Ерді? да??ы м??гі ?шпейді т?рбие са?аты
“ердің даңқы мәңгі өшпейді”Соғыс ардагері Қожанов Даражат
Қожанов Даражат, 1925 жылы туған. Әскер қатарына 1943 жылы шақырылған, 498 зениттік артиллериялық полкінде бөлімше командирі қызметін атқарған. 2-рет оқ-дәрі, қару-жарақ тиеген эшелондарды Орша қаласына жеткізген. 1944 жылы Польша жеріндегі соғысқа, ал 1945 жылы Берлинді алуға қатысқан. Соғыстан кейін елде ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен. “Қызыл Жұлдыз” , “Отан соғысы” ордендерімен, “Варшаваны азат еткені үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, Кеңес Одағының Маршалы Жуков Г.К медальдарымен марапатталған.
АҚҚАН ҚАН ДА, ТӨГІЛГЕН ТЕР ДЕ БӘРІ ДЕ БІР МҮДДЕ ҮШІН -ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,Жүр есінде сан жарық, сапарларың.Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Қожанов. Д Астана қаласындағы “Бәйтерек” ғимаратында бір топ ардагерлермен бірге.
Соғыс ардагері Қожанов Даражат отбасымен бірге.
Соғыс ардагерінің Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Назарбаевтың, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Д.Назарбаеваның, Маңғыстау облысы әкімі Қ.Көшербаевтың, Маңғыстау облысы әкімі Б.Палымбетовтың құттықтаулары.
Соғыс ардагерінің медальдары.
Қожанов.Д Астана қаласындағы “Отан қорғаушылар күні” және “Ұлы жеңіс күні” мерей тойында бір топ соғыс ардагерлерімен бірге.
Соғыс ардагерін марапаттаған мерекелік медаль куәліктері.
Ұлы жеңістің-60 жылдығына орай, мерекелік төс белгісін марапаттауда.