Презентация для научной работы на казахском языке Виды яблок (Алма т?рлері)


Бағыты:Табиғат және экологияТақырыбы: Алманың отаны-ҚазақстанОрындаушы:Әбунасыр қызы Несібелі 2013 жылҚызылорда облысыЖаңақорған ауданы№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектеп
ppt_xppt_y
ppt_xppt_y
Туылған күні, айы ,жылы:02.04.2004 жылСыныбы: 3 “а”Сүйіп оқитын пәндері:МатематикаҚазақ тіліАты-жөні, тегі: Несібелі Әбунасырқызы Мепктебі:№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектепТүйіндеме азмұныІ.КіріспеТүрлі-түрлі алмаларІІ.Негізгі бөлімА) Алма пайдалы ма, зиян ба? Ә) Алматының-апортыБ) Алманың отаны қай ел? (Алматының апорты)ІІІ. ҚорытындыІҮ. ҰсыныстарҮ. Жеткеші аннотациясыҮІ. Пайдаланған әдебиеттер үрлі –түрлі алмалар Алма (лат. malus) — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.Алманың зиян кестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі. КингаЖемісінің салмағы (115 г). Түсі жасыл–сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті. Шілделік ЧерненкоЖас ағаш жемісінен салмағы (80– 100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл – тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді МелбаШырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл – тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі. Россошан алмасыЖемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашық – жасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар. Ерте пісетін қызыл алмаЖемісі орташа (70—90 г), нәзік шырынды, қышқыл – тәтті. Жазғы алтынЖемісі орташа жемісі (100—115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді. Күздік шаттықЖемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды. Жас натуралистЖемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл- сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл -кермек. Мичурин естелігіЖемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды , қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып. Мичуриндік бессемянкаЖемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар. Сұрғылт Анис Жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді,2 айға сақталады. Багайлық Мальт Фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл -тәтті, дәмі кермек. АнтоновкаДәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады. Қазақстан жерінде өсетін алманы түрлеріСервис алмасыНедзвецкийалмасыҚырғызалмасы Алма күні аталып өтедіЕң алғашқы алма күні 1990 жылы 21 қазанда Англияда аталып өтті.Міне 23 жыл бойына осы күні барлығына демалыс беріліп,осы күн аталып өтіліп келе жатыр.Бұл күні сіз алманың 100 ден астам түрінің дәмінтатып көре аласыз. Тым қарапайым сұрақ. Сіздердің бірауыздан алманың пайдалы екендігін айтатындықтарыңызға сенімдіміз. Алайда, диетолог мамандар алманың зиянды тұстарының бар екендігін естен шығармауға кеңес береді.Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, цинк, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет терісінің түсін жақсартып жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады. лма пайдалы ма, зиян ба? Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай жаман қырын байқамағаныңызды айтарсыз. Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек жолдарының жұмысына зиянын тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден, құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі язваны ұлғайтып жіберу қаупі бар. Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген. Алма берсем жеймісің? Жер шарында бұл алмалардың 36 түрі белгілі. Алайда тек 10-нан астамының ғана шаруашылық маңызы бар.  Негізінен, алманың Отаны — Орталық Азия. Уақыт өте келе алманың түр-түрі осы жерден Египетке және Палестинаға жеткізіле бастаған. Біраз, яғни кейінірек Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада да алма пайда бола бастаған екен. Қазақстанда алманың «сиверс», « недзвецкий», « қырғыз алмасы» өседі. Алманың өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі — 3 — 10м. 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды.лманың отаны қай ел? Еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласының атауы алма жемісімен байланысты. Сондықтан, алма – Алматы шаһарының символына айналды. Ал алманың төресі – апорт. Бүгінде Алматы мен апортты егіз ұғым ретінде қабылдау қалыптасты. Осы мақсатпен, Алматы және апорттың жайын бір-бірінен бөле жармай, бірге қарастыруды ұйғардым. Былтыр, Оксфорд университетінің ғалымдары жеміс атасы – алманың шыққан аймағын таптық деп, жаһанға жар салды. Дүниежүзіне білім-ғылымының өзгелерден оқ бойы озықтығы­мен аты мәшһүр оқу ордасының биолог-ғалымы Б.