Еуразияны? ішкі сулары Ашы? саба? (7класс)


Еуразиның ішкі сулары Мақсаты:1. Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру;Олардың ерекшеліктері мен маңыздылықтарына тоқталу.2. Дамытушылық: Оқулықпен картамен жұмыс істей отырып, Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап, кесте арқылы олардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру;3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру. ЖоспарыАтлант мұхиты өзені алабыТынық мұхиты өзені алабыҮнді мұхиты өзені алабыСолтүстік Мұзды Мұхит алабыІшкі тұйық алапҚазіргі заманғы мұз басуБатпақтар І. Ұйымдастыру кезеңі 1-топ «ақ көбелектер»2-топ «сары көбелектер»3-топ «көк көбелектер»1-топ «Алып кемелер» 2-топ «Ескекті кемелер» 3-топ «Жүзгіш кемелер»Топқа бөлу Үй тапсырмасы&19 Еуразияның ішкі сулары- Еуразияда қандай климаттық белдеулер кездеседі?- Бір белдеуден екінші белдеудің айырмашылығы қандай?- Материк көлемінің үлкендігі климатқа қалай әсер етеді?- Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?- Адам тіршілігіне және шаруашылық әрекетіне климат қалай әсер етеді?-Еуразияның аса ірі шөлдері қандай және олар қай белдеуде орналасқан?-Адамдардың тіршілік етуі қай теңіз жағалауынан басталған?-Климат дегеніміз не?-Тайфундар Еуразияның қай жерлеріне апат әкеледі? Жұмбақ Көтеріліп теңізден,Аспанға биік барамын.Биіктен қайта түскенде,Өңі кірер даланың.Аяғы жоқ, қолы жоқ,   Бiрақ тыныш тұрмайды.   Сақтамасаң – қорын тек,   Барша тiрлiк қурайды. ІІ. Жаңа сабақ Еуразияның ішкі сулары “Ассоциация” әдісіменІшкі сулардың түрлерін жазыңызІшкі сулар Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді. 1-аялдама Солтүстік Мұзды мұхит алабы Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит.Бұл алапқа Ресей жері арқылы ағып өтетін Енесей ,Обь,Ертіс,Ангара,Лена өзендері және Скандинавияның қысқа өзендері жатады. Қоректені көзі: қар және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Көктем айында су қатты тасиды. Ірі өзендерінде кеме қатынасы жақсы дамыған.Бастауы таудан басталатын өзендерде судың құлама күшін пайдаланып электр станциялары салынған. Мысалы Қазақстанды Ертіс өзенінде Бұқтырма СЭС салынған. Обь өзені ұзындығы3650 кмЕНЕСЕЙ 3487 кмЕртіс ұзындығы 4248 км 2-аялдамаАтлант мұхиты алабыАтлант мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Бұл алапқа Еуропалық бөліктердегі өзендер жатады.Ірілері-Дунай,Днепр,Рейн,Висла,Сена. Бұл өзендер таудан бастау алатындықтан, жоғары ағысында сарқырамалар мен шоңғалдар жасап ағады. Қоректену көзі-әртүрлі. Бұл алаптағы өзендерге халық жиі қоныстанған және өнеркәсіп орындары жақын шоғырланған. Сондықтан ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендері егістікке жарамды.Атлант мұхиты алабыІрі өзендері:ДунайДнепр 3-аялдама Тынық мұхиты алабыТынық мұхиты алабы өзендері биік таудан басталады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады. Ірі өзендеріне-Амур,Хуанхе,Янцзы,Меконг жатады. Солтүстік бөлігіндегі суларды қоспағанда барлығы жаңбыр суымен қоректенеді.Алаптың ең ірі өзені-Хуанхэ сары түсті, сазды лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан ,суы лайлы және сары түсті. Қытай тілінен «Хуанхэ» сары өзен деген мағына береді. Күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі көтеріліп, тасиды. Тасқындар нәтежиесінде бөгеттерді бұзып адамдардың өміріне қауіп тудыруда. Қазір Өзенде күшті су тасқындарына төтеп беретін,бетондалған бөгеттер салынуда.Амур өзені 2824 мМеконг 4500 км 4-аялдама Үнді мұхит алабы. Ірі өзендеріне- Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Ефрат жатады.Қоректену типі: мұздық пен жаңбыр суларымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде деңгейі шұғыл көтеріліеді.