?лем елдері: Палестина ж?не Шри-Ланька
Жоспар.1.Палестина2.Корея Республикасы3.Сауд Арабиясы4.Сингапур5.Сирия6.Тәжікстан7.Тайланд8.Тайвань9.Түрікменстан10.Түркия11.Өзбекстан12.Филиппин13.Шри-Ланка Оңтүстік Корея туы мен елтаңбасы Оңтүстік Корея Республикасы (кәрісше Хангук— таң самалының елі) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Халқы — 46,1 млн. адам (1999). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (11 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон. Табиғаты. Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Климаты жағынан солт. — континенттік муссондық, оңт. — субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура солтүстікінде –2С (тауларда –30 — 40С-қа дейін), оңтүстікінде 4С, тамыз — шілде айларындағы темп-ра 22 — 26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі. Экономикасы 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі. Жұрты. Корейлер елдегі негізгі ұлт, аздаған (100 мыңнан аспайтын) қытайларды есептемегенде (олардың көпшілігі Гонкоңнан, Макао, Жапония, Малайзия, Үндістаннан, Филиппиннен келгендер). Iрі қалаларында, әсіресе Сеулде, бизнес пен білім саласында көптеген шетелдіктер жұмыс істейді. АҚШ-тың 28000 адамнан тұратын әскери контингенті де бар. Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарымқатынасы Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Солтүстік Корея туы Елтаңбасы Солтүстік Корея Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері: 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 ж., Күн мерекесі), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген. Табиғаты.КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағында Корей таулары орналасқан. Түбектегі ең биік тау осы елде (Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және муссондық. Қаңтардағы орташа темп-ра –21С, шілдеде 22 — 26С Тарихы.КХДР-дің 1945 жылға дейінгі тарихы Корея Республикасымен ортақ (қ. Корея). 1945 ж. Корей түбегінің солт-нде КСРО әскерлері орналасқаннан кейін ел социализм орнату жолына түсті. 1946 ж. КСРО-ның көмегімен корей коммунистері Ким Ир Сен басқарған Уақытша үкімет құрды және жер реформасын жүргізе бастады. 1948 ж. 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. КСРО өз әскерін түбектен алып кетті. 1950 ж. КХДР бұрынғы біртұтас елді біріктіру үшін Оңтүстік Кореяға басып кірді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1950 ж. 25 маусымда КХДР агрессиясын айыптайтын және екі күннен кейін Оңт. Кореяға БҰҰ мүшелері тарапынан әскери көмек беретін қарарлар қабылдады. Оңт. Кореяға АҚШ, ал КХДР-ге Қытай еріктілері (1 млн-дай адам) көмектесті. КХДР жағына КСРО да көмектесіп, елдің ішкі аудандарын АҚШ авиашабуылынан қорғады. 1951 ж. екі жақ та шабуылдаушы күштерін сарқып, қорғаныстық соғыстарға көшті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс аяқталды. 20 ғ-дың 70-жылдарының басында және 80-жылдарының 2-жартысында КХДР үкіметі көршісіне елді біріктіру үшін келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды. 1991 ж. желтоқсанда екі Корея мемлекеті бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге келді. 1992 ж. ақпанда бірлескен декларацияға қол қойылды. КХДР-де қандай да бір шет ел азаматтарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. 1972 ж. президенттің атқарушылық қызметін қайта қараған Конституция қабылданып, ол бойынша корей халқы “Ұлы қолбасшыға”, яғни Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирге шексіз берілу рухында тәрбиеленуде. 1994 ж. Ким Ир Сен қайтыс болып, орнына ұлы Ким Чен Ир сайланды. 1996 — 97 ж. КХДР-де экономика құлдырап, елді аштық жайлады. БҰҰ мүшелері елге азық-түлікпен көмектесе бастады. Бірақ қазіргі таңда демокр. елдерге қауіп төндіріп, ядр. қару жасап жатыр деген желеумен АҚШ КХДР-ды “қауіпті елдер” тізіміне кіргізіп отыр. Экономикасы.20 ғ-дың 50 — 60-жылдары КСРО-ның, Шығ. Еуропадағы соц. елдердің, Қытайдың қайтарымсыз қаржылай, тех., материалдық көмектері арқасында ел экономикасы тез көтерілді. “Қалалар мен селоларда социалистік қайта құрулар жүзеге асырылғаннан” кейін (1958), елді индустрияландыру мәселесі шешілген соң (1970) КХДР-де идеол., тех., мәдени революцияларды жүзеге асыру мәселелері алға қойылды. Оңт. Кореямен арадағы шиеленістерге байланысты қорғаныс мәселелеріне үнемі көп көңіл бөлуіне тура келді. 