Презентация: «Білім сапасын арттыруда?ы топты? ж?мысты? тиімділігі ж?не о?ытуды жа?сарту?а ы?палы»
Құмарова Құралай ТұрғалиқызыШ.Т. Еркінов атындағы орта мектептің І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнініңи мұғалімі
«Білім сапасын арттырудағы топтық жұмыстың тиімділігі және оқытуды жақсартуға ықпалы»
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Мұхтар Әуезов
МақсатКүтілетіннәтижеТоптық жұмыс арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, белсенділігі мен қызығушылығын дамыту, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ортада өзінің ой – пікірін ашық айту, бір – бірінің пікіріне құрметпен қарауын жолға қоюыТоппен жұмыста сұраққоюға, бір-бірін тыңдауға бейімделеді.Өзара диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы шығармашылық қабілеттері артады
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс – тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестіке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер – ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру – мұғалімдер қауымының басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деп ұлы Абай айтқандай, озық ойлы, білімді адамдар заман мен қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.
«Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәніне тиімдісі, бала қызығушылығын туғызатыны, білімін жетілдіретіні – қалай оқу керектігін үйрету, соның ішінде ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс түрі. Ынтымақтастық оқу – өзара іс – әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Топтық жұмыс түрі сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады.
Педагогикада топтық жұмыс немесе бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.3. Сабақта оқушылар әр сыныптасының көзқарасымен танысудан пайда алады.4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой – пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.5. Топпен жұмыс кезінде оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар бір – бірінің әр түрлі көзқарастары мен пікірлерін тыңдап, талқылайды. Өз идеяларын ортаға салуға және сол айтқан пікірін қорғауға дайын болады.
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне жаттығу жұмысы Жалпы мақсатыСөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерінен алған білімдерін нақтылау, қайталату, еске түсіру, жаттығу, талдау жұмыстарын жүргізу;Күтілетін нәтижеСөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін өз беттерімен ажырата алады. Сөйлемді сөз тіркесіне талдайды, сөз тіркесін түрлеріне ажыратады. Сөздердің байланысу түрлерін ажырата отырып, сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап біледі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу
«5W» әдісі. (5 НЕ?) Қызығушылықты ояту
І топ Интербелсенді тақтамен жұмысМағынаны тану.
«Мағынаны тану» ІІ топ тапсырмасыСөзжұмбақ шешу
Оқулықпен жұмысІ топқа249 – жаттығу. Сөйлемді сөз тіркесіне ажыратып, байланысу түрін анықта.ІІ топқа250 – жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаға назар аудар. Бұлар сөз тіркесі бола ма жоқ па, түсіндір.
Сергіту сәті«Кім тапса, сол айтсын» І топқаКөреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін. ІІ топқаШәкіртке жанашыр, мейірман кім, жаны асыл?
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
«Ой толғаныс» «Мен не білдім, не үйрендім?»
ПОПС формуласы «Менің ойымша ... » «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ... »«Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім ... »
style.rotation
style.rotation
style.rotation
style.rotation
Бағалау
Оқушы үні
1. Оқушылар оқу – тәрбие үрдісінде ғылымға ынтық боп тұрады. Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Ал осы қасиеттер, яғни намыс пен мақтаншақтық балаларды бір – бірінен кейін қалмауға үгіттейді.2. Топпен жұмыс кезінде оқушылар бір – бірімен сөйлеседі және мәтін бойынша теориялық білімдерін де ортаға салады, бір – бірін тыңдайды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады сөйтіп топ ішінде өзін – өзі оқыту жүзеге асады.3. Топпен жұмыс жасау кезінде оқушылардың бір - біріне сыйластығы артады, кейбір мәселе төңірегінде дауласады, қайта келісімге келеді, өзара бәсекелестік туады, ал осы бәсекелестік оларды жеңіске жетелейді.4. Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Әр оқушы өзіне бекітілген тапсырманы орындауға жауапкершілік алады және өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде жақсы сақталады әрі жадында тез жатталады.
Тыңдағандарыңызға рахмет!