?АЗІРГІ ЗАМАН М??АЛІМІ (жас мамандар?а к?мек)
Сабаққа дайындықты неден бастау керек? 1) өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;2) тақырыптағы сабақтың орнын, ал тақырыптың жылдық оқу бөліміндегі орнын анықтау;3) сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;4) сабақтың мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, сабақтың негізгі басшы міндетін ашып көрсету, мақсаттар мен міндеттердің оқушыларға түсінікті, оңай, қолайлы болуы үшін жоспарда оны жазып және олармен таныстырып отыру;5) сабақ бағытталып жүргізілетін негізгі түсініктерді анықтау немесе керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;6) оқушы сабақта нені түсініп, нені есте сақтауы керектігін анықтау, сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;7) оқушыға қандай оқу материалын, оған қатысты қандай қызықты деректерді, оларды дәлелдейтін басты идеяларды қанша көлемде, қалай хабарлау керектігін анықтау. Нені әрқашан есте сақтау қажет:1. Жинақы болу, оқушылар алдына нақты және анық мақсаттар қою, оқу материалында логиканы сақтау.2. Мейірімді болу, оқушыларға тіл тигізбеу, олардың білмегеніне немесе түсінбегеніне ашуланбау. Егер оқушылардың көпшілігі өтілген материалды білмей немесе түсінбей жатса, қателікті ұйымдастыру тәсілі мен әрекетінен іздеу керек.3. Сабақ айтып тұрғанда оқушының сөзін бөлмеу, оның ойын толық айтуына мүмкіндік беру. Нақты емес жауап түсініксіз сұраудың ізі болуы мүмкін.4. Оқушылардың талаптарды қалай түсінгендігіне қарай тапсырмалар мен нұсқауларды міндетті түсініктемелер арқылы анық және қысқа беру.5. Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдайтынын бақылау. Тыңдауды, ынтаны жоғалту – екпінді өзгерту, мазмұнды қайталау немесе сабақ барысына қосымша материалдарды енгізу керек деген белгі.6. Ынта көрсеткіші - белсенді тыңдау екенін есте сақтау және білімге жұмылдыру.7. Уақытты үнемдеу, сабақты уақытында бастау, қоңырауға дейін аяқтау, оқушылардың ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу.8. Әркім өзінің талабын орындауға тырысу. Бір де бір талап сабақта жай көрініс болмауы керек.9. Сабақ қарқыны қарқынды, бірақ көпшілік үшін күшті болуын қолдау.10. Оқушыларға сұрақтарды түрлендіру, олардың ынталарын қолдау, белсенділіктерін мен мәлімдеулерін мақұлдау.