Урок по химия для 10 класса Мырыш
Қызылорда Облысы, Шиелі ауданы Тақырыбы:. Мырыш(Жаратырыстану –математика бағыты, Химия,10-сынып Орындаған: химия пәні мұғалімі Жанұзақова Әлия 2016 жыл ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мыс тақырыбы бойынша PISA тапсырмалары1-топ. Металдар патшалығы Ерте заманда «Металдар патшалығы» болыпты. Олар жарықта күн сәулесімен шағылысып, түнде ай нұрымен сәулеленген сұлу шаһарда өмір сүріпті. Патшалықты ақылды, салмақты, әрі көрікті Алтын басқарыпты. Алтын әділ патша болғандықтан оны барлық металдар жақсы көрген, әрі айтқанын екі етпей орындайтын болған. Көптеген металдардың сүйіктісіне айналған Алтынды тек Мыс қана ұнатпайды. «Мен де сұлумын, ол сары болса, мен қызыл- сарымын, тіпті Алтыннан да көріктімін, мен неге патша болмаймын»- деген ойлар Мысқа маза бермейді. Бір күні Мыс Алтынға қастандық жасауды ойлайды. «Металдар шаһары» түнгі ұйқы құшағына бөленгенде патша сарайына ұрланып кірген Мыс Алтынды аса сақтықпен шаһар сыртына алып шығып, жерді өте терең етіп қазып оны көміп тастайды. Сөйтіп, Алтынның орнына барып жата қалады. Күн артынан күн өте береді. Мыс таңертең тұра салысымен айнаға қарап бетін ысып әлекке түседі. Бірақ күн ысыған сайын беті қошқыл тартып, жүдей түседі. Бір күні Алтынның жылдам, әрі ақылды уәзірі Сынап байқап қалады. Сынап өз ойын металдарға жайып салады.. «Мына патша біздің бұрыңғы патшамыз емес. Бұл –залым Мыс. Біздің патшамызға қастық жасап, өзі оның орнына патша болмақшы. Бәріміз мұның көзін жояйық. Алтынды тапқызайық»,- дейді. Металдар бір ауыздан осындай шешімге келеді. Олар Мыстан «Біздің патшамыз қайда? Сен Мыс екеніңді мойында, Алтынды тап!» деп талап етеді. Бұл сөзді өркөкірек Мыс тыңдамайды. Әбден ашуланған металдар Мысты ыстық отқа тастап жібереді. Табан астында Мыс тотығып , беті қошқылданып шыға келеді. «Біреуге ор қазба, өзің түсесің»- деген сөз осыдан қалса керек. Амал жоқ, Мысқа өз қылмысын мойындауға тура келеді. Алтынды шаһар сыртындағы көмген жерінен шығарады. Жер астында қанша жатса да Алтын бұрынғыдан да нұрланып, сұлулана түсіпті. «Алтынды тот баспайды»деген сөз осыдан шықса керек. Мыс болса өз ісіне қатты өкінеді. «Енді мен осылай өмір бойы қап- қара болып қаламын ба?»,деп егіліп жылап жібереді. Ежелден ақылды Алтын кек сақтамай Мысты кешіреді. Мысты сутегі толтырылған ыстық моншаға шомылдыртады. Сөйтіп Мыс баяғы қалпына келеді. Сұрақ 1: Металдар патшалығы Ертегі мазмұнынын аталған металдардың физикалық қасиеттерін табуға болады ма? Жауапты «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып көр. Алтын мен Мыстың физикалық қасиеттері қандай?«Иә» немесе «Жоқ»1Алтынның түсі сары, ал мыстың түсі қызыл сары иә/жоқ2Алтынның түсі сары, ал мыстың түсі қара иә/жоқ3Екуінің де түстері бірдей иә/жоқ Сұрақ 2: Металдар патшалығы Ертегідегі мыста болған өзгерістерді химиялық тұрғыдан түсіндір. 1. Күн ысыған сайын Мыстың беті неліктен қошқылдана түседі? Реакция теңдеуін жазыңыз. Бұл қандай үрдіс? ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 2. Алтын Мысты неге сутегі толтырылған моншаға шомылдырды? Бұл жерде сутегі қандай қызмет атқарды? Реакция теңдеуін жазыңыз. -------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Сұрақ 3: Металдар патшалығы Сенің ойыңша «Алтынды тот баспайды», - деп неге айтады? Дұрыс жауапты таңда.А) Алтынның түсі сары болғандықтанБ) Алтын бағалы металл болғандықтанС) Алтын белсенді емес металл болғандықт Д) Алтынды жерге көміп тастағандықтан Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларға мырыштың айырмашылығын айта отырып тақырып мазмұнын ашу Мырыштың құрылысына тоқталу, түсінік беру Тақырып бойынша оқушылардың біліктілік қабілеттерін ояту жағдайларын жасау.Тәрбиелік : Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында байқампаздылығын, тақырыпты түсінуге жағдай жасай отырып, оқушылардың іздемпаздылығын аттыру Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, қызығушылығын тудыру, өзін — өзі бағалай алуға тәрбиелеу.Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойын арттыру. Мырышты түсіндіре отырып тақырыпты меңгерту Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі І. Үй тапсырмасын тексеру. Мыс тақырыбы бойынша PISA тапсырмаларыШағын топтармен жұмыс(талқылау, бөлісу және жасау) І. Металдар патшалығы ІІ. Ғажайып бояуІІІ. Мыстың мысқал тарихы II кезең.Жаңа сабақты өз бетіңмен меңгеріп көр. (Төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы.) Теориясы:« Түсіну» ( Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?) Мағынаны таны.Барлық топ үшін: “Менің ойымды жалғастыр”.Мырыш табиғатта неліктен таза күйінде кездеспейді, себебі ...........................................................................................Мырыш кендерін не үшін полиметалдық дейді, өйткені ................................................................................................................................