Презентация по географии на тему Еуразияны? ішкі сулары


Сабақтың мақсаты: Үй тапсырмасы 1. Климаттың әркелкі болуының себептері:2. Еуразия материгінде ең көп жауын-шашын мол түсетін аймақ?3. Еуразия аумағын қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді? 4. Материктің солтүстік бөлігін және арктикалық аралдарын қамтиды. Бұл климаттық белдеудің басты ерекшелігі – жыл бойы суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болатындығында. Ауа температурасы үнемі төмен болып, қыс айларында – 400С, - 500С-қа жетеді. Бұл белдеуде жауын-шашын аз және қар күйінде түседі.5. Исландия аралынан бастап материктің солтүстігіндегі жіңішке аумақ арқылы өтеді. Бұл белдеуге қыста арктикалық ауа массалары, жазда қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Бастпақтар көп кездеседі.6. Ең үлкен аумақты алып жатқан климаттық белдеу. Оның аумағы үлкен болғандықтан екі түрлі ауа массалары қалыптасады. Олар . . .7. Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? 8. Бұл климат қоңыржай және тропиктік белдеулер аралығын алып жатыр. Жерорта теңізі маңында жаз аса ыстық құрғақтығымен ерекшеленсе, қысы батыс желдердің әсерінен жылы әрі жаңбырлы болып келеді.9. Еуразияның батыс бөлігінде ғана таралған. Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардан асып, ішкі аймақтарға өте алмайды. Сондықтан жыл бойы ауа температурасы жоғары болып, жазы аңызақ, аптапты ыстық болады. Жауын-шашын аз түседі.10. Еуразияның оңтүстігіндегі Үндістан, Үндіқытай түбектерін және сол аймақтағы аралдарды алып жатқан белдеу? Қысы құрғақ, ал жазы жауын-шашынды. Жаңа сабақ Өзен дегеніміз не? Көл дегеніміз не?  Атлант мұхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: дунай, Рейн, Висла және т.б. Тынық мұхиты алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Үнді мұхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.    Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария, Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ.     Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан және т.б. көлдер жатады. Бұл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Байкал- дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мұнда Жер шарындағы тұщы судың 20 %-ы жиналған. Байкалға 336 өзен құйып, жалғыз өзен – Ангара ағып шығады.   Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер қатарына ежелгі мұхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері – Каспий, Арал, Балқаш, және т.б. Бұл көлдердің суы көбінесе тұзды болып келеді. Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларды (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан.     Көп жылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдікке дейін ериді. Батпақтар  -жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80% - ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе Батыс Сібір жазығы мен Колхида ойпаттары менБалтық бойында көп. Жаңа сабақты бекіту. Географиялық диктант Жайық өзені ... тауларынан бастау алып, ... теңізіне құяды. Еуразия материгінің өзендері Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді және ... алаптарынан тұрады. Солтүстік Мұзды мұхит өзендері қыста ұзақ уақыт ... жатады. Атлант мұхит алабына Еуразияның ... бөлігіндегі өзендері жатады. Ішкі тұйық алаптың ірі өзендері ... , олар ... теңізіне құяды. Байкал ... материгіндегі ең ... көл. Үнді мұхит алабының өзендері ... суларымен қоректенеді. 2.Картамен жұмыс. 1.Картадан Обь өзенін корсет. Ертіс оның қай жақ саласы? 2.Жер шарындағы ең ұлкен көлді көрсет. Оған қандай өзендер құяды? 3.Еуразиядағы тау мұздықтары қай тауларда кездеседі? Картадан көрсет 4.Жайық өзенін картадан көрсет. Ол қай таудан бастау алады? 3.Дұрыс-бұрыс ойыны1.Сырдария мен Амудария өзені Атлант мұхиты алабына жатады. 2.Батпақтар жауын-шашын көп түсетін аудандарда кең таралған. 3.Еуразия су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін 2-ші орында тұр.4.Еділ мен Жайық өзендері Арал теңізіне құяды. 5.Байкал көлі жер шарындағы ең терең көл.6.Қазақстанда жерасты суларының мол қоры бар.7.Арал көлі тектоникалық көлге жатады.8.Дунай, Висла, Рейн өзендері Атлант мұхит алабына жатады 4.«Білім биржасы» ойыны.Әр топқа Жайық, Еділ, Обь, Дунай өзендерінің біріне төмендегі жоспар бойынша сипаттама беру тапсырылады.А)Қай алапқа жатады?Ә)Бастауын қайдан алады? Қайда құяды?Б)Өзеннің қоректенуі, режиміВ)Өзеннің экологиялық жағдайыӘр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Мұғалім-банкир, оқушы-акционер, оқушы жауаптары акциямен бағаланады. Толық жауап- жасыл акция, толық емес- сары акция, қате немесе жартылай толық жауап- қызыл акция. Үй тапсырмасы Еуразияның ішкі сулары тақырыбын оқып келу. Кескін картаға Еуразияның ірі өзен, көлдерінің аттарын түсіру.