Презентация по самопознанию на тему С?йлесе білу де ?нер
сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
“Бір ауыз сөз” әні.Сөзі: Қ. Салықовтікі Әні:Ш. Әбілтаевтікі
Мәтінмен жұмысӘмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһарда асқан бір сазгер бар дегенді үлкендерден естігенім бар еді», - дейді. «Ол – мына кісі», - деп, бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша одан: «Есімің кім болады?» - деп сұрайды. «Атым – Мемлекет (өзбекше Даулет. - Ұ.А.)», - дейді сазгер. «Мемлекет те соқыр бола ма екен?» - дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болса, ақсақты үйіне кіргізбес еді ғой!» - депті. Сазгердің тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый –сыйапат беріп, шығарып салған екен.
ДәйексөзҮлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән. Ф.Ларошфуко.Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
Жаңа ақпарат«Жаңа ақпарат» айдарымен берілген мәтінді оқып, оны өз ойларымен толықтыруды сұрайды. Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына мән берген. Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түр-тұқияннан бері жасалып, қорланып, келе жатқан ақыл –ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөз құпсыздың өзі құпсыз»
Өзіммен өзім«Өзіммен өзім» әдістемелік тәсілі Бабаларымыздың тапқыр сөздерінің неге бұлай айтылған. Үш көзСу анасы – бұлақ.Жол анасы – тұяқ.Сөз анасы – құлақ.
Жақсы сөзді ел жаттар,Ел жаттар сөзде салмақ бар. Жамбыл
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез, Нұрын, сырын, көруге, Көкірегіңде болсын көз. Абай
ТапсырмаҰлы адамдардын нақыл сөздерін оқу, мағынасын түсіндіру.Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың және тұлғаның қасиеті арта түседі.
Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. Асан Қайғы
Жақсының сөзі майдадайЖаманның сөзі найзадай Қашаған Күржіманұлы
Адал жүріп шын сөйле,Асығың жүрер алшыдан. Ақтан Керейұлы
Тіріні көрге салар да – сөз,Өліні тірілте алар да – сөз. Науаи
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар Низами
Орынды жерде сөйлесемҚызыл тілім дөңгелер Қашаған Күржіманұлы
ДәйексөзСөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. БальзакДәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру.
Шығармашылық жұмыс«Сөз құдіреті» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыз. Тірек сөздер: ана тілі, тіл тазалығы, асыл сөз, өтірік сөз, сөз қадірі шешеннің тілі, әділ сөз, өсиет сөз.
Назар аударыңыз«Назар аударыңыз» айдарымен берілген әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздерімен танысып білімдерін тиянақтай түседі.Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтың әдістердің бірі – балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру.
Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері.Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме?Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.Дастархан басында көп сөйлеме.Жаман, бұзақы сөзден тыйыл.Біреу бірдеңе сұраса, ойланы, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма.Өзің білмегшеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба.Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа.Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ. Сөзіңде тұр.
Дәптермен жұмысСын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы 5 шумақ құрастыру.1. Зат есім (1)2. Сын есім (2)3. Етістік (3)4. Сөз тіркесі (1)5. Негізгі түйін
Мысалы1. Сөз2. Әділ, өтірік3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады4. Сөз өмірдің ұлы қаруы5.Өмір 1. Сөз2. Қасиетті, мағыналы.3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді4. Өтірік сөз өрге баспайды5. Өтірік 1. Сөз2. Есті, киелі3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді5. Сүйсіндіреді
«Сөз туралы» Ә. ТәжібаевСөз қандай бай, білем соның қаншасын,Жатып тұрып санадым.Әр біреуін қолыма ұстап үңіле,Асыл тасша қарадым.Сыңғырлайды соғыстырсам металдай,Секілді қару – жарағым.Осылар ғой сақтағанНамысын ата-ананың.Таңдап алып отырамын,Таңдантуға жарарын.Жалын атсын мынасы,Жанған өрттің бояуын алып жағамын.Ал мынаның арттыру үшін құдіретінҚаздағы мұзға саламын.Жан бермей ме, әл кірмей ме жырыма,Таба білсем осылардың қалауын?