Презентация на тему Алгоритмні? жазылуы


Алгоритмнің жазылу түрлері.Блок-схема
Алгоритм жазу жолдары Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған: табиғи тілдегі жазылуы; белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;графиктік жолмен жазу; программалау тілдеріндегі жазылуы. Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез - келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс - әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір - бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады. блок - схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек; блок - схемада бірімен – бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек;блок - схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет; Блок - схема құрудың төмендегідей ережесі бар: Сызықтық алгоритмнің блок-схемасы Тармақталған алгоритмнің блок-схемасы Циклдік алгоритмнің блок-схемасы