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап ел экономикасы сырт елдерден тұйықтала бастады. Елдің қазіргі жылдық ұлттық табысы 21,45 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде, жеке адамға шаққанда — 950 долл. Сыртқы қарыз — 9,8 млрд. долл. Экспортқа металдар, тоқыма өнімдері, ауыр машина өнімдері, жеміс-жидек шығарылады, мұнай мен мұнай өнімдері, құрал-саймандар, астық, көмір, тамақ өнімдері импортталып әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Қытай (импорттың 32,6%-ы), Жапония (экспорттың 27,9%-ы), ТМД елдері, Оңт. Корея, Германия, Италия, Иран. Сауд Арабия туы Елтаңбасы Сауд Арабиясы- Арабия түбегіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі. Солтүстігінде Иордания,Ирак, Кувейт, шығысында Катар, БАӘ, оңтүстік-шығысында Оман, оңтүстігінде Йемен елдерімен шектесіп жатыр. Солтүстік-шығысында және батысында Қызыл теңіз шайып жатыр.Мемлекеттік тілі- араб.Астанасы – Эр-Рияд қаласы.Ірі қалалары Эр-Рияд,Джидда. Жер көлемі – 2218000км.2. Сауд Арабиясын көбіне “екі мешіт орналасқан қала” деп атайды, мұнда Мекке және Мәдина – 2 ірі ислам қалалары болып табылады. Түркия - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жұрт саны - 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясынын ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Грузиямен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Армениямен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас. Ең ірі қаласы Ыстамбұл.Ресми тілдері түрікше.Үкімет түрі Парламенттік Республика. 2005 сарап 72,600,000 . Ұлттық пұлы Жаңа түрік лирасы. Географиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Греция, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.Елдің солтүстік шығысында Армя Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады. Түркия туы, елтаңбасы, географиялық орны. Түрікменстан туы мен елтаңбасы Түрікменстан (түрікменше: Tьrkmenistan) — жер көлемі 488,1 мың кмІ алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.Түркіменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түркіменстанның Ашғабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түркіменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм арнасы.Сонымен бірге, канал 1 млн жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км.Елдің қыс айларындағы орташа температурасы 26—32 °C, ал жаздағы ыстық 70 °C асады. Әкімшілік бөлінісуі.Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді. Жұрты.Халқының саны 6 млн адамға жуық.Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түркімендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирақ, Сүрия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асады екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа әрмендер, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады.Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ. Саяси жағдайы. Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.Экономикасы. Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн mі метр, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн mІ мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.Түркіменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды. Сингапур елінің туы мен елтаңбасы Сингапур-Оңтүстік Шығыс Азия аралдар тобының құрамына кіретін мемлекет.Астанасы Сингапур қаласы.Джохор,Малайзия,Риау,Индонезиямен шектеседі.Ауданы-710,2 млн км2.Мемлекеттік тілі бірнеше тілде сойлейді ағылшын,қытай,малай,тамиль тілдері.Халқы 4,8 млн адам.Құрамында 58 ірілі-ұсақты аралдар бар,олардың ірілеріне Убин,Теконг-Бесар,Брани,Сентоса. Биік нүктесі – Букит Тимах(163,3м). Экономикасы.Елдің импорт көзі болып энергетика саналады.Сингапурда маңызды рөлді трансұлттық корпорация атқарады.Экономиканың дамуы экспортқа тікелей байланысты.Бұған тұрмыстық техника,электроникалар,дәрі-дәрмек т.б. Сингапур ең сауда аймағының дамыған ортасы. Сауда айналымы 455,3 млрд АҚШ дол.құрайды. Экспорт 235,8 млрд дол. Сингапур – Мерлайон символы «Эспланда» театры Сирия мемлекетінің туы мен елтаңбасы Сирия – Шығыс мемлекеттеріне жақын орналасқан ел.Оңтүстік-батысында Ливан,Израиль, оңтүстігінде – Иордания, шығысында – Ирак, солтүстігінде – Түркия елдерімен шектесіп жатыр.Елді Жерорта теңізінің суы шайып жатыр. Мемлекеттік тілі –араб тілі. Астанасф-Дамаск қаласы. Ірі қалалары:Алеппо,Дамаск,Хомс. Халқы -20,2 млн адам. Аумағы – 185,1 млн км.2. Өзбекстанның туы мен елтаңбасы Өзбекстан — Орта Азиядағы одаңтас республика. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қазақстанмен, шығысы мен солтүстік-шығысында Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-батысында Түрікменстанмен, оңтүстігінде Амудария өзен арқылы Ауғанстанмен шектеседі. Солтүстік жағы Арал теңізімен шайылады. Өзбекстан 1924 жылдың 27 октябрінде құрылды. Жері 447,4 мың км2. Халқы 13,7 млн.