Жас химиктер 8 сынып


Жамбыл облысы,Қордай ауданы№49 Бел негізгі мектебінің химия-биология пәні мұғаліміКанайкулова Камшат Оразкуловна Тақырыбы:“Жас химиктер” 8-сыныптарға өткізілген химиялық кеш Жоспары: 1. Әр топ өздерін қысқаша таныстырады2. Металдар айтысы3. Полиглот4. Ғажайып химия5. Шығармашылық жұмыс Синтетикалық Жанармай Тамақ талшық өнеркәсібіРадиотехника Химия Шыны өндіруМеталлургия өнеркәсіптері Медицина Цемент өндіру Металдар айтысы НатрийМен натрий,сілтілік жеңіл металмын,Өзім жайлы баяндауға бет алдым.Алуан түрлі қасиетім бойымдаҚосылысым сабынның да бойында.Бу түрінде сары түске енемін.Суыңды да айналдырам сілтіге,Су бетінде еріп жүре беремін.Мен ауаға сутекті де бөлемін.Тұздарыммен астың дәмін кіргізем,Сол арқылы зор пайдамды тигізем.Космоста да сары түсті буымменЗымыранды көз алдыңда жүргізем. МысЖеңілтектік бар екен мінезіңде,Салмағыңа сай екен мінезің де.Бізге кезек мақтанбай бер,натрий.Қажет металл өмірге бір өзің бе?Мен созылғыш жұмсақ металл мыс деген,Өмір бақи қолданыстан түспеген.Адамзатқа қажеттігім соншалық,Мені өндіріп алады ғой күшпенен.Табиғаттың орын алған төрінен,Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.Екі түрлі валенттілік көрсетіп,Басқалардан ерекше боп бөлінем.Тағы айтарым:өте баяу тотығам,Қасиетімде байқалады осыдан.Жақсы өткізіп мен электр тоғын да,Өткізгіштер қатарына қосылам. Екі түрлі қола,жез қорытпам бар,Оны жақсы біледі қорытқандар,Қола медаль алған да жаман емес,“Алтын алу қайда” деп торықпаңдар.Таулы Алтай,Жезқазғаннан шығамын,Жауап берем және бар ма сұрағың?Мекен- жайым Менделеев кестесі,29-шы тор көзінде тұрамын. АлюминийАлюминий атым бар ,өзім жеңіл, Металмын ие болған төзімге бір.Коррозия дегеннен қорықпаймын,Тотықпас қасиет бар өзімде бір.Қолданылам электр желісінде,Осы менің негізгі жеңісім де.Жарқыратып әр үйге жарық берем,Бағалымын адамға сол үшін де.Үш валентті элементпін тумысымда,Вольфрам, мен сияқты құндысың ба?Өндірілем Кереку зауытынан,Қолданылам халықтың тұрмысында.