Алгоритм, программа ??ымдары Алгоритмдерді? орындалуы. Алгоритм ?асиеттері.
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Алгоритм, программа ұғымдары Алгоритмдердің орындалуы. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмдеу және программа-лау туралы ұғымдарын қалыптастыру, алгоритм қасиеттерін түсіндіру. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850жж.) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математика-лық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағанасы әлдеқайда кең.Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен,яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Кез келген есепті қарапайым амалдардың тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазу керек.Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады.Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен жұмыс істейді.Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін- программа деп қарастыруға болады. Алға қойған мақсатқа жету бағытында атқару-шыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар ретін алгоритм деп атайды. Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзегеасыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәлжазуға арналған ережелер жүйесін программа дейміз. Алгоритмдердің орындалуы Алгоритмді орындаушының рөлін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылға, яғни компютер, робот т.б. атқарады. Мысалы, у=(ах+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-әрекеттерден тұрады:а * х =R1;R1 + b = R2;с * х = R3 ;R3 -d= R4;R2 * R4 =y. Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:Мектепті бітіру.Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытындысымен бірге белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.Конкурстан өту.Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті 2.Алгоритмнің үзіктілікқасиеті 3.Алгоритмнің нәтижелікқасиеті 4.Алгоритмнің жалпылықн/е ортақтық қасиеті 5.Алгоритмнің формальды орындалуы Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын,нақты анықталған болуы керек. Үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек. Кез келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек. Егер есептің шешуі болмаса «шешуі жоқ» деген нәт.беруі к/к белгілі бір есепке арналмай, осы тәрізді есептерді шешуіге мүмкіндік беретіндей етіп құру қажет Белгілі бір орындаушыға арналып құрылуы керек Мысал: У=(А*Х2 +В )/ (Х2 -С )X * X =R1;A*R1 = R2;R2 +B= R3 ;R1 -C= R4;R3 / R4 =У Берілген формулар бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрындар:А) у= (5x2- 4)(x2+7);В) у=( 3-(х-5)2)/(х-5)2+8. . Төмендегі алгоритм бойынша у-тің мәнін өрнектеуге арналған формула құрыңдар.А)Х-тің х-ке көбейтіп, нәтижені А1 деп өрнектеңдер;А1-ді 5-ке көбейтіп, нәтижені А2 деп өрнектеңдер;А2- ден 6-ны азайтып, нәтижені А3 деп өрнектеңдер;А1-ге 4-ті қосып, нәтижені А4 деп өрнектеңдер;А3-ні А4-ке бөліп, нәтижені у деп өрнектеңдер; В)Х-ке 1-ді қосып, нәтижені В1 деп өрнектеңдер;1-ді В1-ге бөліп, нәтижені В2 деп белгілеңдер;В2 –ден 1-ді азайтып, нәтижені В3 деп өрнектеңдер;В2-ге 1-ді қосып, нәтижені В4 деп өрнектеңдер; В3-ті В4-ке бөліп, нәтижені В5 деп өрнектеңдер;В5-тен 1-ді азайтып, нәтижені у деп өрнектеңдер. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты?Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?Алгоритмнің үзіктілігі дегенді қалай түсінесіңдер?Алгоритмнің ортақтығы дегенді қалай түсінесіңдер?Алгоритмнің нәтижелілігі дегенді қалай түсінесіңдер?Алгоритм командасы дегеніміз не?Программа дегеніміз не?