Шын дос асыл ?азына


Шын дос – асыл қазына Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Міндеттері: - Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; - Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; - Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.  І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу.    Жүректен жүрекке: Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.  ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары. 1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 2. Досың бар ма? Ол кім? 3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 4. Достық жасқа байланысты ма? 5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 8. Дос қандай болу керек?  ІІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу(Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіз, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау)  ІV. Тақырыппен жұмыс Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: - «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.  V. «Сөйлемді аяқта» тренингі А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ... Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...  VІ. Жағдаяттан шығу. 1. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?  2. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?  3. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» - деген, жалғыз сөз Айтуға да жарамай!  Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма? VІІІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар?  ІХ. «Менездеме беру» тренингі Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Тірек сөздер: Адал Арам  Жомарт Өз қамын ойлайтын Адамгершілігі мол Кекшіл  Қарапайым Сөзге түсінбейтін Мейірімді Жалқау  Кешірімді Тәккапар  Төзімді Қатал Ақылды Мейірімсіз Сабырлы Сараң  Салмақты Қызғаншақ Кек сақтамайтын Тұйық  Ашық  Бүкпесіздік  Х. «Сиқырлы орындық» жаттығуы. Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.  ХІ. Үйге тапсырма:«Досым саған арнаймын» (ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу)  «Досымның жүрегі» ойыны Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.