Сладй семинар для классных руковадителей
Тақырыбы: «Сыныптағы қиын оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары» Күн тәртібінде: Психологиялық тренинг «Сіз қандай сынып жетекші?»«Сыныптағы қиын оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары» А) Ой қозғау «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» Ә) Таныстырылым Сыныптағы қиын оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу жолдары Р.АсиповаБ) Қиын балалармен психологиялық жұмыстарды атқару тәсілдері Д Айнединова ІІІ. Реттегі жұмыстар:2 жартыжылдықта өткізілетін ашық тәрбие сағаттарҚаңтардан бастап асханаға кіретін оқушылар туралыҚаңтар айында тәрбие саласы бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстыру
Сіз қандай сынып жетекшісіз?123456879
Жауабы:1-2-3 таңдағандар- Кез келген ортада өзін көрсете алатын,ашық,жарқын,көпшіліктің алдына шыға алатын,істеген істерінен нәтиже шығара алатындар,бірақ бұл топтағыларды жиі мақтап қоймаса істері алға баспайды,мақтауды сүйетін жандар
7-8-9 таңдағандар- Керісінше бұл топтағылар ойын сыртқа шығара алмайтындар,бірақ үнемі ізденісте жүретіндер,білімділер
4-5-6 таңдағандар- Жұртқа үйреткенді жақсы көретін,жаңашыл,білмегенін сұрайтын,ізденіп жүрген сынып жетекшілер
Ой қозғау«Қиын балалар дегеніміз кімдер?»
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» Ахмет Байтұрсынұлы
«Қиын балалар дегеніміз кімдер?» сұрағына «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады.
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді.
Қиын оқушының мінезі қалай болады?«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін», - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады. . Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық. Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
«Қиын» бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы қалай түзетеміз?
Қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;Мінез құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;«қиын» баланың ынта ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасату;өзін - өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста болу.
1-Жағдаят Бір күні 1-сыныпта оқитын Самат сабақтан қашып, мектепке бармай қалды. Соңғы кезде ол тек мектептен емес, бәрінен қашқалақтайтынды шығарды.
Жағдайға сипаттама: Кішкентай Самат әке-шешесінің көптен күткен баласы еді. Ол биыл 1-сыныпқа барғанда әке-шешесі қатты қуанды. Оның әкесі араққа жақын еді. Арақ ішіп келген күні үйде береке болмайтын, айқай шығаратын, анасына тиісетін. Анасы қашып-пысып жүргенде Самат қараусыз қалып, сабаққа сол күйі дайындықсыз келетін. Сол үшін мұғалімнен де талай рет ұрыс естіді. Сондай күндері сабаққа келгісі келмейді, бірақ басқа амалы жоқ. Мұғалім: «Неге сабақ оқымадың? Сабақтан соң қамап қоям» - деп қорқытып, қолына кітабын беріп, бұрышқа тұрғызып қоятын. Сол кезде мұғалімнің бетіне қарай алмай, кірерге жер таппай қатты қиналатын. Соңғы уақытта Самат сыныпта ешкімге қосылмай, оқшауланып жүретінді шығарды. Бір күні Самат сабаққа бармай қалды. Мектептен келетін уақыты әлдеқашан асып кеткесін, анасы мұғалімге телефон шалғанда оның сабаққа бармағанын біледі. Күн болса, салқын, қанша дегенімен қыс мезгілі. Анасы не істерін білмей, жылап, айналасындағы барады-ау деген үйлердің бәріне кіреді. Ешбірінде жоқ болып шығады. Амалсыздан болған жайды әкесіне айтады. Әкесі істің байыбына бармастан, салып ұрып «Баламды тауып бер» - деп мұғалімнің үйіне барып айқай шығарады. Ал Самат болса, өзінің сарайына барып, қаптағы қырқылған жүннің үстіне 1-2 сағат отыра тұрайын деп ұйықтап қалған. Осы болған жайға байланысты ата-анасы мұғалімді, мұғалім ата-ананы кіналады. Талдау: Сіздің ойыңызша бұл жерде кім кінәлі?
«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» - М.Жұмабаев.