Джунипердің хабарлауынша, жемістің түпкі отаны Тянь-Шань тауларын­дағы жабайы бақтар екен. Сонау ықылым замандарда осы өңірде өскен жеміс, түрлі жолдармен дүниенің төрт тарабына тарайды. Алманың өзге құрлық, мемлекеттерге жеткізілуіне байланысты бұл ойды ғалым­дар былайша тұжырады: «Титімдей дәннен өсіп-өнген – алма Парсы шығанағы арқылы романдарға, роман әскерлерінің көмегімен Кәрі құрлыққа тараған». Демек, алманың тұқымы жайылып, жас шыбықтан мәуелі ағашқа айналған жері – Алматы. Алғашқы алма Алматы қаласының маңында пайда болса, Кеңес өкіметі шекпенінде жүрген елдердің егемендік алуына бастамашылық танытқан да осы қала. Демек, ежелде «Алмату», «Алмалық» атанған Алматы шаһары жемістің жай ғана көгеріп, көктеген жері емес, ол тастақ топырақты тесіп шыққан нәзік гүл – Тәуелсіздіктің тұқымы түскен, егемендіктің алтын бесігі болған аймақ. Алма ағашы күн шуағына бөленіп, жаз мезгілінде топырақта өсіп-өркендесе, кеңес­тік жүйені күйретуге себепкер болған 1986 жылғы азаттықтың алғашқы қадамы қақаған қыс, желтоқсан айында бостан атануға талпынған қазақ ұлтының дархан көңілінде, текті қаны тулаған асау жүрегінің түкпірінде бүршік жарды. Алма жайлы сөз қозғағанда Алматының апорты жайлы сөз қозғамау әбестік болар.Сондықтан Алматының апорты жайлы сөз қозғамаққа бел будым. Апорт Америкада емес, Алматыда өседi. Яғни, жемiс қазақ топырағына тән. Өкінішке қарай, алманың бұл сұрыпын базар мен дүкен сөрелерінен табу қиындық тудыратын болды. Кейінгі кездері апорттың жоғалып кетуiнiң 14 себебiн дәлелдеген.Бiрiншiден, апорттың мүшкiл күйге түсуiне – оны жүйесiз көбейту себеп болды. Ұластыруға арналған қалемшелер кез-келген ағаштардан алынды. Негiзi мұн­дай қалемшелер жемiсi сапалы, дәмi мен иiсi сұрыпқа тән, өнiмi көп арнайы аналық ағаштардан алынуы керек едi. Бiрақ осы жағдайды кезiнде ешкiм ескермедi. Өткен ғасырдың 1950-51 және 1968-69 жылдарда қыстың суық болуынан кейiн жағдай тiптi де шиеленiстi. Қатты аязда, бiрнеше жыл қатарынан сұрыпталып iрiктелген апорттың нағыз ана ағаштары үсiп кеттi, не зақым­данды. Ал алмасының сапасы нашар, өнім­ділігі төмен ағаштар аман қалды. Осы ағаш­тан қалемшелер дайындалды. Сөйтiп, апорт­тың келесi ұрпағының тағдыры әл­жуаз алма ағаштарына тәуелдi болды. Екiншiден, апортқа телiтушi ретiнде тек жергiлiктi жабайы алма ғана сәйкес келедi. Өкiнiшке орай, бұл қаперге алынбады. Тұқым даярлау iсi өз дәрежесiнде жүргiзiл­медi. Оның сапасы да назарға алынбады. Сондықтан телiтушiлер өсiп-өнбедi. Тiптi, 1970 жылдары телiтушi қызметіне қытайдың және сiбiрдiң жемiсi уақ алма ағаштары қолданылды. Әрине, олар көлемi баланың басындай апортқа еш сәйкес келмейдi. Тiптi, бiр-бiрiн бөтенсидi. Осы жайттердiң барлығы апорттың азуына ықпал етті.лматының апорты Алматыдағы “үлкен алма” Алманың отаны атану үшін талай елдер өзара тартысқа түсуде.Алайда алманың нағыз түпкі шыққан жері – Қазақстан екені сөзсіз.Сондықтан да “Алманың отаны-Қазақстан” деген сөзді тайсалмай айту үшін біздің ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Алайда мен осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында көп жағдайларды түсіндім.Біздің еліміздегі алмалардың өте сирек көздесетін түрлері жойылып бара жытыр екен.Ал, біз оған қол қусырып қарап отырмауға тиіспіз.Бізде осы алма тұқымдарын көбейтіп, “алманың отаны” атағын дәлелдеуіміз керек.Болашақта еліміз бұл жойылып бара жатқан түрлерді көбейтіп, “алманың отаны” титулын дәлелдеп шығарына сенімдімін. ҰсыныстарМектеп оқушыларынан топ құралып, алманың жоғалып бара жатқан түрлерін көбейту мақсатында алма түптерін отырғызу барысында жұмыстар жүргізілсе;Мектеп оқулықтарында алманы атасы-апорт жайында мағұлматтар кеңінен берілсе;“Алматы – алма қаласы” атты сурет көрмелері өткізілсе; Жетекші аннотациясы3 “а” сыныбының оқушысы Әбунасыр қызы Несібелі “Алманың отаны-Қазақстан” атты зерттеу жұмысын өте жоғары дәрежеде қорғаған.Өзінің жас дәрежесіне қарамастан алма жайлы толық мәлімет бере отырып, өзінің ізденімпаздылығын көрсете білді. Мен Әбунасырқызы Несібеліден болашақта үлкен үміт күтемін. №209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептің 3 “а” сынып жетекшісі: Шалабаева Бейсенкүл. Пайдаланылған әдебиеттер↑ Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3↑ Қазақ энциклопедиясы↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Назарларыңызға рақмет!