Мырыш неге сілтімен де, қышқылмен де реакцияласады, себебі .....................................................................................................Мырыш қосылыстарында неліктен тұрақты ІІ валенттілік және +2 тотығу дәрежесін көрсетеді, себебі ............................................................................. Теориясы:«Талдау» ( салыстыр, ерекшелігі неде? т.б және ең бастысын бөліп шығар) Венн диаграммасы. Екі процесті салыстыр Пирометаллургиялық Гидрометаллургиялық Теориясы: «Жинақтау» (Схема құру толтыру, анықтама беру) Мырыш Мырыш туралы бар білетініңді жинақта. Практикасы :« Қолдану» ( қарапайым тапсырмалар) Оқулықтағы 5- жаттығудың (а) өзбеттеріңмен орындап көріңдер Практикасы:«Баға беру»( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Постер қорғау. Мырыштың маңызы III кезеңДеңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпай жинаңдар.PISA тапсырмасы. “Патшаның салған әлегі”. Ертеде бір елдің айтқанынан қайтпайтын, қаһарлы патшасы болыпты. Бірде ол өзінің бүкіл сарайын кетпейтін, әрі бүлінбейтін ақ бояумен бояғысы келіп, сарай шеберін шақырыпты. Патшаның тапсырмасын тыңдаған шебер: «Ондай бүлінбейтін бүкіл сарайға жететін бояуды қайдан аламын?» - депті. Ашуланған патша оған бір тәулік қана уақыт беретінін, орындамаса жазалайтынын ескертеді. Тұйыққа тірелген сарай шебері бір металл қаңылтырды алып, оны ішінде қарын сөлі (5% HCI) бар ыдысқа салады. Ыдыста газ бөлініп, реакция жүреді. Шебер алынған ерітіндіге күйдіргіш сілті қосады. Сол кезде әппақ қардай тұнба түзіледі де, қайтадан еріп кетеді. Бірде ерітіндіге күйдіргіш сілтіні ептеп мөлшермен қосып, ақ тұнба алады. Оны ерітіндіден бөліп алып, пеште жоғарғы температурада қыздырып бәрімізге белгілі ақ бояуды алыпты. Сол бояумен патшаның бүкіл сарайын бояп, патшаны разы етіпті. I деңгей. ( 5 балл ) Теориясы :« Білу» ( Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?) Сұрақ 1.Патшаның салған әлегі Қаңылтыр қалай өзгерді?Мәтінді пайдаланып түсіндір.А) майыстыБ) ерідіС) тұнбаға айналды Практикасы:« Қолдану» (II кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша) Дұрыс жауапты таңда ИӘ/ЖОҚ 1 Сым 2 қалайы 3 мыс 4 Мырыш Сұрақ 2. Патшаның салған әлегіҚаңылтыр неден жасалған? ИӘ/ЖОҚ II деңгей. ( 5балл + 4 балл = 9балл) Теориясы: « Түсіну» ( Неліктен, Себебі? Не үшін? Неге?) Сұрақ 3. Патшаның салған әлегіҚаңылтыр ............................... жасалған, себебі .............................. Теориясы: «Талдау» ( салыстыру ерекшелігі неде?) Сәйкестендір. Мәтінде шебердің жүзеге асырған реакциялары Реакцияға дейінгі заттар Реакциядан кейінгі заттар 1.қаңылтыр+ қарын сөлі (5% HCI) А) тұнба 2. ерітіндіге +күйдіргіш сілті Б) бояу 3.тұнбаны қыздыру С) Газ бөлінді Жауабы: 1..........? 2.........? 3...........? Практикасы: « Қолдану» ( өзгертілген жағдай) Сұрақ 4. Патшаның салған әлегіЖүзеге асқан реакциялардың рекция теңдеулерін құрастырып, жазыңдар.................................................................. ................................................................................................................................... III деңгей. ( 5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл) Теориясы:« Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, ребус т.б түрінде ) Сұрақ 5. Патшаның салған әлегіЖүзеге асқан реакция теңдеулеріндегі заттардың өзгерісінің генетикалық байланысын схемамен өрнекте. ................... І. Элементтің тарихы 1721 жылы саксондық неміс металлургы И. Геннелс (М.В.Ломоносов ұстазы ) Кеннен таза мырыш алудың әдістерін тапқан. Мырыштың латынша атауы «ақтаңдақ», « ақ дақ », Аты «олихальгум тутил», «шпиаутер», «аурахалькум» деп сан рет өзгерген 20 ғасырдың басынан бері ортасына цинк деп аталып кетті.Физикалық қасиеттері: Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қажет элемент. Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65 % , сүйектерде 20 % жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында, бауырда және эритроциттерде болады. Zn – ең көп мөлшерде қуықасты безінде кездеседі. Мырыш – қанның құралындағы қанттың мөлшерін реттеп отырады. Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады. Адам ағзасы мырыш ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдамайды. Зиянды әсері. Мырыш ағзада көбейіп кетсе Са – дің құралы төмендеп остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауру пайда болады. Ағзада жетіскен тері аурулары және диабет ауруына ұшырайды. Практикасы:« Баға беру»( сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) Бүгінгі алған мырыш туралы біліміңді қайда қолданар едің немесе күнделікті өмірмен байланыстыр Бағалау :Топтағы бағалау бетшесі арқылы Үйге тапсырма : 6.3. Есеп-6 және оқулықтағы 5- жаттығу (а) Назарларыңызға рахмет