Тигр өзені1850 кмПарсы шығанағына құядыАрмян таулы қыратынан бастау алып Ефрат өзені — 2700 км  5-аялдама Ішкі тұйық алабы.Шығыс Еуропа жазығының , Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта азия мен Қазақстан жері , Иран таулы қыраты, Арабия түбегінің аймақтары жатады. Өзендері: Еділ,Жайық, Әмудария,Сырдария,Іле яғни Қазақстан территориясынан өтетін өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзені-Еділ. Каспий теңізіне құяды. Өзен бойында 7 ірі бөгендер салынған.Волга өзені 3530 кмБастауын Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-батысындағы Валдай қыратынан алады 6-аялдама Көлдер Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы мен аумағы, суының қасиеттері таралу заңдылығы әркелкі.Материктің солтүстік батысында көлдер жиі шоғырланған. Ең ірілері-Ресейдегі Ладога,Онега, Скандинавиядағы-Венерн, Веттерн көлдері.Жер қыртысындағы жарықтарда орналасқан көлдері-Байкал,Ыстықкөл,Зайсан, Женева жатады.Байкал дүние жүзіндегі суы аса мөлдір,ең терең көл, 1620 м,мұнда жер шарындағы тұщы судың 20 пайызы тиеслі. Байкалға 336 өзен құйып,жалғыз Ангара ағып шығады. Қалдық көлдерге-Касспий, Арал,Балқаш,Лобнор, т.б. Байкал көліШығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи су тоғаны болып табыладыҰзындығы 636 км,ені 48 км 7-аялдама Батпақтар және мұздықтарЕуразияда жер шарындағы батпақтардың 80 пайызы орналасқан. Әсіресе Батыс Сібір жазығы менАмур бойы, Колхида, Балтық бойында көп.Қазіргі заманғы мұз басу. Еуразида мұздықтар солтүстіктегі аралдарда Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф,Жаңа жер аралында шоғырланған. Ең ірі мұздық-Памир тауында Федченко мұздығы ұз-77м. Сергіту сәтіСЕРГІУ СӘТІ ІІІ. Топтық тапсырмалар “Сен маған, мен саған” әдісі 3 топ бір-біріне тақырып мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, жауап береді “Сен маған, мен саған” әдісі 3 топ бір-біріне тақырып мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, жауап береді «Серпілген сауалдар» әдісі оқушылар тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтау үшін жүргізіледі Сұрақтар1.Хуанхэ өзені қай алапқа жатады? 2. Шығыс Еуропа жазығы мен Орал, Кавказдың едәуір бөлігін алып жатқан алап? 3. Байкалдың ең терең жері неше метр? 4. Ежелгі мұхиттардың орнында қалып қойған көлдер не деп аталады?5. Судың деңгейінің көтеріліп отыруы неге байланысты? ІV. Шығармашылық тапсырмалар1-топ.............2-топ............3-топ ........... V. Қорытынды Қорытындылай келе, Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының алаптарына тоқталдық. Сонымен қатар жер шарындағы үлкен өзендер жайлы айтып оларға сипаттама бердік .Ендеше оқушылар ия немесе жоқ деген жауаптармен келісе отырып бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.«Ия » «Жоқ » әдісі- Еуразия су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін 2-орын алады ма?-Еуразияның ішкі сулары 5 алапқа бөлінедіме?-Дүние жүзіндегі ең лайлы көл Байкал ма?-Еділ ,Жайық, Сырдария өзендері Еуропалық бөлікте ме?- Батпақтардың 80 пайызы Ресей территориясындама? V І. Бағалау VІІ. Үйге тапсырма&20 Еуразияның ішкі суларыКескін картаға өзен,көлдерді түсіру Географиялық диктант.а) Су қоры жөнінен Еуразия........ орында тұр.ә) Материктің 1/3 бөлігін ішкі..... құрайды.б) Тынық мұхит алабына..... өзені кіреді.в) Үнді мұхит алабына...... өзені жатады.г) Атлант мұхиты алабына....... өзені жатады.ғ) Солтүстік Мұзды мұхит алабына....... өзенін жатқызамыз.д) Ішкі тұйық алапқа мына өзендер......... жатады.Керекті сөздер: тұйық алап, Ганг, Енисей, Сырдария, Амур, екінші, Амудария, Дунай. «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздегі әріптің орны ауыстырса, Еуразия материгіндегі өзен аттары шығады.*Зяцны - ---------- * Алвис - ------- *Айунд -*Мура - ----------- * Нүді - --------- * Гнга -