адам . Әкімшілік жағынан қүрамына Қарақалпақ АССР-і және 11 облыс кіреді. Астанасы — Ташкент қаласы. Ресми тілдері өзбекшеҮкімет түрі Президенттік республика ПрезидентіИслам Каримов. Құрылуы1747, Бұқар, Қоқан, Хорезм Жарияланғаны 1991 ж. қыркүйектің 1 Танылғаны1991 ж. желтоқсанның 8 Түгелденгені1991 ж. желтоқсанның 25 Тәжікстанның туы мен елтаңбасы Тәжікстан - Орталық Азияда орналасқан мемлекет, бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі. Елордасы -(және ең ірі қаласы) Душанбе. Ресми тілдері – тәжікше. Үкімет түрі Республика . Президенті Емомали Раһмон. Тәуелсіздігі Декларация1991 Қыркүйектің 9. Жұрты Шілде 2006 ж. сарап.7,320,0001 ,2000 ж жұрт санағы 6,127,000 . Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастарҚазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды. Саяси саладағы өзара іс-қимыл. Бүгінгі күні Қазақстан және Тәжікстан кең көлемді екі жақты қатынастар көлемінде ынтымақтастың бар саласын қамтитын елуден астам құқықтық негізі бар 70 астам келісім-шарттарға қол қойған. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың мықты импульсы ретінде 2008 жылғы 12-13 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмоновтың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды. Сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәслелелерін жоғары деңгейде үйлестіріп, шешуге және оның басымды бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін ҚР мен ТР Мемлекетаралық Үйлестіруші Кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Тәжікстанның сыртқы саудасында Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында Ресейден кейін 2 орынға ие. Тәжікстан мен Қазақстанның 2009 жылда сыртқы сауда айналымы 2008 жылмен салыстырғанда 8%-ке төмендеп 255,1 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 240,3 млн., импорт – 14,8 млн. АҚШ долл).2010 жылдың І тоқсанында ҚР мен ТР арасындағы сауда айналымы 4709 млн.АҚШ долларын құрады (экспорт – 45,3 млн., импорт – 2,5 млн. АҚШ долл).Екі мемлекет арасында екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық қазақстан-тәжік комиссиясы жұмыс істейді және осы комиссияның 7-ші отырысы 2009 жылғы 8-9 желтоқсанда Астанада өтті. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық екі мемлекет арасында даму үстінде. 2008 жылдың 20-24 қазанда Душанбеде Қазақстанның Мәдениет күндері өтті. Оның барысында қазақстандық фильмдердің көрінісі, қазақстандық аспапты және би ансамблдерінің концерттері өтті. Таиланд елінің туы мен елтаңбасы Таиланд - Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан мемлекет.Оңтүстік-батысы Үндіқытай түбегінде, солтүстігі Малакка түбегіне тиесілі.Шығысында Камбоджа,Лаос, батысында Мьянмо, оңтүстігінде Малайзиямен шектесіп жатыр.Ресми тілі – тайланд тілі.Астанасы- Бангкок ірі қаласы болып саналады. Ауданы – 514 000км.2. Халқы – 65,4 млн адам. Климаты ылғалды тропиктік және субтропиктік болып келеді. Орман территорияның 10% алып жатыр. Тайвань – Тынық мұхитындағы орналасқан арал. Астанасы – Тайбэй.Аралдың жағалауы солтүстігінде Шығыс Қытай теңізі мен оңтүстігінде Оңтүстік Қытай теңізі мен Филиппин теңізінің және шығысында Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Арал солтүстіктен оңтүстікке 394км,ені 140км-ге созылып жатыр.Ауданы- 34 507 км.2. Халқы – 667,1 млн адам.Климаты солтүстігінде субтропиктік,оңтүстігінде тропиктік муссонды.Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500-2500мм.Шілде тамыз айлары жаңбвр жауатын мезгіл болып келеді. Филиппиннің туы мен елтаңбасы Филиппин – Оңтүстік Шығыс Азия мемлекетінде орналасқан.Көптеген аралдар тобынын тұрады, Тынық мұхитынына тиесілі.Ірілі-ұсақты 7100 ге жуық аралдар бар,солтүстіктен оңтүстікке 2000км, ал батыстан шығысқа 900 км-ге созылып жатыр.Батысында аралды Оңтүстік Қытай теңізінің,шығысында Филиппин теңізінің, оңтүстігінде Сулавеси,солтүстігінде Филиппин аралдары сулары шайып жатыр.Жағалау сызығының ұзындығы – 36,3 мың км.2.Жалпы ауданы – 299,7 мың км.2. Ресми тілі пилипин,ағылшын тілдері. Астанасы – Манила. Ірі қалалары:Манила,Кесон-Сити.Халқы – 91,9 мың адам. Климаты тропиктікғ муссонды.Жауын шашын мөлшері 1000-4000мм құрайды. Шри-Ланка туы мен елтаңбасы Шри-Ланка – Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Ауданы – 65610 км.2. Ресми тілі: сингаль және тамиль тілдері. Астанасы – Шри-Джаяварденепура-Котте. Ірі қаласы Коломбо.Аралдың оңтүтігіндегі және батыстағы мүйістері Дондра және Датч-Бей. Климаты субэкваторлы муссонды болып келеді.Ірі көлдері: Махавели-Ганга,Келани Калу, Аруви-Ару.Суы жылы болып келеді.