Презентация по информатике на тему MS Excel кестелік процессоры (8 класс)
MS Excel кестелік процессоры. MS Excel-де берілгендерді енгізу және редакциялау.
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқыртылған VisiCalk (көрсеткіш калькулятор) деп атады. Кестелік процессордың пайда болуы кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік туғызды. Осылай VisiCalc, SuperCalc, Multiplan сияқты кестелік процессорлары пайда болды, содан кейін Lotus 1-2-3 дестесі жасалды. Біздің елімізде Computer Associates, Ins фирмасының SuperCalc 3-4-5 кестелік процессоры кеңінен таралды. Содан кейін бірқатар орысша бейімделінген Абак, Дракон, Варитаб-86 дестелері жасалынды. Қазіргі компьютерлерде Microsoft Excel кестелік процессоры кеңтаралған.
Электрондық кесте (ЭК) – ұяшықтарында деректер жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.