Презентация на тему: ?лтты? сыныптарда мемлекеттік тілді ме?геруде билингвалды о?ыту ?дістемесін ?олдану


Семинардың мақсаты: Ұлттық сыныптарда білім беруде билингвальды оқыту әдістемесін пайдалануын жетілдіру, педагогтердің кәсібі шеберлігін арттыруга ықпал ету Елбасы өзінің халыққа Жолдауында қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ресми тіл, ағылшын тілін жаһандық экономикаға кірігу тілі ретінде қарастырып, бәсекеге қабилетті болудың ең негізгі шарты көп тілді білу деп баса айтқаны белгілі «Билингвизм» - бұл екі түрлі тілді, ана тілімен бірдей кез келген екінші тілді жоғары деңгейде меңгеру «Билингвизм» білім алушының екі тілді де еркін меңгеру және екі тілде белгілі бір мөлшерде мәдени құндылықтарды игеруі. Сол ушін билингвалды оқытуды екі түрге бөлуге болады: мазмұндық және пәндік Көп тілді және билингвальды білім беру моделін енгізудің мақсаттары: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде, үш тілде білімдерді меңгерген, көп тілді коммуникативті құзырлықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыган тұлганы қалыптастыру» * Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қойылатын талаптар ерекше: Тіл үйренудің барлық формаларын /ауызша, жазбаша, аудио –көріністі материалдар т.б./ сонымен қатар дидактикалық материалдарды шектемей қолдану 2. Екі тілде білім беру кезіндегі мақсат- қазақ тілі білім берудің құралы болып есептелінеді Мемлекеттік тіл-сол мемлекетте тұратын, сол жерді өзінің тарихы ОТАНЫ деп білетін, сол жерді мекендейтін тұрғылықты халықтың тілі 4. Қазақ тілі – қазақ халқының және қазақ мәдениетін жеткізушілердің тілі Ұлт мектептерінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мазмұны тілдің табиғы екі жақтылығымен ескертіледі Біріншіден, тіл- ережелер мен белгілер жүйесі, екінші жағынан, тілдік қызметіЕкіншіден, қазақ тілін оқытудың мазмұны: тілдік қарым –катынастағы дағды мен шеберлік /жиі қолданылатын, тілді, қарым-қатынастағы/, лингвистикалық компонент, жүйелі бір бағыттағы, бір мақсаттағы рецепті /тыңдау, айту/ және тілдік қызметтерді өнімді /сөйлеу, жазу/ іске асыруҮшіншіден, ең негізгі талап, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайта отырып, оқушылардың ұлттық дамуын сақтауТөртіншіден, мектептерімізде екі тілде оқытуда ең алдымен шәкірттеріміз қазақ тілін толық әдеби нормада білуі қажет, күнделікті өмірде қолдану керек Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде көптілді және билингвальды білім беру моделін ендірудің өзектілігі Бүгінгі Қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуыҰлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңестігіне интеграциялануындағы мәселелерді шешу қажеттілігіБолашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлт аралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеүдің өзекті мәселеге айналуыАз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың қазақстандық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толық қанды қосылуына жағдай жасауМектеп бітірушілерінің коммуникативті және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу Алғаш билингвиальды білім беруге қарсы ең негізгі кедергілер төмендегіше болды: Мысалы, психологиялық дискомфорт, оқудағы жарамсыз қобалжу, үрей, тілді меңгере алмау, сөйлей алмауы, оқысқорку, ерік- күшінің жетіспеуі, өзіндік ойлауының құлдырауы, екінші тілде сөйлей алмай, үзіліс болып қалу, екінші тілді меңгеруде үйде немесе қоғамда ешкім қолдамау сияқты жағдайлар Билингвальды оқытудың маңызы: Оқушылардың білім сапасы көтеріледіҰйғыр мектептерінде бала санын сақтап қалуға көмектеседіҰБТ-ға оқушыларды дайындауға ықпалын тигізедіКөп тіл білетін, басқа ұлттардың салт-дәстүрін қадірлей білетін мәдениетті, отансүйгіш тұлға тәрбиелейді Тәжірибенің өзектілігі: Қазіргі қоғамның билингвальды оқытуды талап етіп отырғаны және билингвальды оқытудың теориясы және әдістемесі бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар болмаса да, тәжіребеде қолданылуыҰйғыр тілінде оқитын сыныптарда оқыту әдістемесіне билингвальды оқытудың әдістемелік тәсілдерін енгізуТәжірибе ғылымы, қоғамдық және қолданбалы маңызға ие Тәжірибенің негізгі қағидалары: орта мектепте негізгі пәндерді оқыту әдістемесінде қазақ тіліндегі материалдарды жүйелі түрде қолданупәндерді оқытуда интегративті әдіс кеңінен қолданылады, себебі сабақ екі тілде жүргізіледі. сабақта қосымша материалдарды екі тілде қолдану мүмкіндігі асадыпәндерді оқыту әдістемесінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді билингваль ды негізде қолдану жүзеге асырылады Тәжірибенің мазмұны: - сөздік әдісте билингвальды әңгіме, билингвальды түсіндіру, билингвальды пікір-талас сияқты тәсілдер қолданыладысөздік-көрнекілік әдісте көрсетілімдер билингвальды түсіндірме арқылы көрсетіледісөздік-көрнекілік-тәжірибелік әдістер тобында билингвальды жаттығулар орындау, оқушы экспериментінің нұсқауы екі тілде беріледіойын әдістері пәндерден рөлдік және дидактикалық ойындарды өз ішіне алады Тәжірибенің негізгі құрылымы Билингвальды оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастырушылық- әдістемелік және нәтижелік-бағалау компоненттерінен тұратын концепциясы жасалдыНегізгі пәндерді оқытуда білім сапасын арттыру мақсатында, билингвальды оқытудың концепциясы және теориялық моделіне негізделген арнайы әдістеме жасалдыОқушылардың пәнді екі тілде меңгеру сапасын арттыру мақсатында, билингвальды дидактикалық материалдар қолданыладыЭксперименттік зерттеу нәтижелерін сараптау негізінде билингвальды оқытудың пәндердің әдістемесіне еңгізілуі оқушының дүниетанымын кеңейтуде, білім сапасын арттыруда және кешенді тестлеуде грант иегері атаныуында маңызды екені анықталды Мұғалімнің тәжірибені қолданудағы жұмысының нәтижесі: - мақсатты - пәннен оқушының білім сапасын арттырадымазмұнды – оқушыда билингвальды-интегративтік білім жүйесі, пәндік мағлуматтық – коммуникативтік дағдылары, пәнге деген қөзқарасы қалыптасадыұйымдастырушылық-коммуникативтік дағдылыры қалыптасады- пәнді оқытудың нәтижелік сапасы артады