Химия п?ні бойынша Сутек та?ырыбына презентация 8 сынып


Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы. Периодтық жүйедегі орны: Сутек. Химиялық таңбасы Н, ол «аш» деп оқылады. Жай зат түзетін сутек газы екі атомнан тұратын молекула Н2. 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш сутекті алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған «гидрогениум» деп ат берген. Латынша бұл «су тудырушы» дегенді білдіреді.   Зертханаларда сутегін және басқа да газдарды (С02, H2S, т.б.) қажеттілігіне қарай дүркін-дүркін алып түру үшін арнайы құрылғы қолданылады, ол«Кипп аппараты» деп аталады. Бұл екі бөлімнен тұратын калың кабырғалы шыныдан жасалған құрал:астыңғы бөлігі өзара байланысқан шар мен жарты шар пішінді етіп жасалған (1),ал үстіңгі бөлігі ұзын түтігі бар шар тәрізді үлкен құйғы (2).Астыңғы бөлігінің шар және жарты шары арасында қышқылға төзімдіматериалдан жасалған зат түйірлерін (Me, СаС03, FeS т. б.) үстап түратын сақинасы (3),ал астыңғы жарты шардың табанына тақау жерде шүмегі (4)бар.Астыңғы бөлігінің шар тәріздес бөлімінде тесігі бар, оған газ шығатын түтік қойылған, онда газдың ағынын реттеп тұратын шүмегі (5) бар. Жер бетінде су кең таралғандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру: 2Н2Оэлектр тогы2Н2↑+О2↑ Сутекті алу жолдары Сутекті алудың тағы бір жолы – метанның сумен әрекеттесуі. Бұл реакця өте жоғары температурада жүреді: СН4+2Н2О=СО2+4Н2↑−165 кДж  Сутекті металдарды қышқылмен әрекетестіріп алудың жалпы сызбанұсқасы: 𝑍𝑛+2𝐻𝐶𝑙=𝑍𝑛𝐶𝑙2+𝐻2↑ немесе 2𝐴𝑙+3𝐻2𝑆𝑂4=𝐴𝑙2(𝑆𝑂4)3+3𝐻2↑ белсенді металсутек газытұзқышқыл Сутекті металдарды сумен әрекеттестіріп алудың жалпы сызбанұсқасы: Са+2Н2О=Са(ОН)2+Н2↑немесе 2𝑁𝑎+2𝐻2𝑂=2𝑁𝑎𝑂𝐻+𝐻2↑ Өте белсенді металсу Металл гидорксидісутек газы Үй тапсырмасы: §30 оқу, 8-9 есептерді шығарып келу.