Химия п?нінен Сутек та?ырыбы бойынша презентация
Панорамалық сабақХимия пәнінің мұғалімі: Бухарбаева Фарида УмаровнаДарынды балаларға арналған үш тілде оқытатынЮ.Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясы
Cабақтың тақырыбы: Сутегі – химиялық элемент және жай зат. Сутектің қасиеттері мен қолданылуы.Сабақ түрі: жаңа сабақСабақ әдісі: СТО әдісі (ой қозғау), түсіндіру, көрсету және диалогтік әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс, зерттеуПәнаралық байланыс: биология, физика, география Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, 8 сыныпқа арналған химия пәнінің оқулығы
Сабақ мақсаты: Білімділігі: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретін- дегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элемент ті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамы- ту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.Дамытушылығы: Сутекті жай элемент ретінде ғана емес, оны басқа қырынан да таныстыру; оттек пен сутек газдарын салыстыра отырып, химияны оқуға деген мотива- циясын жоғарылату; есте сақтау қабі- летін дамыту.Тәрбиелілігі: оқушының танымдық қызығушылығын арттыру; топтық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру
Сабақтың ерекшелігі:Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасайдыСыни тұрғыдан ойлау әдісі пайдаланылады Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артадыОқушылар топтық жұмыс жасауға дағдыланадыЖас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беріледіОқушылар ішінен көшбасшылық қасиет айқынадаладыДиалогтық оқу элементтері қолданылады
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру II. Сабақтың жүру кезеңдері.1- кезең: "Ой қозғау"2-кезең: "Жаңа сабақты меңгеру"3-кезең: "Жаңа сабақты бекіту"4-кезең: "Жаңа сабақты қорытындылау"III. Үй тапсырмасын беруIV. Оқушыларды бағалау
«Мені тап!»Мен судың арғы тегімін,Серігімін оттек атты серінің.Ежелден ең жеңіл газбын,Оттекке қарағанда азбын.1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,Ғаламшарда 92 пайызбын.Бармын газбен көмір,мұнайда, Өзім отын бола алам болашақта
Жалпы сипаттамасы. Алынуы және қолданылуыСутегі
ppt_yppt_yppt_y
«Сутегі» тақырыбы бойынша саяхаттау желісінің сызбанұсқасы12345 «ТАРИХ»бекеті«ВЕНН»бекеті«ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТ»бекеті«ТАБИҒАТ»бекеті«МЕНДЕЛЕЕВ»бекеті
«Тарих» бекеті1766 жылы ағылшын ғалымы Генри Кавендиш сутекті таза күйінде алды.Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.Жай зат сутектің формуласы Н₂
«МЕНДЕЛЕЕВ» бекеті2 нұсқадағы сұрақтарға жауап беріңдер1 нұсқаД.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде сутегінің орналасуы:Топ нөміріПериод нөміріАrЭлектрон саны 2 нұсқаСутектің атом құрылысы:Ядро зарядыПротондар саныНейтрондар саныЭлектрондар саныМеталл немесе неметалл
«Табиғат» бекеті Ғарышта сутегі таралуы бойынша 1 орында.Біздің Күн 50% сутегіден тұрады.Адам организмінде сутегінің мөлшері 60% тең.
Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған. Қай шарда сутек газы бар?
«ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТ» бекетіСутегі газ түсі, иісі және дәмі жоқ.Өте жеңіл газ (ол 14,4 есе ауадан жеңіл).Суда аз ериді (1 л суда 20°С небәрі 18 мл сутегі ериді). 252,8°С температурада және атмосфералық қысымда сұйық күйге айналады, сұйық күйдегі сутегі түссіз болып келеді. 183°С температурада сутегі қатады.
Венн диаграммасыОттегіСутегі𝑯𝟐𝑶
Сутегі туралы не білдік?ПЖ орналасуы және атом құрылысыАшылу тарихыТабиғатта таралуыФизикалық қасиетіҚолданылуыМолекула құрылысы және алнуы
ppt_xppt_y
Қорытындылау:1. Бүгінгі жаңа сабақта біз үшін не жаналық болды?2. Жаңа сабақты өту барысында не бізге қиындық туғызды? 3. Бүгінгі жаңа сабақ өту барысында не ұнады?
Үй тапсырмасы: §30 оқу, №8-9 есептерді шығару. Жұмыс дәптерінен жаттығулар орындау