Т?уелсіздік мерейтойы т?рбие са?аты


ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕТәуелсіздік мерейтойы Мақсаты:а)Тәуелсіз Қазақстанның дамуы, елордамыздың сәулеті туралы және Президентіміз Н.Назарбаевтың сан қырлы талант иесі , құдіретті тұлға екенін таныту.ә).Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеуб)Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту Тәрбие сағатының бөлімдері:Тәуелсіздік жылнамасы.Елбасы туралы он сұрақ.«Астана-елдің мерейі» (суретпен жұмыс)Тәуелсіздікке тарту «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Н.Назарбаев 16- ШЫ ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІТәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,Тарихы оның тым ертеден басталған.Бостандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. Тәуелсіздік жылнамасы.



1991 жыл. 16 желтоқсан. Бұл күн–біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы  Ата заңы қабылданды. Осы жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылды.1992 жыл.2-наурыз айында Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4-Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. 2-қазан айында Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров ғарышқа ұшты. Қ.Р. Ішкі әскері құрылды.1993жыл. 28-қаңтар айында Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. 15 қараша. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Жоғары кеңесі сайланды, Орталық Азия одағы құрылды.1995 жыл.30 тамыз. Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды. «Абай» жылы болды.1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. «Жамбыл» жылы болды.1997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды. 10 – желтоқсанда Ақмола қаласы Қ.Р-ның Астанасы болды. 1998 жыл. Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. 6-маусым Ел астанасы Ақмола Президент жарлығымен Астана деп аталды.1999 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы. Маусымында «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы жарық көрді.2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.2002 жыл.Денсаулық жылы.2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары.2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды. 11-қаңтар ҚР-ның Президентін ұлықтау күні. 24 қаңтарында Президент әнұран, елтаңба және ту жөнінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар Қаулы қабылдады. Қазақстандағы Ресей жылы.2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.2008жыл.Халық санағы болды. Астанаға 10 жыл.2009 жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті. 3 сәуір кезектен тыс Президенттік сайлау. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды. 2012жыл.Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.2013 жыл.Қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған.2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді. 2015 жыл. Қазақ хандығына – 550 жыл2016 жыл. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл Бар әлемге шын танылдық міне біз.Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 2. Елбасы туралы он сұрақ. А) «Сандар сөйлейді».1940 жыл 6 шілде31960-1969 жылдар1991 жыл1 Б) «Суреттер сөйлейді». www.ZHARAR.com Астана - Тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. 3.Астана – елдің мерейі 4.Тәуелсіздікке тарту "Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттықжалғыз мемлекетініңнығайып-көркеюі жолындажан теріңді сығыпжүріп еңбек ет.Жердің де, елдің иесі өзіңекеніңді ұмытпа!"Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Спорт Дүниежүзіндегі Қазақстан




Ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі –біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан оны сақтап, дамыту, келесі ұрпаққа аманат ету біздің парызымыз! Осыны ұмытпайық! Бойкүйездік жат маған, Елім еркін,шат заман!... Мен: Әлемге - Тәуелсіз, Қазақпын,-деп мақтанам! Ө.Ақыпбекұлы құтты болсын! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