Презентация на тему Атасынан а?ыл алса, тентек ?л да ж?нделер, ?лысы?да ?лы болса?, білімі?ді елге бер.
Ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланы жаман әдеттерден аулақ қылуға, ұлға-ұлдай, қызға-қыздай қарап, еркеліктен, жауапсыздықтан, қиын мінезден сақтауға, еңбекқор азамат етіп өсіруге ықпал жасау, ой салу, тәжірибесімен бөлісу. Ата-ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері: 1. Мектепке деген құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; 2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау; 3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу; 4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу; 5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру; 6. Баланың сабағына қатысу; «Ой – түрткі» (тест алу) 2) Әке – балаға сыншы (Шегенің ізі) 3) «Ақиқатқа әркімнің бар таласы» (ситуациялық сұрақтар) 4) «Фантастикалық талдау» (қызықтар әлемі) 5) «Ашығын айтсам» (қорытынды) 1. Балаңызды еркелетесіз бе?..................................2. Баланың отбасындағы еркелігі ол есейгенде оның мінезінің қалыптасуына кедергі келтіре ме?.........3.Қазіргі жастардың отбасындағы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?...4. Баланы заман тәрбиелей ме, әлде адам тәрбиелей ме?......................5. Қиқар бала, қиын бала қайдан шығады, оған кім кінәлі?..........6. Ерке бала кім үшін керек? Мектепке ме, әлде ата-анаға ма?...............................7. Отбасылық жанжалдарға балаңызды араластырасыздар ма?..... Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, тастапты. Келесі күндері де аз болмап-ты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толты-руға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтай-дың толғанын көрген-де әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра. Балаңыз күнде бірінші сабақтан кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды? Қалай жөнге келтіресіз? Балаңызсабақтан қашып, Мектепкенерте келді, не істейсіз? Сіздің балаңыз өте ерке. Бір орында отыра алмайды. Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермеді. Үнемі осы әдет. Сізге мұғалім шағым жасады. Сіздің іс-әрекетіңіз? ӨНЕГЕЛІОТБАСЫ Егер сізге алтын балық келіп «саған не керек?»,- деп сұраса не деп жауап берер едіңіздер? Егер сіз бір сағатқа сиқыршы болсаңыз не істер едіңіз? Сіз адам аяғы баспаған аралға келіп қалдыңыз, қалған өміріңізді сол жерде өткізбекшісіз. Өзіңмен бірге бес затты алып баруға болады. Бес заттың атын атаңыз? Ата-ананың аты – жөні................ Балаңыздың сыныбы.................. Тренингтің өткізілген күні.............................4. Өзіңізге пайдалы мәлімет ала-алдыңыз ба?...............5. Қандай әсер алдыңыз?.........................6. Бәрінен маған мына жаттығу ұнады?7. Алдағы ата-аналар жиналысына қандай ұсыныс, пікіріңіз бар?...........