сөздер саны 32 болса- ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31-29 болса- ақпарат қабылдауы орташа, 28-ден төмен болса- ақпарат қабылдауы қиындаған. Қанайналым жүйесі Тірек-қимыл жүйесі Тыныс алу жүйесі Ас қорыту жүйесі Жүйке жүйесі Қантамырлар Салатамыр Көктамыр Қылтамыр Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр Денедегі қанды жүрекке айдайтын тамыр Өте жіңішке, зат алмасу жүретін тамыр Сабақты бекіту.І – тапсырма. Топтастыру ІІ тапсырма: “Кубизм әдісі” 1 7 6 2 3 4 5 Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент магний Жұмыс ауырлаған сайын жүрек жиірек соғып, тамырлардағы қанды көбірек айдайды. Бұл құбылыс қалай аталады? Резервтік күш Қай хромосомадағы гендердің өзгеруіне байланысты жүрек аурулары пайда болады? 22 хромосома Әр адамның білуі қажетті жүрекке жабық үгу әдісін кім, қай жылы ұсынды? 1961ж. Коэнхофен. Биіктігі 2541 метр болатын, палеозойлық тақтатас, құмтас, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген “Жүрек” деп аталатын тау Қазақстанның қай жерінде орналасқан? Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шағаноба қыстауының оңтүстік шығысында 7,5км. Жерде орналасқан. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауының батысындағы тауларда өсетін биіктігі 80см, сабағы тік, тостағаншасы түкті, күлтесі қызғылт түсті орамжапырақ тұқымдасына, ергеш туысына жататын көпжылдық шөптекті өсімдік. Жүрек жапырақты ергеш “Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы” – деген өлеңді кім жазған және осы өлеңді қай жылы, қандай ақын қазақ тіліне аударды? Жазған: Я.Полонский. Аударған: 1899ж. Абай Құнанбайұлы 1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет 360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды.2 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70рет жиырылып кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?Жауабы: 60*70=4200рет, яғни 1сағ.4200рет. 4200*24сағ=100800рет немесе 1тәулікте 100800рет.3 есеп. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?Жауабы: 60мин*2=120рет, яғни 1сағ. 120рет. 120*24=2880рет, яғни 1тәулікте 2880рет. ІVтапсырма. Есеп шығару 2001ж. Бастап 24 қыркүйек күні Дүниежүзілік жүрек федерациясы бастамасымен жүрек ауруларының қауіптілігін насихаттау атап өтіледі.Жүректің соғуына жауап беретін гендер табылды.Ғалымдар жүрекке ұзақ жұмыс күнінің қауіпті екенін дәлелдеді. Мысалы, 11сағатқа созылған жұмыс күні инфаркттың пайда болуын 67%арттырады.Адамның кеудесінде жүректің орналасуы, ол көбінесе біздің дене бітімімізге байланысты. Ұзын және арық адамдарда ол көбінесе тік орналасқан. Аласа бойлы үлкен кеуделі толық адамдарда көлденең орналасады. Қалыпты дене бітімді адамдарда ол 40 градус пішінмен орналасады. Қорытынды. Сіз білесіз бе? Пайдалы кеңестер Жүрек – жалқаулықты, енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті таңертеңгілік жаттығу жасап ой еңбегін алмастырып отыру керек. Тамақтану режимін сақтаудың да мәні ерекше.Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон сынды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартады. Цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін! Бағалау.Үйге тапсырма: §36 оқып келу және қосымша мәліметтер дайындап келу. Оу, ием менің, Өзіңнен бұрын жаралғамАлдымен менмінСонан соң – сенсің жаралғанБасың мен миың, ақылың, есің, қимылыңАяқ пен қолың – Барлығы менен нәр алған.Келеді сенің кей кейде мені мұз еткіңБәріне көндімҚателігіңді түзеттім.Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңаАйнымай соқтым, аялап сені күзеттім.Жалындым саған жақыны бол деп баршаныңЖан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым.Өткіздім сені қаншама қауіп қатерденАл, енді маған демалыс берші шаршадым.Қақың жоқ сенің дем алмауға да, соқпауға.Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарғаҚақым жоқ менің демалыс саған беругеҚақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!